Дәріс-1: Пәнге кіріспе. Биологиялық ресурстар


Дәріс-8: Дәрәлік өсімдіктердің химиялық құрамы



бет18/77
Дата08.09.2023
өлшемі343.62 Kb.
#476884
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   77
5.Лекциялық кешен

Дәріс-8: Дәрәлік өсімдіктердің химиялық құрамы


Алғашқыжәне екінші биосинтез заттары
Әрекеттегі бірлесіп еріп жүретін және балластық заттар
Өсімдіктердегі табиғи қосылыстардың негізгі топтарына қысқаша сипаттама

Өсімдік организмі өзінің химиялық құрамы және атқаратын қызметі жағынан өте күрделі. Табиғатта тек өсімдіктер ғана органикалық емес заттардан органикалық заттар түзе алады, ал оларсыз адамдардың және жануарлардың тіршілік етуі мүмкін емес. Өсімдіктер таңғаларлық әртүрлі зат алмасу процесінен және көмірқышқыл газынан, судан және органикалық емес затқосылыстарынан алуан түрлі қосылыстарды синтездеуге қабілетті. Қорыта айтқанда, барлық өсімдіктер судан және құрғақ заттардан тұрады, судың мөлшері жалпы салмағынын 70 % шамасында болуы мүмкін. Су – бұл орта, ал ол ортада барлық биохимиялық процестер жүреді. Құрғақ заттарды былайша бөлуге (Мзмонов, Музычкина, Корулькин, 2008) болады.





Құрғақ заттар



Органикалық

Минералдық




Алғашқы синтез заттары: белоктар, витаминдер, липидтер, карбон қышқылдары, көмірсулар, ферменттер

Екінші синтез заттары: алкалоидтар, әртүрлі гликозидтер, полуфункциональды органикалық қышқылдар әртүрлі фенолды қосылыстар, стероидтар, терпеноидтар және т.б.

макро

микро



ультрамикро

Әр өсімдік организмінде заттардың пайда болуы және жинақталуы көптеген факторларға бағынышты: қоршаған ортаға, жасына, тіршілік жағдайына, дамуына, қоректенуіне. Динамикалық процесс жоғарыда аталған факторларға және басқа жағдайларға байланысты өзгереді. Оған қосымша әрбір өсімдік онтогенез процесінде вегетациялық түрлену, гүлденуі, жемістену және тыныштық фазаларынан өтеді. Онтогенез барысында өсімдіктердегі заттар мөлшері оның әртүрлі мүшелерінде әрқалай болуы мүмкін. Өсімдіктер құрамында 21 химиялық элемент табылған (Муравьева, 1991). Олардың 16 элементі (Н, C, N, O, P, S, Na, K, Ca, Cl, Mn, Fe, Co, Cu, Zn) барлық өсімдіктерде кездеседі, ал 5 элементі (B, Al, V, Mo, J) тек кейбір түрлерде ғана кездеседі. Сандық құрамына байланысты оларды макро (K, Ca, Mg, Na, Cl, P, Si) және микро (Cu, Zn, J, Co, Mn, Al, S, Fe) элементтерге бөледі. Қарапайым органикалық емес қосылыстар (Co2, H2O, NO3, SO4­­-2 және PO4-) өсімдіктерге 6 негізгі элементтерді береді ­– С, H, O, N, S, P, ал олардан ұлпалардың көптеген компоненттері құрамында белоктар, нуклеин қышқылдары, көмірсулар, липидтер және т.б. қарапайым қосылыстар негізінде өсімдіктерде күрделі қосылыстар синтезделеді (алкалоидтар, фенолды қосылыстар, терпеноидтар және т.б.). Барлық өсімдіктер құрамында болатын (Мамонов, Музычкина, Корулькин, 2008) заттар: таза клетчатка – суда ерімейтін және әдеттегі еріткіштерде ерімейді. Қабықта, тамырда, сүйектерде ағаштанған клетчатка болады. Өсімдік клетчаткасы қабықшасының негізгі құрам бөлігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет