Дәріс №1 Пәнге кіріспе. Отандық тарихты оқудың



бет37/41
Дата09.09.2022
өлшемі174.91 Kb.
#460513
түріСабақ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Д ріс №1 П нге кіріспе. Отанды тарихты о уды

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 207 Заңы, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., N 24, 147-құжат; “Егемен Қазақстан” 2006 жылғы 26 желтоқсан N 320. Осы Заң Қазақстан Республикасында мәдениеттi жасау, қайта түлету, сақтау, дамыту, тарату және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және мәдениет саласындағы мемлекеттiк саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтiк және ұйымдастырушылық негiздерiн айқындайды.
Дәріс №11
Рухани жаңғыру және қоғамдық-саяси дамудың келешегі



  1. Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірін демократияландыру және жаңарту.

  2. ҚР-ның ақпараттық саясаты, БАҚ-тың дамуы.

  3. Құқық қорғау және сот органдарының қызметін жетілдіру.

  4. Жастар істері бойынша саясаттың негізгі бағыттары.

  5. Қазақстанда жаңа конфессионалдық шындықтың қалыптасуы.

Қазақстан Республикасының ақпараттық саясаты, бұқаралық ақпарат құралдарын (БАҚ) дамыту. Қазақстан Республикасы Ұлттық Кеңесінің қызметі. Азаматтық қоғамды одан әрі демократияландыру және дамыту бойынша ұсыныстарды әзірлеу бойынша тұрақты жұмыс істейтін Кеңесті ұйымдастыру.Демократияландыру және азаматтық қоғам жөніндегі Ұлттық комиссияның қызметі. Құқық қорғау және сот органдарын жетілдіру. Азаматтық және саяси құқықтар туралы 2003 жылғы 2 желтоқсандағы пакт және оны жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияны құру және оның қызметі.Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі омбудсмен институттарын (Омбудсмен) енгізу. Қазақстан Республикасы Экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқықтар, азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактілерді ратификациялау. Заңдарды гуманизациялау. Жалпыұлттық саяси реформалар бағдарламасы. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік сәйкестігін қалыптастыру тұжырымдамасының» мақсаттары мен міндеттері. Әлемдік тәжірибе және Тұжырымдаманы іске асыру тетіктері. Қазақстанның өзіндік ерекшелігі мен бірлігі - мәдени, этникалық, лингвистикалық және діни әртүрлілікке негізделген ұлттық құндылықтар.


Президент Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылғы 18 ақпандағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жеделдетудің жеделдетілген жолында» халыққа Жолдауы.
Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты және рухани жаңару жолдары. Жастар саясатының негізгі бағыттары. «Нұр Отан» жастар қанатының қызметі. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2004 жылғы Заң. Жастардың рухани, мәдени, білім беру, кәсіптік қалыптасуы мен физикалық дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепілдіктерді қалыптастыру, оның шығармашылық әлеуетін қоғамның мүддесі үшін ашуы. Қазақстан Республикасының жастар саясаты туралы «Қазақстан-2020» даму бағдарламасы.
Қазақстанда жаңа конфессиялық шындықты қалыптастыру, Қазақстанда дін бостандығын және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету. Қазақстан мұсылмандарының рухани басқармасы (ДУМК). Астанадағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің I съезі. II-ші Конгресс -12-13 қыркүйек, III-ші Конгресс -1-2 шілде 2009 жыл. Қауіпсіздік мәселелері бойынша Қазақстанның конфессиялық саясаты.Жаңа жүйе құнды, ерекшеліктері мен қазақстандық қоғамның бір түрі.Бағдарламаны немесе бағдарламаны дамыту: Мемлекеттік бағдарламалар, Қазақстан дамуының негізі.Мемлекет басшысының қазақстандықтарға жолдаған биылғы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында алға қойылған ауқымды міндеттердің орындалу деңгейі қандай? Еліміздің экономикалық әлеуметтік дамуы мен өрлеуі бағытында қандай жетістіктерге қол жетті? Алматы қаласында Республикалық әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен өткен «Президент Жолдауы – әлеуметтік өрлеу тұғырнамасы» атты конференцияда, міне, бүгінгі күн тәртібінде тұрған осы мәселелер кеңінен сөз болды. Республикалық конференцияда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауындағы іс-шаралардың орындалу қорытындылары ортаға салынды. Республикалық әйелдер кеңесінің жетекшісі, республиканың еңбек сіңірген қайраткері, медицина ғылымының докторы, профессор Нина Қаюпованың пікірінше «биылғы Жолдау – әлеуметтік қарқынды даму мен өрлеудің берік тұғырнамасына айналғандығы айдай ақиқат». Шын мәнінде де, Республикалық әйелдер кеңесі басшысы атап айтқанындай, жаһандық дағдарыс жағдайында көптеген мемлекеттер өздерінің әлеуметтік бағдарламалар ауқымын азайтқаны белгілі. Ал, биылғы жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық еткен Қазақстан мемлекетінің бұл бағытта атқарған жұмыстары едәуір. Конференцияда алғаш сөз алған Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов Мемлекет басшысының биылғы Жолдауының ерекшеліктері мен маңызына тоқталды. – Биылғы Жолдаудың басты басымдығы – бүгінгі таңдағы міндеттерді ғана емес, келешектегі жоспарларды да қамтығандығында. Әсіресе, кең-байтақ еліміздегі ең ірі шаһар – Алматы қаласы тұрғындарының әлеуметтік ахуалы уақыт өткен сайын жақсара түсуде. Ақиқатында, биылғы жыл оңтүстік астана үшін шын мәнісінде әлеуметтік жетістіктер жылы болды. Мәселен, «Жол картасы» бағдарламасының 98 пайызға орындалуының өзі толымды табысты және еңбек қарқынын айқын аңғартады. Ал, «Балапан» бағдарламасының аясында әлеуметтік бірқатар күрделіліктер өз шешімін тауып, қалада жиырма бір бала бақша өз есігін айқара ашты. Сонымен қатар, Алматыда ең ірі аурухана құрылысының аяқталып, оның жақында ғана пайдалануға берілуі де әлеуметтік саладағы оңды қадамдардың бірі. Келешекте денсаулық сақтау мекемелерінің қатары тағы да жаңа кешендермен толықпақ. Сөйтіп, Елбасының әлеуметтік сипаттағы құрылыстарды салу туралы тапсырмасы біздің қаламызда талап деңгейінде орындалуда, – дейді Серік Сейдуманов өз ойын ортаға салып. «Президент Жолдауы – әлеуметтік өрлеу тұғырнамасы» атты республикалық конференцияда еліміздегі әлеуметтік саладағы жетістіктермен бірге, Мемлекет басшысының бастамасымен Астанада өткен ЕҚЫҰ Саммитінің ерекше табыспен аяқталғандығы да назардан тыс қалмады. ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеу институты директорының орынбасары, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер және отбасы – демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Зарема Шаукенованың есептеуінше «Астананың біртіндеп жаһандық диалогтар аймағына айналуы – ең алдымен, Елбасының сарабдал саясатының жемісі». «ЕҚЫҰ Саммитінің ең алғаш рет Орталық Азияда ұйымдастырылуы – тарихтағы ең маңызды бетбұрыс. Ұйымның жаңа құрылымдарын құру жөніндегі қазақстандық ұсыныс оны нығайтуға бағытталып отырғандығы сөзсіз. Менің ойымша, Астанадағы ЕҚЫҰ Саммитінде бүкіләлемдік қауымдастықты алаңдатып отырған қауіпсіздіктің өзекті мәселелерінің талқылануы көп нәрседен хабар берсе керек» дейді Зарема Шаукенова. Жасыратыны жоқ, мемлекеттік саясат пен оны дәйектілікпен жүзеге асыруда Республикалық әйелдер кеңесі ерекше іскерлік пен белсенділіктің және жоғары жауапкершіліктің үлгісін танытуда. Мәселен, әйелдер кеңесінің президенті Нина Қаюпованың бастамасымен Орал, Қызылорда, Түркістан, Шымкент және Тараз қалаларында бүгінгі таңдағы басты мәселелерге арналған іргелі іс-шаралар соның айғағы. Жас ұрпақтың бойында отансүйгіштікті, патриотизмді қалыптастыру және халықаралық келісім тақырыбына арналған жиындар, мемлекеттік тілді үйренушілер арасындағы байқау және денсаулық сақтау саласын жетілдіру мен дәрігер парызы туралы талқылаулардың көпшілік тарапынан жоғары баға алуы көп нәрседен хабар берсе керек. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Светлана Жалмағанбетованың бүгінде дәйектілікпен жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламаның төртеуінің бірдей әлеуметтік сипатта екендігін баяндауы орынды. Және де мұның өзі білім беру, денсаулық сақтау және мемлекеттік тілге қатысты болуы оның маңыздылығын арттыра түспек. Сонымен қатар, «Балапан» бағдарламасы бойынша бүлдіршіндерді бала бақшамен қамтамасыз ету және елімізде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын қайта құрылымдау бағытында ауқымды жұмыстар да қолға алынды. «Президент Жолдауы – әлеуметтік өрлеу тұғырнамасы» атты республикалық конференциясына қатысушылар Астанадағы ЕҚЫҰ Саммитінің табысты өткендігін, Елбасы саясатының өміршеңдігін атап айтуда. Сондай-ақ, мемлекетіміздегі әйел-анаға деген қамқорлық аясы кеңейе түсуде. Әйелдер бүгінде, келешекте де туған Отанның гүлденуіне қомақты үлес қосып, оның берік тіреніші болып қала бермек» дейді Нина Қаюпова. Сонымен, еліміздің әлеуметтік өрлеуі мен дамуының берік тұғырнамасына айналған – Елбасы Жолдауы туралы сөз қозғаған ҚР Ұлттық академиясының академигі Әлия Бейсенова «мемлекеттік саясаттың – әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталғандығын» атап көрсетті. – Бүгінде мені ұстаз ретінде алаңдататын бір мәселе – ол жас ұрпақ тәрбиесі мен олардың келешегі. Анығырақ айтсам, болашақ жас мамандар бойында олардың өздері таңдап алған мамандығына деген жауапкершілік, құрмет деңгейі қандай? Еліміздің өркендеуі – әркімнің өз кәсібін жетік меңгеруіне, сол салада өнімділікпен еңбек етуіне тікелей тәуелді десем, қателеспеймін. Байқауымша, біздің кемшілігіміз, бұл бағыттағы басты олқылық мектеп түлектерінің көпшілігі ақшасы, пайдасы мол мамандықтарға жүгіріп заңгер, экономист болуды ұйғаруда. Сондықтан да, Білім және ғылым министрлігінің жастарды елімізде жетіспейтін мамандықты игеруге икемдеуге күш салғаны жөн. Басқаны қойғанда, шетелден әкелінген озық технологиялық жабдықтармен жұмыс істей алатын медицина мамандары жоқтың қасы. Президент Жолдауында, білікті мамандар даярлау мәселесі өзекті міндеттер қатарына қойылғаны белгілі»




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет