Ақбөкен (сайгак). Ю.А.Грачев (2003) ақбөкенді есепке алудың мынандай тәсілін ұсынды.
Есепке алу тәсілдері.
Ақбөкендер, негізінен, шөл, жартылай шөл және дала аймақтарының ашық және тегістік кеңістіктерін мекендейді. Олар Қазақстанда батысында Каспий теңізі және Еділ өзені, шығысында Балқаш көлі, оңтүстігінде Тянь – Шань таулары, солтүстігінде Орынбор облысы шекарасына дейінгі кең - байтақ кеңістікті мекендейді. Мұндай үлкен территорияда ақбөкендердің жалпы саны жер бетіндегі тәсілдермен анықтау мүмкін емес, сондықтан оларды есепке алудың жалғыз жолы – ол авиацияны пайдалану.
Қазақстанда ақбөкендерді авиация көмегімен есепке алу XX ғасырдың 50-жылдарынан басталды. Есептеу тәсілдері Зоология институтының сүтқоректілер лабораториясында жасалды. (Раков, 1957; Фадеев, Слуцкий, 1982 және т.б.; Ю.А.Грачев, 2003), сол саладағы бұрыңғы істелген жұмыстарды пайдалана отырып, өзінің методикалық нұсқауын ұсынды.
Региондар және есепке алуды жүргізу мерзімдері.
Ю.А.Грачев (2003) бойынша Қазақстанда ақбөкендердің 3 популяциясы мекендейді: 1) Бетпақдала және оған жақын территориялар; 2) Үстірт және оған жақын территориялар; 3) Орал – Еділ өзендері аралықтары. Бұл айтылған популяциялар бір-бірімен араласпайды. Сондықтан оларды есепке алу әрқайсысында жеке жүргізілу керек.
Соңғы мәліметтер бойынша (Грачев, 2008; «Караван» газеті 2008 жылы №31 (053) 1 тамыз) Қазақстандағы ақбөкендер саны – 60 мың Қазақстанда 1970 жылдары ақбөкен саны 1 млн шамасында болған.
Ақбөкендерді есепке алуды көктем шыққанда қар ерігеннен кейін жүргізген дұрыс, өйткені осы кезде ақбөкендердің ақ түрлері өсімдіктер жабынының және топырақтың қара күрең фонында жақсы көрінеді.
Оған қосымша осы мезгілде ақбөкендердің миграциясы басталып, олар қыстаған жерінен солтүстікке қарай қоныс аудара бастайды және салыстырмалы аз территорияда болады.
Тағы бір ескеретін нәрсе, егерде ақбөкендерді есепке алуды жаз айларының соңында жүргізген болса, онда жоғарыда келтірілген артықшылықтар болмайды: 1) ақбөкендердің терісінің сарғыштануы олардың күнге күйіп кеткен өсімдіктер жабыны фонында есепке алуды қиындатады; 2) жаз айларында ақбөкендердің таралу территорясы мөлшері көктеммен салыстырғанда анағұрлым артық болады. Сондықтан санақ жұмыстарын жүргізу экономикалық жағынан шығынды көбейтеді.
Есептеу жұмыстарын қыс айларында жүргізу тиімсіз, өйткені ақбөкендердің терісінің ақ түрлерін қарда ажырату қиын.
Көктемде ақбөкендерді есептеу жұмыстарын жүргізу ең қолайлы мерзім 20 наурыздан 2 сәуірге дейін, климат жағдайына байланысты шамалы ауытқулар болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |