Дәріс №1 Пәнге кіріспе. Отандық тарихты оқудың



бет34/41
Дата09.09.2022
өлшемі174.91 Kb.
#460513
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   41
Д ріс №1 П нге кіріспе. Отанды тарихты о уды

Дәріс №10
Этнодемографиялық үдерістер мен ұлтаралық келісімнің нығаюуы

  1. Қазақстандағы көші-қон, демографиялық үрдістер, халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер.

  2. Біртұтас ұлт болашағының қалыптасу мәселелері.

  3. ҚР заңдары: «Қазақстан халқы ассамблеясы туралы», «Білім туралы», «Тілдер туралы», «Мәдениет туралы».



1. Қазақстандағы көші-қон, демографиялық үрдістер, халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер.



  1. Қазақстанның демографикалық мәселесі – қазақ қоғамының маңызды мәселелерінің бірі. ХХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда 5 рет халық санағы жүргізілген: 1959, 1970, 1979, 1989, 1999 жылдары. Тәуелсіздік қарсаңында, яғни, 1989 жылғы санақ бойынша, қазақтар республика халқының 39,7%-ын құрады. Қазақстандағы барлық халық саны – 16 млн 475 мың болса, оның 6 млн 535 мыңы ғана қазақ ұлты еді. Бұл көрсеткіш жерімізді мекендеп отырған халықтың жартысынан астамы өзге ұлт екенін көрсетті. Қазақстанда өткен ғасырдағы 80-жылдардың соңы мен 90-жылдардың басында экономикалық дағдарыстың тереңдей түсуі салдарынан халықтың тұрмыс дәрежесі төмендеп, демографиялық жағдай едәуір нашарлады. Халық санының өсуі өте баяу жүрді. Оған эмиграция, туу деңгейінің төмендеуі және өмір сүру ұзақтығының қысқалығы әсер етті.

1991 жылдан бастап миграцияда жаңа құбылыс ТМД елдерінен және алыс шетелдерден қазақ ұлты өкілдерінің келе бастағаны көрініс берді. 1991-1992 жылдары Моңғолиядан – 41 мың қазақ келді. 1993 жылы алыс шетелдерден 23 мыңнан аса қазақ келген. 1991-1995 жылдардың арасында республикадан кеткендердің саны келгендерден 1 млн-ға жуық және жыл сайын артып отырды. Осы жылдары Қазақстанға көшіп келгендердің саны 2240,8 мың адам болса, кеткендері 32 210,3-тен асып кетті.
Осындай миграциялық үдерістердің нәтижесінде республиканың ұлттық құрамында өзгерістер жүрді. Олардың ең басты өзінің Отанында, туған жерінде жарты ғасырдай азшылыққа айналып, талай демографиялық апаттарды басынан кешірген қазақтар көп ұлтты халықтың енді басым көпшілігіне айналды. Тек 1989-1995 жылдар аралығында егеменді елімізде қазақтардың үлесі 39,7%-дан 46%-ға өсті.
Республика халқының саны – 1992 жылдың аяғында 17 млн болды. Оның 9,8 млн адамы қалалық жерлерде, 7,2 млн ауылдық жерлерде тұрды. Нарыққа өтудің өтпелі кезеңі халықтың демографиялық жағдайына да дәуір салмақ салды. Бала туу азайды. Халықтың табиғи өсімі төмендеп, әртүрлі себептермен өлім-жітім көбейді.
Қазақстанда тұратын қазақтардың жыл сайынғы өсімі оралмандар есебінен көбейе түсті. Орыс, украин, неміс ұлт өкілдерінің саны азайды.
2002 жылдың 1 желтоқсанындағы еліміздегі халық саны алдын ала деректер бойынша – 14830 мың адамды құрады, соның ішінде 8376,5 мыңы – қалалықтар және 6453,5 мыңы – ауыл тұрғындары. 2002 жылғы қаңтар-желтоқсанда республикадан тыс жерлерге 133,6 мың адам көшкен, соның ішінде 80,4 мыңы – ТМД елдеріне,33,2 мыңы – ТМД елдерінен тыс жерлерге көшкен. 2002 жылғы қаңтар-желтоқсанда республикаға көшіп келгендер саны 53,8 мың адам болды.
Халық санағының қорытындысы бойынша Қазақстан халқының саны 2009 жылғы ақпанның 24-інен 25-іне қарағандағы түнгі сағат 24.00-де 16004,9 мың адамды құрады. Қазақтар саны өткен санақпен салыстырғанда 26,1%-ға өсіп, 10098,6 мың адамды құрады. 2010 жылдың басында қазақтардың үлесі 63,6%-ды, орыстар – 23,3%-ды, татарлар 1,2%-ды, басқа этностар 4,5%-ды көрсетті.
«Диаспора» сөзі грек тілінен шыққан, «шашырау» деген мағынаны білдіреді. Қазақ диоспорасы алысқа, сыртқы шекараларды кесіп өтіп, әуелі Қазақстаннан Қытайға, Ресейге, Орта Азия мемлекеттеріне, Ауғанстан мен Иранға, сосын бүкіл дүние жүзіне көшіп-қонған.
Қазіргі кезде түрлі ақпарат көздерінің мәліметтері бойынша, қазақ диаспорасы өкілдерінің саны – 4 млн-нан 5 млн-ға дейін жетеді.
Ресейде деректер бойынша 870000-нан 1310000-ға дейін қазақ тұрады. Олар Ресейдің 22 өңірінде шоғырланған. Негізінен (70%) ауылды жерлерде. Тіл қазақтардың жинақы өмір сүретін жерлерінде сақталған.
Қазіргі таңда Қытайда деректер бойынша – 1300000-нан 2000000-ға дейін қазақтар тұрады. Бұл – біздің отандастарымыздың шетелдегі ең үлкен колониясы.
Түркиядағы қазақ диаспорасы ХХ ғасырдың 50-жылдарынан құралған. Олардың көші-қон жолдары 40-жылдары басталған. Түркиядағы қазақтар саны деректер бойынша 10000-нан 25000-ға дейін жетеді.
Қазақ диаспорасы АҚШ-та, Еуропада және әлемнің басқа да елдерінде қалыптасқан. АҚШ-на қазақтар ІІ дүнежүзілік соғыстан кейін көшіп барған.
Бүгінде әлемнің қырықтан астам елінде тұратын қазақ диаспораларының өкілдері қазақ ұлты өкілдерінің жалпы санының үштен бірін құрайды немесе 4,5 млн адам. Олардың көпшілігі Қазақстанмен шекаралас мемлекеттерде тұрады.
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы шетелден келген дарынды ақын-жазушыларға қамқорлық жасауды дәстүрге айналдырған. 1996 жылы тұңғыш мүшәйра ұйымдастырылған еді. Кейін ол жыл сайын өткізілетін дәстүрлі жыр мерекесіне айналды. Қазақстан Республикасы Президенді Жарлығымен бекітілетін оралмандардың көшіп келу квотасы жылдан-жылға өсуде. Сөйтіп, 2000 жылы 500 отбасына, 2001 жылы 600, 2002 жылы 2655 отбасына, 2003 жылы 5000, 2004 жылы 10000 отбасына квота бекітілді.
Қазіргі таңда 11 елде қазақ ұлттық-мәдениет орталықтары жұмыс істейді. Олардың ішінде Өзбекстандағы, Қырғызтандағы қазақ мәдениет орталықтары Қазақстанмен тығыз байланыста жұмыс істеп келеді. Қазақ мәдениет орталықтарының дені Ресейде шоғырланған.
Көшіп-қонушылардың құқықтарын қамтамасыз ету аса өзекті халықаралық проблемалардың бірі болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстанда көшіп-қону үдерістері заңмен реттелген. «Қазақстан-2030» даму стратегиясының аясында көші-қон саясатының 2007-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілген.
«Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша барлық көшіп келушілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Тұрғын жайлар жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй есебінен үлестірмек. «Нұрлы көш» бағдарламасының тағы бір игі тұсы – неғұрлым оқыған, көзі қарақты, ғылыми дәрежесі барларға немесе кәсіппен айналысуға бейімділердің елге келуіне квота үлестіруде басымдық берілді.
ЮНЕСКО-ның деректері бойынша, бүгінде – 35 адамның біреуі халықаралық көшіп-қонушы болып табылады. Туған елдерінен тыс тұратын адамдардың саны – 175 млн адамға жетті. Бұл жер шары тұрғындарының 3%-ын құрайды және Бразилия халқымен салыстырарлықтай.
1992 жылы 29 қыркүйекте азаматтығымыздың алтын бесігі – Алматыда Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы ашылды. Құрылтайға – Түркия, Германия, Франция, Швеция, Норвегия, Моңғолия, Ресей, Қырғызтан, Түркіменстан, Өзбекстан және басқа елдерден, барлығы – 33 елден, сондай-ақ Қазақстан облыстарынан келген өкілдер – 800-ден астам өкіл қатысты.
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы болып Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев сайланды.
Дүниежүзі қазақтарының екінші құрылтайы – 2002 жылдың 23-24 қазаны аралығында дініміздің дала төсіндегі діңгегі – қасиетті Түркістанда өтті. Оған дүниеге тарыдай шашылған қазақтардың 400-ге жуық өкілдері жиналды.
ІІІ Дүниежүзі қазақтары құрылтайы еліміздің жаңа байтағы, туған Қазақстанымыздың рәмізі Астанада өтті. Бұл 2005 жылғы еліміздегі ең үлкен жиыны болды. Жиынға әлемнің 32 елінде тұратын қазақ диаспорасының өкілдері келді. Құрылтайдың 2005 жылы өтуі кездейсоқ емес. Бұл кезеңде тәуелсіз Қазақстан дамудың үлкен де күрделі жолынан өтті, саяси жағынан толық құрақтылыққа қол жеткізді.
Әлемдегі елдердің басым көпшілігі көпұлтты болғандықтан, әр түрлі этностардың басын қосу, мемлекеттің тұтастығын сақтау – оның мәдениеттілігінің басты белгісі. Бүгінгі таңда ұлтаралық қатынастарды біржақты түсіну жиі кезедседі. Көбіне көп бұл саланы ұлттардың өзара ынтымақтастығы, бірлесуі деп ойлаймыз. Алайда, бұл мәселенің екінші жағы да бар. Әр түрлі этностар араласқан тұста олардың бір-бірімен шендесуі, бәсекелестігі, араздығы бірге жүреді. Олардың қарама-қарсы мүдделерін үйлестіру, ойларын бір жерден шығару үлкен саяси шеберлікті, ақыл-парасатты талап етеді.
Бүгін ұлтаралық келісім жаһандық мәселеге айналды. Соңғы жылдары ұлттық, діни топтардың құқын қорғайтын декларация, Еуропадағы этностық топтардың ерекшеліктерін сақтайтын арнайы заң қабылданды.
Соңғы тарихқа көз жүгіртсек, ұлтаралық келісімнің түрліше үлгілерін көреміз. Олардан біздің үйренетін де, жиренетін де тұстарымыз баршылық. 250 млн-нан астам орыс та, башқұрт та, басқа да емес, ұлтынан айырылған қауымдастық пайда болды.
Келісімнің тағы бір үлгісін либералдық модель деуге болады. мәселе Австралия мен Қазақстанның тарихы әртүрлі болғанымен, оларды көпұлттылығы жақындатады.
Қазақстандық моделді демократиялық келісім моделі деуге болады. Ұлтаралық қатынастар талассыз, тартыссыз дамиды деу – утопия.

2.Біртұтас ұлт болашағының қалыптасу мәселелері.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет