Дәріс №1 Пәнге кіріспе. Отандық тарихты оқудың



бет22/41
Дата09.09.2022
өлшемі174.91 Kb.
#460513
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41
Д ріс №1 П нге кіріспе. Отанды тарихты о уды

4.Экологиялық дағдарыстар.
Тарихқа «тоқырау» деп аталған атпен енген осы жылдарда индустриялық дамудың, кәсіпорындардың көптеп салынуының нәтижесінде қоршаған ортаға орны толмас зиян келтірілді. Әскери объектілер, ірі өнеркәсіп пен энергетикалық комплекстердің салынуы, қоршаған ортаға үлкен шығын әкелді. 1950 жылдардан бастап Қазақстан нақыз экологиялық апат аймағына айналды. Семей облысын жерінде орналасқан атом палигоны әлемдегі өзі тұрпаттас әскери объектілердің ішіндегі ең ірілерінің бірі еді. Сондықтан да оның зардаптары да ірі болды. Батыс Қазақстанда Капустин Яр деген жерде де атом палигоны жұмыс істеп тұрды. Кейде бір реттік көшпелі жарылыстар өзге өңірлерде де жасалды. Ашық жарылыс кезінде сынақ өтетін маңда «кездейсоқ қалып қойған» адамдар болды.
КСРО Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, генерал М.Моисеевтің хабарлауынша, Семей полигонында 1949 жылы 1963 жылға дейінгі кезеңде ауада қуатты әр түрлі 113 ашық жарылыс жасалған. 1964 жылдан 1989 жылдың 19 қазанына дейінгі аралықта қуаты 150 килотоннаға дейін 343 жерастылық жарылыс жасалған. Кеңес еліндегі ядролық қару сынақтарының 70%- ға жуығы Семей полигонында өткізілді, қазақ жерінде ядролық қалдықтарды көметін орындардың саны 300-ге жетті.
Сынақ жарыстары Қазақстан жері мен халқына ауыр зардаптар тигізді. Полигондар ең алдымен өздері орналасқан жерді тоздырды. Ол жердің ауа райы өзгеріп кетті. Суы тартылып, ауасы мен шөбі ластанды. Экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы тіршілік үшін өте ауыр болды. Аумақтың флорасы мен фаунасы орны толмас шығынға ұшырады: аң мен құс қырылды немесе басқа жаққа тауып кетті. Гүлді, нулы алқаптар қаңырап қалды. Әсіресе адамдар жан түршігерлік жағдайда болды.
Семей өңірінің және онымен іргелес жатқан Қарағанды, Павлодар, Өскемен облыстарының тұрғындары арасында қатерлі ісік, қан ауруларының үлесі көбейіп кетті. Адамдар арасында жүйке дертіне ұшырау өзіне-өзі қол салу, шаштың сыпырылып түсіп қалуы, тері аурулары жиілеп, бұрын медициналық іс жүзінде байқалмаған белгісіз індеттер бой көрсете бастады. Балалар өлімі, бір жасқа дейінгі нәрестелердің шетінеуі, іштен мүгедек болып туу, өлі туу құбылыстары да көбейіп кетті.
1989 жылы ақпанда «Невада-Семей» деп аталатын ядролық сынақтарға қарсы қозғалыс дүниеге келді. Қазақстандық ядролық қарусыз дүние үшін күресушілер өздерінің Невадалық әріптестеріне достық ниеттерін білдірді. Қозғалыстың негізгі мақсаты Семей полигоны, әлемдегі басқа да ядролық қаруға қарсы күресушілер әлемнің түрлі елдеріндегі азаматтық қарсылық көрсету марштарына қатысты.
«Невада-Семей» қозғалысының бастамасы бойынша 1990 жылы мамырда Алматыда әлемдегі барлық антиядролық қозғалыстардың барлық ядролық державаларда қаруды сынауды толық тоқтату жолындағы күш-жігерін біріктіру мақсатымен «Дүниежүзінің сайлаушылары ядролық қаруға қарсы» деген халықаралық конгресс өткізілді.
Қазақстанда атом қаруын сынауды тоқтату үшін республиканың тәуелсіздік алуының шешуші маңызы болды. Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясында республика территориясында ядролық және жаппай қырып – жоятын қару түрлерін жасау және сынау толық тотатылатыны туралы мәлімделді. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 1991 жылы 28 тамызда Семей полигонын жабу туралы өкімге қол қойды. Сөйтіп Қазақстан халқы өзінің батыл қимылымен бірінші болып елдегі ең ірі атом полигонын жапты және осы арқылы жалпыға бірдей ядролық қарусыздану процесіне елеулі үлес қосты. Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, Американың, Францияның полигондарына мораторийлар жарияланды.
Айрықша экологиялық жағдай Арал теңізі бойындағы аудандарды да қамтыды. Арал теңізіндегі Сырдария мен Әмудария суларын мақталы алқаптарға пайдаланды. Осының салдарынан теңіз суы 15 метрге төмендеп, көлемі 54%-ке азайды. Жағалаулы оңтүстік пен шығысқа қарай 60-120 км кейін шегінді. Теңіз түбі 25 мың кв километрге тартылды.
Мұның бәрі аймақтағы экологиялық және санитарлық-эпидемиялық жағдайын біршама нашарлатты. Бірден жұқпалы аурулар көбейді, әсіресе іш сүзегі, сары ауру, туберкулез бен онкологиялық аурулардың саны көбейді.
1970-1990 жылдары Арал жағалауында жалпы өлім саны көбейді. Туылған 1000 баланың 40-60-ы өлімге ұшырады. Ал, аналар өлімі жалпы одақтық көрсеткіштен 46 есе артық болды. Семей ядролық полигоны жерінде үнемі экологиялық қауіп бұлты сейілмеді.
Арал өңірінің шаруашылығы да қатты зардап шекті. Бұрын балық шаруашылығымен айналысып келген мыңдаған адамдар жұмыстан айрылды. Елді мекендер қаңыран бос жатты. Халық тұрмысы мейлінше нашарлады. Соның салдарынан адамдардың денсаулығына қатты зиян келді.
Экологиялық дағдарыстың қатты шиеленісуі ірі кәспорындар шоғырланған Алматы, Қарағанды, Шымкент, Жамбыл, Өскемен, Теміртау тәрізді қалаларда да көрініс берді. Оның себебі, зауыттарда, фабрикаларда, кен орындарында көп жылдар бойы технологиялық үрдістер жаңартылмады, табиғи ресурстарды ысырапсыз пайдалану ескерілмеді. Өндірістік зиянды қалдықтарды суға, ауаға, топыраққа араластыруға тосқауыл қойылмады, қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын мекемелер мен қоғамдық ұйымдарға көмектесу, оларға қаржы бөлу істері тыңғылықты жүргізілмеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет