Дәріс-1: Пәнге кіріспе. Биологиялық ресурстар


Қазақстандағы әртүрлі пайдалы өсімдіктерді зерттеу және игеру тарихы



бет11/77
Дата08.09.2023
өлшемі343.62 Kb.
#476884
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   77
5.Лекциялық кешен

Қазақстандағы әртүрлі пайдалы өсімдіктерді зерттеу және игеру тарихы
Қазақстандағы ресурстану саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстарының алғашқы бағыттары П.С.Массагетов және А.П.Марков еңбектері
Академик Н.И.Павловтың өзінің құндылығын осы уақытқа дейін жоғалтпаған негізгі еңбектері
Қазақстанда алғашқы анықталған құрамында 15%-дан жоғары таниндері бар өсімдік түрлері және олардың ерекшеліктері
Қазақстандағы шикізаттық өсімдіктерді зерттеудің кезеңдері (профессор М.Қ.Кукенов)
Қазақстанда табиғи климаттық жағдай әртүрлі шығыстан батысқа дейін, яғни Алтайдан Каспийге дейін және Оңтүстік Қазақстанда (Шымкент) Солтүстік Қазақстанда (Петропавловск) дейінгі аралықтарды көз алдарыңа елестетсеңдер, Қазақстанның табиғаты, топырағы, климаты әртүрлі екендігін түсіну қиын емес.Топырағы және климат жағдайы әртүрлі Қазақстан пайдалы өнімдерге өте бай.Оларды зерттеу және игеру тарихы ертеден бпсталды. Әрине, көптеген пайдалы өсімдіктер топтарының өзектілігі қазір бұрынғыдай емес. Өйткені олардың орнына синтетикалық жолмен алынған заттар пайдаланылады.Мысалы, гуттаперчалы, көксағызды өсімдіктер бұрынғы бағасын жоғалтты. Ал дәрілік, хош иісті, тағамдық және кейбір басқа да өсімдік топтары өздерінің бағасын жоғалтқан жоқ. Керісінше олардың, әсіресе дәрілік өсімдіктердің бағасы, өзектілігі күннен күнге арта түсуде. Академик Н.В.Павловтың ұсынған пайдалы өсімдіктердің 22 тобының жартысы өздерінің маңызын жоғалтты деп айтуға болады. Сондықтан бұрын пайдаланылып жүрген кейбір өсімдіктер экономикалық жағынан тиімсіз болғандығына байланысты қазір пайдаланылмайды.
Халық шаруашылығы талабына сәйкес Қазақстан ресурстанушылары барлық уақытта республикадағы алуан түрлі өсімдіктерді зерттеу және тиімді пайдалану бағытында өзекті мүшелерді дер кезінде шешуге тиісті еңбек етуде.
Шикізаттық өсімдіктердің бір топтары жеткілікті зерттелген, екіншілнрін зерттеу жалғасуда және солармен бірге үшінші бір топтарын шаруашылықта игеру мәселелерән шешу мақсаттары туындауда.
Өте жиі жақсы зерттелген пайдалы қасиеттері белгілі өсімдіктердің басқа пайдалы қасиеттері ашылуда. Мысалы, құрамында глициризин қышқылы бар мия туысы (Glycyzzhiza) өсімдіктерінің медицинада пайдалануға болатын жаңа мүмкіншіліктері ашылуда. Соңғы жылдардағы шетелдік ғалымдардың мәліметтері бойынша миядан алынған кейбір препараттарды СПИД-ке қарсы пайдалануға болады екен. Демек, Қазақстанның өсімдіктер әлемінің әлі ашылмаған потенциялдық мүмкіншіліктері өте мол,оларды зерттеп ашу келешектің мәселесі.1921 жылы Массагетов Алтайдан Жетісу арқылы Өзбекстанға дейін дәрілік және улық қасиеттері бар өсімдіктерді іздестірді.
Массагетов 1926 жылы дермене жусанының және бұйырғының популияцияларын зерттеді. Массагетовтың көпжылғы экспедицияларын нәтижесінде құрамына анабазин, эфедрин, поликардин, элатин және т.б. пайдалы заттар бар шикізаттар өндіріске енгізілді. Ол нәтижелі бірнеше еңбектержазып қалдырды. Мысалы, 1947 жылы ”Поиски алкалойдоносных растении”,1975 жылы ”Заветные травы”.
Қазақстандағы ерте кезеңдегі жүргізген жұмыстардың тағы бір бағыты ол илік өсімдіктерді жан жақты зерттеу.Марковтың зерттеген илік өсімдіктерінің ішіндкгі ең маңыздысы Алтайда өсетін бадан,тасжарғандар тұқымдасынан.Құрамындаилік заттар бар өсімдіктер туралы алғашқы ғылыми еңбек жазғаңдар:
1.Марков В.П.(1923) Иследования дубильных растении центрального Алтая. -Т. 43. Вып 1. Изв. Томского технологического инстутута. -С.40-56.
2.Каримов А.С.Дубильное растения Казахстана. Алма Ата,1932. 47с.
