Биология ғылымдарының докторы Михайлова Пилептина Павловна – академик Павловтың өте жақын шәкіртінің бірі. В.П Михайлова 1912 ж Кострома қаласында туылған. 1931 ж ол Мәскеу университетінің биология факультетіне түседі. ММУ-ды 1935 жылы бітіріп, Қазақстанға келеді. Павловтың қарамағына жұмысқа келеді. Ботаника институтында өсімдіктер ресурстары лабараториясы ұйымдастырылып, оның жұмысын алға бастырған – осы Михайлованың еңбегі. В.П Михайлова 20 жыл шамасында сол лабараторияның қызметкері болады.
В.П. Михайлова Қазақстанның әртүрлі регионында ботаникалық экспедицияның жұмыстарына белсенді қатысады. Ұлы отан соғысы кезінде Михайлова илік зат өсімдіктерді зерттеу үшін Іле Алатауына, Кетментауға, Қаратауға және балқаш өңіріне экспедицияға өздігінен шығып зеттеу жұмыстарын жүргізді. Экспедициялы жоспарлы зерттеу жұмыстарымен шектелмей, Михайлова өзінің қарамағындағы қызметкермен басқа да пайдалы өсімдіктерді зерттеп, олардың биологиялық ерекшеліктерін екпе жағдайда да зерттеумен айналыстыю 1944 ж В.П. Михайлова “Промышленные дубильные растения Заилийского Алатау“ деген тақырыпта кандидаттық десертация қорғады. 1950 жылдан бастап В.П. Михайлова Ботаника институтының директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды. Ал1956ж. Михайлова Институтының құрамында өсімдіктер ресурстары бөлімін ашып, өзі сол бөлімнің меңгерушісі болып 1976 ж дейін жұмыс жасады. “Өсімдік ресурстары “бөлімінің қызметкерлері Михайлованың жетекшілігімен ілгері ғылыми зерттеу жүмыстарын жүргізді. Мысалы, жабайы өсетін илік заттарды, дәрілік және техникалық өсімдіктерді жан-жақты зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жүргізілген жұмыстар нәтижесінде алынған мәліметтер әртүрлі техникалық жинақтарда және монографияларда жарияланды.
В.П Михайлова Қазақстанда мияны жан-жақты зерттеудің бастаушысы болды. Михайлова өзінің ғылыми жұмыстарын басқа академиялық және салалы ғылыми институттарының және басқа жоғары оқу орындарының лабараториялық жұмыстарымен байланысты жүргізді.
Мысалы, танинді өсімдіктерді зерттеуді ҚазМУ-дың проф. Т:К. Чумбалов басқаратын химия кафедрасымен және ботаника институтының биохимия лабараториясымен тығыз байланысты жүргізді. Барлық шикізаттық өсімдіктерді зерттеу сол шикізатты тұтынушы мекемелермен тығыз байланысты жүргізді. Мысалы, “Союзлокрица”, “Союзлекарспром” , жеңіл өнеркәсіп министірлігімен және т.б. В.П. Михайлова бөлімнің жүргізетін ылыми зерттеу жұмыстарын КСРО-дағы ғылыми зерттеу орталықтарымен үйлестіріп жүргізуге тырысты. Мысалы, КСРО Ғылым академиясы Ботаника институтының жетекші ғалымдармен және Өзбекстан Ғылым академиясының ботаника институтының ғалымдарымен үйлестіріп жасады. В.П. Михайлованың өзінің ғылыми және әкімшілік жұмыстарын мамандар дайындумен бірлестіре жүргізді. 1976ж. Михайлованың ұсынысымен өсімдіктер ресурстары бөлімінің меңгерушісі болвп М.Қ. Кукенов сайланды. Кукенов Михайлованың көптеген шәкірттерінің бірі еді. М.Қ. Кукенов 1940 ж туылған. Ресурстанушылардың ішіндегі Қазақстан ғылым академиясының коррепондент- мүшесі болып сайланған ғалым - М.Қ.Кукенов Мәдениет Қаратайұлы Қазақстандағы “ботникалық ресурстану“ ғылымының негізін қалаушылырдың бірі болды, ол ғылымның ғылыми негізін жасап, пайдалы өсімдіктерді тиімді пайдаланып қорғауғу үлкен үлес қосқан. Кукенов жетекшілігімен және тікелей қатысуымен бірнеше іргелі ғылыми жұмыстар орындалып, өндіріске енгізілді. М.Қ. Кукенов шикізаттық өсімдіктерді зерттеуді ғылыми теориялық негізін, шаруашылықтағы игерудің негізін және Республика теориясында ресурстық жұмыстарды жүргізудің көпжылдық бағдарламасын жасады.
М:Қ. Кукенов 180- нен астам ғылыми еңбек жазды, оның ішінде 1) “Фланафоид содержащие растения Юго - Востока Казахстана” (1984). 2)”Ресурсы лекарственных растений Казахстанского Тянь- Шяна”(1989) деген монографиялары және “Ботанические ресурсоведение Казахстана“(1999) деген оқулығы бар.
Қазақстанда әртүрлі табиғи аймақтар және белдеулер бар және олардың флорасы және өсімдік ресурстары өте бай екендігін ерекше айтуға болады.
Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейн халық шаруашылығының шикізаттық бағытта дамуы Қазақстан биосферасына өзінің үлкен зиянын тигізді. Көмір, қара және түсті металл, фосфорит және т.б. нәрселерді өндірудің қарқынды дамуы Қазақстанның көптген облыс орталықтарында экологиялық ортаны бұзды. Оларға қосымша тың және тыңайған жерлерді жалпы қайта жырту топырақ қабаттарын бұзылуын апатты жағдайға алыпкелді. Қазір Қазақстанда бұрынғы кезде кең тараған бетегелі жусанды табу өте қиын.
Қазақстандағы ядролық сынақ полигондардың көп жылдар бойы қызмет жасауы Қазақстанның көптеген территориясына, әсіресе Орталық- Қазақстанның, Шығыс Қазақстанның экологиялық жағдайына үкен зиянын тигізді.
Жоғарыда аталған технопогендік экологиялық факторлардың зардабы әлі көп жылдар бойы халықтың денсаулығына кері әсер етеді.
Бұл айтылғандарға арал, Балқаш және Каспий мәселелерін қосатын болсақ, онда Қазақстанда әртүрлі сынақтар өткізілгенін, табиғатты пайдаланудың ең сорақы, қиратқыш әдістердің қолданылғанын көреміз.
Солардың салдарынан Қазақстанның қөптеген региондары, теориялары экологиялық апатты аймақтарға жатқызылғаны және тез қалпына келуді қажет ететіндігі – бүгінгі заман талабы.
Бұл процесстің бір көрінісі – ол Қазақстан қызыл кітабына енген өсімдіктер және жануарлар түрлерінің жылдан- жылға өсуі.
Мысалы, 1980 ж шыққан Қазақстан қызыл кітабына 190 шамасында өсімдік түрлері кірген болса, 2009 ж шығатын Қызыл кітапқа 400 ден астам өсімдктер түрлері кірген. Бұл, әрине тірі табиғат үшін апатты жағдай. Ғалымдардың мәліметтерінде Қазақстан тереторисында 60% антропогендік деградацияға ұшырап және шөлге айналып бара жатқандығы айтлады.
Қазақстан республикасы үшін қазіргі кезде ең өзекті мәселе ол- өсімдіктер әлемі, олардың ресурстық потенциялын қалпына келтіру және алуантүрлілігін сақтап қалу.
Пайдалы өсімдіктерді тиімді пайдаланып, қорғап сақтаудың негізгі жолдары бар:
1) Өндірістік популяциялары бар жоғары өнімді учаскілер есепке алынуы және тұрақты бақылауда болуы керек.
2) Шикізатық өсімдіктерді мәдиелендіру. Бірақта пайдалы өсімдіктерді мәдиелендіру өте ұзақ және шығыны көп, яғни экономикалық жағынан тиімсіз. Өйткені оларға суарылатын құнарлы топырақты жер керек.
Ал біздің рспубликамызда мұндай жерлер өте аз. Мұндай жерлердің көп бөлігіне ауылшаруашылық дақылдары, бау- бақшалар егілген. Сондықтан адамдарға өте қажетті тағамдық өсімдіктердің орнына әлі тиімділігі толық дәлелденбеген дәрілік өсімдіктерді егуге халықтың, мемлекеттің рұхсат бере қоюы өте қиын.
Сондықтан пйдалы өсімдіктерді сақтап қорғаудың логикаға сиятын, халық қолдайтын тәсілі- ол сол табиғатта бар пайдалы өсімдіктердің қорын өте ұқыппен пайдалана білу.
Республикамызда бірнеше химиялық өндіріс орындары бар болғанымен, елімізде медициналық және фармацевтикалық өндірістер мықты ғылым потенциалын әлі құра алған жоқ.
Соңғы жылдар бұл бағытқа алғаш қадамдар жасалынды. Мычалы, Қарағанды қаласында фитохимия ғылыми- зерттеу институты аылды, алғашқы отандық препараттар шығарыла бастады.
Проф. М.Қ. Кукеновтің (1999) ойынша, Қазақстанның ботаник-ресустанушыларының алдында болашақта мынандай міндеттер бар.
1.Қазақстан және жеке регион флорасындағы пайдалы өсімдіктердің биологиялық алуантрлілігін зерттеуді жалғастыра беру.
2.Әрбір жеке шикізаттық өсімдіктердің ресурстық сипаттамасын жасау, оның ішінде міндетті түрде болу керек. 1.экологиялық- фитоценотикалық 2. Фитохимиялық ерекшеліетнрі 3. Ресурстық көрсеткіштері 4. Экономикалық бағасы 5. Пайдаланудың тиімділігі және т.б.
1.Жоғарыда келтірілген көрсеткіштердің бәріне талдау жасаудың негізінде республикамыздағы бар өсімдіктер ресурстарын тиімді пайдаланудың жүйесін жасау.
2.Республикада бар шикізаттар негізінде ұзақ жылдарға арналған бағдарлама жасау. Ол бағдарламада республиканың әр регионы үшін қандай саланы және өндірісті қамту қажег екендігін көрсету.
3.Бірыңгай ғылыми-өндірістік орталық құру. Ол орталық өсімдіктер шикізатын жинаудан бастап, соңғы өнім алғанша жүргізілетін жұмыстардың барлығын үйлестіру керек.
4 Шикізатты жинау, кептіру және сапасына қойылатын талаптар туралы жасалған барлық инструкциялардың қатал орындалуын тұрақты бақылауда ұстау керек.
5.Жергілікті халық пайдаланатын жеке өсімдіктердің пайдалы қасиеттері туралы мәліметтер жинау (этноботаникалық зерттеулер) және бұрын зерттелген өсімдіктерді сын көзбен қарап тексеру.
6.Шаруашылық үшін бағалы қасиеттері және белгілері бар перспективті өсімдіктерді тереңірек зерттеу.
7.Шикізат ресурстары таусылған (немесе ескірген) өсімдіктерді толық айырбастай алатын жаңа шикізат көздерін іздеу.
8.Ресурс сақтаитын зерттеу тәсілдерін, жинау технологиясын, шикізатты толық пайдалануды қамтамасыз ететін тәсілдерді жасау.
9.Табиғатта тапшы және сирек кездесетін пайдалы өсімдіктерді терең жерсіндіру жұмыстарын күшейту.
Достарыңызбен бөлісу: |