Балауыз (Воск) – май қышқылдарының және бір атомды жоғарғы молекулалық спирттердің күрделі эфирлері.
Гликозидтер – күрделі заттар, олардың өсімдіктердегі алуан түрлілігі англикондар және көмірсулар фрагменттерінің табиғатымен С-О-С, С-С және С-S байланыстарымен анықталады.
Өсімдіктердің фармакологиялық белсенді заттарына, негізінен екінші синтез заттары (алкалоидтар, сапониндер, жүрек гликозидтері, флавоноидтар және т.б.) сонымен қатар кейбір бірінші синтез заттарын да (витаминдер, липидтер, көмірсулар) жатқызуға болады.
Өсімдіктердегі барлық заттарды әрекеттегі бірлесіп еріп жүретін және балластық деп бөледі.
Дәрілік өсімдіктердің пайдаланылатын мүшелерінде немесе жеке бөлшектерінде фармакологиялық белсенді заттардың көптеген түрлері, яғни комплексі болады. Солардың арасында бір немесе бірнеше өсімдіктің медициналық қажеттігін анықтайтын негізгі фармкологиялық белсенді заттарын ажырату қажет. Осындай негізгі фармакологиялық белсенді заттарды әрекеттегі (действующие) заттар деп атайды.
Осындай әрекеттегі заттардан басқа заттардың барлығын «бірлесіп еріп жүретін» (сопутствующие) заттар деп атайды. Мұндай бірлесіп еріп жүретін заттардың ролі және маңызы әрқалай болуы мүмкін. Ол заттардың кейбіреулері организмге пайдалы болуы мүмкін. Мысалы, витаминдер, органикалық қышқылдар, минералды заттар, қанттар және т.б. Кейбір бірлесіп еріп жүретін заттар әрекеттегі заттардың фармакологиялық әсеріне, сапасына тиімді әсер етуі мүмкін. Мысалы, сапониндер наперстянка өсімдігі жапырағының құрамында кездесетін жүрек гликозидтерінің тезірек еріп сіңірілуіне және олардың әсерін тездеуге қолайлы жағдай жасайды. Ал еритін немесе ісінетін полисахаридтер, илік (дубильные) заттар, керісінше, әрекеттегі заттардың шипалық тиімді әсерінің мерзімін ұзартуына алып келуі мүмкін.
Пайдалы әрекеттегі заттармен қатар кейбір дәрілік өсімдіктерде зиянды заттар да болуы мүмкін. Мысалы, жаңа жинаған итшомырт (Крушина-Frangula) қабығында – антропол, кенедән (Клещевина- Ricunus) құрамында – токсильбумин және т.б. кездеседі.
Сондықтан, пайдалы және зиянды бірлесіп еріп жүретін заттарды ажырата білу керек.
Кейбір өсімдіктер құрамында негізгі әрекеттегі заттардың сапасына әсер етпейтін фармакологиялық бейтарап заттар да кездеседі. Ондай заттарды балластар деп атайды. Бірақ та «балластық заттар» деген ат тек шартты түрде ғана. Өйткені қазіргі заманда әрбір өсімдікті экономикалық тұрғыдан 100% тиімді пайдалану керек. Яғни өсімдік шикізатының барлық пайдалы заттарын пайдалана білу керек. Мысалы, кейбір дәрілік өсімдіктің ББЗ алып медицинада қолданумен шектелмей, ол өсімдік құрамындағы ағаштанып кеткен клетчатканы қағаз, кардон алуға пайдалану қажет.
Дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамы алуан түрлі. Олардың құрамында көптеген биологиялық (фармакологиялық) белсенді, индиферентті (бейтарап) және балласты заттар бар.
Шындығына келгенде, табиғатта адам организмі үшін абсолютті бейтарап өсімдік жоқ. Мәселе олардың әсер ету күйінде, сипатында, мөлшерінде. Соған байланысты кейбір белгілі өсімдіктер дәрілік өсімдіктерге қатарына жатқызылады. Бірақ та көптеген дәрілік өсімдіктерге жатпайтын, дегенмен тамақ ретінде, халықтық медицинада қолданылатын өсімдіктер де жеткілікті. ТМД елдерінде, соның ішінде, әсіресе Россияда бұрыннан белгілі 2000 дәрілік өсімдіктер түрлерінен 500 дәрілік өсімдікке ғана осы уақытқа дейін толық фитохимиялық талдау жасалды. Қалған дәрілік өсімдіктер туралы тек жалпылама, яғни оларда қандай әсер ететін заттар бар екендігі туралы ғана мәліметтер бар. Демек, олардан ББЗ бөліп алынғанымен, олардың химиялық структурасына толық талдаулар жасалынбаған.
Дәрілік өсімдіктердің биологиялық белсенділігінің спектрі оларда әртүрлі химиялық кластарға, топтарға жататын эфир майларының, флавоноидтардың, полифенолдардың, полисахаридтердің және т.б.
Дәрілік өсімдіктердегі әртүрлі заттардың саны оннан бірнеше жүзге дейін болуы мүмкін. Өсімдіктің фармакологиялық әрекеттілігі сол нақты өсімдіктің нақты химиялық құрамында тікелей байланысты.
Сонымен заттар дәрілік өсімдіктің шипалық қасиеті жоғарыда келтірілген заттардан, басқа кейбір әлі толық анықталмаған фармакологиялық әсері бар заттардың болуына (антрогликозидтер, алкалоидтар, стероиды қосылыстар және т.б.) байланысты. Мұндай заттар тек кейбір дәрілік өсімдіктер түрлерінің құрамында ғана кездеседі, ол заттар бұл өсімдік түрлеріне өте тар белгілі биологиялық белсенділік береді (мысалы, кардиотоникалық, нейротроптық, адаптогендік және т.б.). Мұндай заттардың белсенділік дәрежесі мен сипатына байланысты кейбір дәрілік өсімдіктерді улы өсімдіктер қатарына жатқызады.
Дәрілік өсімдіктердің ББЗ топтастыруға болады. Яғни, әртүрлі химиялық кластарға жатқызуға болады: терпеноидтар, фенолды қосылыстар, алкалоидтар, липидтер, моно және полисахаридтер және т.б. Бұлайша бөлу ғылыми тұрғыдан әрине дұрыс, бірақ та практикаға берері шамалы. Сондықтан әрбір кластар химиялық топтарға және топтар тармақтарға бөлінеді.
Өсімдік - химиялық құрамы жағынан өте күрделі жүйе. Енді өсімдік химиясының негізгі зерттеу объектілері болып саналатын кейбір органикалық қосылыстарға қысқаша сипаттама беріп кетейік (Мамонов, Музычкина, Корулькин, 2008).
Достарыңызбен бөлісу: |