Кейінірек 1950-1970 жылдары илік затты өсімдіктерді зерттеу ботаникалық ресурстану саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстарының бағыттарының бірі болды.
1930 жылдары Отанымызда көксағызда өсімдіктер өте қажет болды.Соған байланысты 1930 жылы С.С.Зарецкий күрделі гүлділер тұқымдасынан жергілікті жердің тұрғыны Дайрбеков Тұрғанның көмегімен тау сағыз өсімдігін Оңтүстік Қазақстан облысынан тауып тұсынды.
1930 жылдары талшықты өсімдік ретінде Кендір туысы өсімдіктері кеңінен зерттеле басстады. Соңғы жылдары бұл туыстың өсімдіктерінен жүрек гликозидтері алынатын болды.
Кендір өсімдіктері туралы жазылып, жарық көрген Ф.Н.Русановтың және Е.Тюрктің, Ф.Н. Русановтың мақалаларын атауға болды.
1938 жылы В.С.Корпилова Шығыс Қазақстанның дәрілік өсімдікткрін зерттеуді бастады.
Жалпы ,КСРО Ғылым академиясының Қазақстанның филиалының Ботаника секторына Н.В.Павловтың бастамасы бойынша 1932 жылы Республиканың пайдалы өсімдіктерін жоспарлы зерттеу жұмыстары басталды. Сол жұмыстардың нәтижесінде Н.в.Павлов 1942 ж. ”Дикие полезные и технические растения СССР” деген 640 беттік кітапты Мәскеуден шығарды, ал одан кейін 1947 жылы ”Растительные ресурсы Южного Казахстана” деген кітабын,сол жылы ”Растительные сырье Казахстана” деген 550 беттік монографиясын Мәскеуде,Ленинградта бастырып шығарды. Н.П.Павловтың жазған бұл монографияларында өте бағалы өзінің құндылығын осы уақытқа дейін жоғалтпаған мәліметтер келтірілген.
Н.В.Павлов ”Растительные сырье Казахстана” деген 1947 жылы шыққан монографиясы үшін мемлекеттік сыйлық алды.
Академик Н.П.Павловтың қалдырған үлкен ғылыми мұрасы Қазақстанда Ботаникалық ресурстану ғылымының ары қарай қарқынды дамуына себеп болды.Соның нәтижесінде 1956 жылы Қазақ Ғылым академиясының Ботаника инстутының құрамында арнайы бөлім ашылып, оның ұйымдастырушысы және 20 жылдай басшысы Н.В.Павловтың шәкірттерінің бірі проф. Михайлова болды.Осы жылдары илік затты өсімдіктерді кеңіне зерттейтін құрамында 15%-дан жоғары таниндері бар өнімдердің 95 түрі анықталды,олардың негізгілері таран, рауғаш,қымыздық, туыстарының өкілдері.
Таниндердің биологиялық ерекшеліктерін сандық және сапалық құрамын табиғи популияцияларының болуын есептеп,ең бағалы иліктер таран,Бұқара тараны,Тянь Шань қымыздығы,татар рауғашы.
Алғашқы 3 түрдің өндірістік өсілуі мүмкін екендігі дәлелденді.Өйткені олардың жер асты мүшелерінің түсімділігі артып,олардың құрамындағы илік заттардың мөлшері жоғары болды.
Polygonaceae тұқымдасы өкілдерінің тамырларында болатын илік заттардың химиялық құрамы кеңінен зерттелді.Тамырлық илік заттармен қатар Қазақстан флорасында жапырақтарында илік заттары бар өсімдік түрлері бар.Мысалы,дөңшіл қазтамақ.Құрамында танинді заттары бар өсімдіктері көпжылдық зерттеу нәтижелері В.П.Михайлованың және А.С.Алюкинаның монографияларында жарияланды.
Кәдімгі қамыс бағалы шикізаттық өсімдіктер қатарына жатады. Оның жер бетіндегі мүшелерінің малазықтық қасиеті бар, құрылыс материалы ретінде пайдаланылады және қағаз шығару үшін целлюзола алу үшін де қолданылады. Оның осындай пайдалы өсімдік екендігіне байланысты оны зерттеу жұмыстары Сырдария, Шу өзендері аңғарларында және Алакөл, Сасықкөл көлдерінің жағалауларыңда жүргізіледі. Әсіресе егжей тегжейлі кәдімгі қамыс Сырдария өзенінің аңғарларында зерттелді. Осы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде шаруашылық мекемелерінде кәдімгі қамыстың популяциясын сақтау және тиімді пайдалану туралы ұсыныстар берілді.
1960 жылдан бастап дәрілік өсімдіктерді жүйелі зерттеу басталды.Алғашқы зрттеген дәрілік өсімдіктер қатарына,мысалы,қырықбуын қылшаны,тегеурінгүлді,кәдімгі адыраспанды және қоянжапырақты жатқызуға болады.
1966-1972 жылдары Алматы облысының таулы және шөлді дала аудандары флорасындағы дәрілік өсімдіктерді биологиялық белсенді заттардың бар жоқтығын зерттеудің нәтижесінде болашағы бар алкалойдты,фланоидты,кумаринді өсімдіктер табылды,ол мәліметтер 1972 жылы. ”Лекарственные растениян” деген кітапта дарияланды
1958 жылдан бастап мия туысының дәрілік және техникалық түрлері жоспарлы түрде терең зерттеле бастады.Мия тамырында сұраныс артуына байланысты Республика территориясындағы мия тамырларының қоры ашылды.Мия популияцияларының жалпы ауданы сол зерттелген кезеңде 52 мың гектар,ал қараған тамырының өндірістік қоры 140 мың тонна екендігі анықталды.
1980 жылдардағы қайта зерттеу жұмыстары мия популяцияларының ауданы екі есе азайып кеткендігін көрсетті.Соған байланысты мияның қажетті түрлерін мәдиенлердіру жұмыстары жүргізіле бастады.Бұл жұмыстардың нәтижелері талданып,қортындылып жарияланды:
1.Кузьмин Э.В. Биоэкологическое возобновление и культура в долине р. Урал/Автореферат дисс.канд.биол.наук. Алма Ата ,1979. 24с.
2.Худайбергенов Э.П. Солодки Казахстана. Алма Ата 1979. 127с.
3.Солодки в Казахстане и ее использование. Алма Ата,1986 ж. Және т.б. мақалаларда.
1991 жылы Қазақстан Ғылым академиясының Ботаника инстутының ”Өсімдіктер ресурстану” лабораториясы қызметкерлері мияға байланысты ІY Бүкілодақтың симпозиум өткізді.Ол симпозиумда Мәскеуден, Ленинградтан, Ташкенттен, Ашхабаттан, Бакуден,Уфадан және бұрынғы КСРО-ның басқа да қалаларынан 70тен астам ғалымдар бачндама жасады.
1972 жылы Қазақстанда техникалық өсімдік шииді кешенді зерттеу жұмыстары аяқталды. Алматы, Шығыс Қазақстан, Талдықорған және Семей облыстары территориясында шии популяцияларының аудардары, шикізаттық қоры, түсімділігі анықталған.
Одан кейінгі жылдары ресурстық жұмыстардың бағыттығы өзгерді. Жеке ботаникалық географиялық региондар мен жобалардан ресурстық инвентаризациялық зерттеулер басым бола бастады. Бұл жұмыстардың барысында пайдалы өсімдіктердің түгел топтары,ең алдымен дәрілік,тағамдық,хош иісті және т.б. өсімдіктерге ерекше көңіл бөлініп,зерттеле бастады. Мысалы, дәрілік өсімдіктердің алуантүрлілігінде ,ресми қабылдаңғандарға көңіл аударылып, белгіленіп отырды. Сол ресми қабылдаған дәрілік өсімдіктерге туыс өсімдік түрлеріне анализ жасалып, олардың биологиялық белсенді заттарының құрамы анықтала бастады. Мұндай жұмыстың мақсаты жаңа дәрілік өсімдіктер түрлерін табу.
Соңғы жылдары зерттелген региондардың ресурстық потенциалы жан жақты бағаланады. Мысалы, М.Қ.Кукенов (1999) бойынша соңғы жылдары жүргізілген жұмыстары атауға болады: 1) Батыс Тарбағатай, Қазақстанның бүкіл таулы шығысын, Жоңғар Алатауы, Кетпен. Басқа ғылыми жұмыстарда жеке кейбір дәрілік және техникалық өсімдіктерді инстродукциялау жұмыстары белсенді жүргізілді. Олармен бірге өсімдіктер әлемінде ісікке, СПИДке және жүрек қан тамырлары ауруларына шипалық әсері бар препараттар алу жолдарында жұмыстар жасалуда.
Сонымен,ботаник ресурстанушылар пайдалы өсімдіктерді жан жақты зерттеп,оларды тиімді пайдалану жолында өзекті мәселелерімен айналысуда.
Жалпы, Қазақстандағы шикізаттық өсімдіктерді зерттеуді проф. М.Қ.Кукенов мәліметтері бойынша 5 кезеңге бөлуге болады:
1-кезең (1920-1950 жылдары).
2-кезең (1950-1970 жылдары).
3-кезең (1960-1980 жылдары).
Оңтүстік Шығыс Қазақстанның таулық экожүйелерінің дәрілік өсімдіктерін жүйелі зерттеудің басталуы.Перспективалы өсімдіктерді инстродукциялау.
4-кезең (1980-1990 жылдары).
Жеке ботаника географиялық региондарды ресурстық инвентаризациялық зерттеулер. Дәрілік, хош иісті,тағамдық ресми қабылданған өсімдіктерді фитохимиялық зерттеулер.
5-кезең (1990-2000 жылдары).
Қордағы дәрілік өсімдіктердің әр алуандылығын,әртүрлігін тікелей зерттеп,кейбір ерекше шипаларын тереңірек ойлау.
Практика жүзінде өте бағалы түрлерді егіп,онтоморфологиялық тұрғыдан сипаттап,технологиясын жасау,структуралық пластикалық белгілерін анықтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет