Дәріс №1 Пәнге кіріспе. Отандық тарихты оқудың



бет19/41
Дата09.09.2022
өлшемі174.91 Kb.
#460513
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41
Д ріс №1 П нге кіріспе. Отанды тарихты о уды

Дәріс №5
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен зардаптары.

  1. Соғыстан кейінгі жылдағы Қазақстандағы ауыр ахуал.

  2. Н.Хрущевтың «жылымығы» жылдарындағы Қазақстан.

  3. Ауыл шаруашылығын әміршіл-әкімшіл әдістермен көтеруге бағытталған шаралар.

  4. Экологиялық дағдарыстар.



1.Соғыстан кейінгі жылдағы Қазақстандағы ауыр ахуал.
Жеке басқа табыну — саяси немесе діни билік иерархиясындағы жоғары мәртебелі (лауазымды) адамды асыра дәріптеу, оның атқаратын рөлі мен міндетті қызметін шектен тыс жоғары бағалау. Саяси қайраткерге тәңірдей табынып, шектен тыс ұлықтау. Жеке басқа табыну, көбіне, авторитарлық және тоталитарлық жүйедегі мемлекеттерге тән, әйтсе де аракідік демократиялық мемлекеттерде де кездеседі (мысалы, Шарль де Голь басқарған шақтағы Франция). Авторитарлық және тоталитарлық мемлекеттерде жеке басқа табыну жалпыға бірдей ортақ, “бірден-бір ақиқат” идеология арқылы жүзеге асырылады. Мұндай идеологияның көсемдеріне пайғамбарлар мен көріпкелдерге тән қасиеттер танылады.
Жеке басқа табынудың негізгі тірегі — мемлекет басшысын ұлттың асыраушысы ретінде қабылдайтын патриархалдық сана және “әділ патшаға” үміт артуға негізделген бодандық саяси мәдениет болып саналады. Жеке басқа табынудың пайда болуының басты себебі қоғамдағы билік тармақтарының түгелімен бір адамның қолына шоғырлануы, сол арқылы адамдар тағдырының өз іс-әрекетінен гөрі басшылықтың оң қабақ көрсетуіне (қайырымдылығына) тәуелділігі. Саяси тұлғаға жан-жақты тәуелділік қалың бұқара санасына сіңісті болып, жүйелі түрде идеологиялық өңдеуден өте келе “құдіреті күшті”басшының алдында халықты құлдық сезімде ұстап, жарамсақтық, жағымпаздық психология қалыптастырады. Жеке адамдардың азаматтық құқықтары аяққа тапталып, халықтың өзін-өзі басқару мүмкіндігі ескерусіз қалады. Мысалы, бұрынғы КСРО -да И.В.Сталиннің (1924-1953 жж.) басшылығы тұсында осындай жағдай қалыптасты. Жеке басқа табынудың соңы әр түрлі ауыр зардаптар әкелетіндігіне қарамастан, оның белгілері кейбір дамушы мемлекеттерде (Ирак, Солтүстік Корея, Куба т.б.) әлі күнге дейін сақталып отыр. 1920-жылдардың ортасынан орнаған қатаң әміршіл-әкімшіл жүйе 1940-50 жж. әрекет ете берді. Саяси жүйеге адам еркіндігін басып-жаныштау, оның құқықтарын жоққа шығару, еңбек адамдарын өндіріс құрал-жабдықтарынан жатсындыру сияқты қолайсыз құбылыстар тән болды. Жетекші күш ‒ Коммунистік партия болып, оның басшылығымен өмір сүріп отырған жүйенің барлық басқа буындарының (Кеңес мемлекетінін, кәсіподақтардың, комсомол, кооперативтер мен басқа да қоғамдық ұйымдардың) жұмысы үйлестірілді. Мемлекеттік органдардың құзырындағы мәселелерді шеше отырып, Коммунистік партия халық шаруашылық және әлеуметтік-мәдени, қоғамдық ұйымдардың міндеттерін орындауды өз қолына жинақтап, оларды дербес әрекет етуден айырды. Қандай да бір қол жеткізілген табыстар И.В.Сталиннің кемеңгерлік басшылық жасай білуімен байланыстырылып, өрескел кемшіліктер мен сәтсіздіктер жөнінде сөз болмады. Аты шулы ұрандарды саяси мақсаттарға пайдаланумен заңдылықтың бұзылуы, өкімет билігін асыра пайдалану жалғаса берді. Өмір сүріп отырған саяси жүйе өзінің дербес дамуына қабілетсіз екендігін көрсетті. Кеңес қоғамын дамытудың соғыстан кейінгі жоспарлары сталиндік антидемократиялық, социализмнің тоталитарлық үлгісімен үйлесіп кетті. Майдан мен тылда, соғыстың барлық ауыртпалығы мен қиыншылығын көтерген халық соғысқа дейінгі кезеңдегі халықтан басқаша еді. Қоғамдық өмірдің бейбіт жағдайының орнығуына байланысты құндылықтарды қайта бағалау орын алды. Замандастардың санасында әлеуметтік бағдарламаларға бет бұрудың қажет екендігін түсіну айқын біліне бастады. Алайда қоғамдық сананың барлық деңгейінде сезіле бастаған қоғамдық жаңарудың кешенді бағдарламаларына өтуге тұрақты әлеуметтік-саяси құрылым бөгет жасады. Сонымен бірге ауыр соғыстағы жеңіс соғыстан кейінгі кезеңде басшылықтың қолданыстағы саяси жүйенің тиімділігіне деген сенім қалыптастырды, ал көпшілік басшылар басқарудың әкімшілік әдістерінің өзін-өзі ақтайтындығына сенімді болды. Сталинизм идеологиясы 1940-жылдар мен 50-жылдардың басында өзінің шырқау шегіне жетті. 1939 жылы болған БК(б)П XVIII съезінің құжаттарында жазылған социализм құрылысын аяқтаудың соңына қарай ел коммунистік қоғам кұруға өтеді деген тезисті Ұлы Отан соғысы аяқталған соң, теориялық жағынан талқылау жалғаса берді. 1946 жылғы наурыздағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясында бұл тезис партияның жетекшілікке алатын тұжырымдамасы ретінде жарияланды. Соғыстан кейінгі онжылдық ‒ КСРО-дағы 1920-40 жж. өмір шындығына қасаң көзқарастың жалғасы еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет