Дәріс №1 Пәнге кіріспе. Отандық тарихты оқудың


Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ өлкесі



бет9/41
Дата09.09.2022
өлшемі174.91 Kb.
#460513
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41
Д ріс №1 П нге кіріспе. Отанды тарихты о уды

3.Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ өлкесі
Империалистік дәуірде жеке елдердің біркелкі дамымауының нәтижесінде бірінші дүниежүзілік соғыс болды. ХХ ғасырдың басында халықаралық жағдай күрт шиеленісіп, ірі мемлекеттер арасындағы бақталастық күрес күшейді. Англия дүниежүзілік шеберхана атанған дәрежесінен өнеркәсібі дамудағы бірінші орнынан айрылды. Елдің басын біріктіру арқасында және Француз–прусс соғысының нәтижесінде бес миллиард марк контрибуция алған Германия өз экономикасын жедел дамыту мүмкіндігіне жетіп, өнеркәсіп өнімдерін шығаруда Англияны үшінші орынға ығыстырып, дүние жүзінде АҚШ-тан кейінгі екінші орынға шықты. 1912 жылы мысалы, Германияда 17,6 миллион тонна шойын қорытылса, Англияда 9 миллион тонна ғана болды. Экономикалық қуатының шапшаң өсуін пайдаланған жас герман империалистері жаңа нарықтық аймақтарды алуға, отарланған жерлерді қайта бөлісуге, еуропалық континентте билік жүргізуге тырысты.
Германияның күшеюі Еуропадағы басқа ірі мемлекеттерді абыржытты. Әсіресе отарлап алған жері жеткілікті әрі өнеркәсібі ерте дамыған, байырғы империалистік елдерді - Франция мен Ресейді қатты алаңдатты. Оның үстіне герман–австриялық одақ шартына қол қойылды, оған Италияның қосылуы жас герман империалистерінің Еуропадағы салмағын күшейтті. Осы құрылған үштік одаққа жауап ретінде орыс-француз одағы пайда болды. Бұл еуропалық мемлекеттерді екі антогонистік топқа бөліп, екі жақты шешуші шайқасқа дайындыққа кірісті.
Бірінші дүниежүзілік согыстың басталуына Германия мен Англия арасындағы антогонизм шешуші роль атқарды. Осы басты қайшылықпен қатар Германия мен Францияның Эльзас және Лотарингия үшін, Германия мен Ресейдің Константинополь және бұғаздар үшін, Ресей мен Түркияның Армения және Константинополь үшін, Австрия мен Ресейдің Балкан үшін, Австрия мен Италияның Албания үшін талас-тартыстары себеп болды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс сипаты жағынан әділетсіз, жаулаушылық, империалистік соғыс болды. Мемлекеттер жаулаушылық саясат жүргізді. Соғыс ірі мемлекеттердің империалистік катынастарынан туды. Олар отарлар мен ұсақ елдерді қайта бөлісу үшін ұрыс дала ұрыс даласына шықты. Бұл соғыста екі қақтығыс алдыңғы шепте тұрды. Бірі Англия мен Германия, екіншісі Герман мен Ресей арасында болды. Осы үш ірі мемлекет бірінші дүниежүзілік соғысты бастаушылар болды. Ал қалғандары олардың одақтастары еді. Соғыс шеңберіне біртіндеп құрамында бір жарым миллиардтан астам халық бар 38 мемлекет кірді. Төрттік одаққа Германия, Германия отарларымен, Австрия-Венгрия, Түркия мен Болгария кірді. Ал Антантаға — Англия, Ресей, Франция, Бельгия, АҚШ, Португалия, (бәрінің де отарлары бар) Сербия, Жапония, Румыния, Грекия, Черногория және басқа елдер енді. Империалистік соғысқа байланысты армия қатарына 77 миллион адам шақырылды. Оның ішінде Германия – 13,2 миллион, Австрия-Венгрия – 9 миллион, Түркия – 1,8 миллион, Болгария – 1 миллион, Ресей – 19 миллион, Англия – 9,4 миллион, Франция – 8,1 миллион, Италия – 5,6 миллион, АҚШ – 3,9 миллион, Румыния – 1 миллион және тағы басқалар.
1914 жылы басталған бірінші дүниежүзілік соғыс Ресей халықтарына аса ауыр қасірет әкелді. Әлеуметтік және ұлттық езгі күшейді. Соғыс жылдарында жергілікті жерлердегі патша шенеуніктерінің озбырлығы мен зорлық-зомбылығы өлшеусіз өсті. Қазақтардан жерлерін тартып алу жалғастырылды. 1916 жылдың ортасына қарай патша өкіметінің қазақ халқынан тартып алған жерінің жалпы көлемі 45 миллион десятинаға теңелді. Әлеуметтік және ұлттық езгінің күшейуі әр түрлі топтардың наразылығын туғызды. Қазақстандағы көтеріліс 1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығы жарияланғаннан кейін басталды. Шілденің бас кезінде Қазақстанның барлық аймақтарында дерлік стихиялы наразылықтар басталып, көп ұзамай қарулы көтеріліске ұласты. Тылдағы жұмыстарға алынатын тізімдерді жасау жүйесінде жаппай парақорлықпен қиянат жасаушылыққа жол берілді. Ол кезде қазақтарда метрикалық күәліктердің болмағанын пайдаланып, тізімге жас шамасына қарамастан кедейлерді қалауынша енгізді. Патша жарлығының қатаңдығы және жергілікті жерлерде оны жүзеге асырудың әділетсіз әдістері еңбекшілерді қолына түскенімен қарумен қаруланып, патша өкіметінің өкілдеріне: болыс басқарушыларына, ауыл старшындарына, полицейлерге қарсы шығуына мәжбүрледі.
Стихиялы қозғалыс бірте-бірте ұйымдасқан сипат алып, қарулы көтеріліске ұласа бастады. Көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтыды, ірі орталықтары –Жетісу мен Торғай. Басшылары: Жетісуда - Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ж.Мәмбетов, Ұ.Саурықов, А.Қосанов, Торғайда - А.Иманов, Ә.Жангелдин, Ә.Жанбосынов, К.Көкімбайұлы болды. Басты мақсаты ұлттық және саяси азаттық болды. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші ұлттық шаруалардың қалың тобы, сондай-ақ сол кезде туып келе жатқан жергілікті жұмысшы табының өкілдері, қолөнершілері болды. Көтеріліске қазақтармен қатар ұйғырлар, өзбектер, қырғыздар, дүнгендер және басқа да кейбір халықтардың өкілдері қатысқан Оңтүстік облыстарды қоспағанда, Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы құрамы жағынан бір ұлттың қозғалысы болды. Қазақ қоғамында патшаның жарлығы мен көтеріліске көзқарас бір мәнде болған жоқ: байлардың үстем топтарының белгілі бір бөлігі, сондай-ақ «бұратаналық әкімшілік» дейтіннің шенеуніктері «реквизиция туралы» патша жарлығын сөзсіз қолдады және оны басты жүзеге асырушылар болды; қазақ зиялыларының батыл өкілдері (мысалы, Тоқаш Бокин, Жаңабай Ниязбеков, Әубәкір Жүнісов, Тұрар Рысқұлов, Әліби Жангелдин, Сейітқали Меңдешев, Бәймен Алманов және басқалар) патша жарлығына батыл қарсы шықты және халықты қарулы қарсылыққа шақырды, ал «Қазақ» газетінің төңірегіне біріккен либерал-демократияшыл зиялылардың жетекшілері (А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов және басқалар) патша әкімшілігін адам алуға асықпауға, қайта әуелі дайындық шараларын жүргізуге көзін жеткізуге талай рет әрекет жасады.
Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі Қазақстанның барлық аймақтарында қатаң басып-жанышталды. Көтерілісті басу үшін патша үкіметі көптеген ауылдарды жойып жіберді, бейбіт тұрғындар аяусыз қырғынға ұшырады. Генерал-губернатор Куропаткин бекіткен сот үкімі бойынша Түркістан өлкесінде қоныс аударушылар селоларының тұрғындарынан құрылған отрядтар мен жазалаушылардың қолынан сотсыз және тергеусіз қаза тапқан адамдарды қоспағанда, 1917 жылы 1 акпанға қарай 347 адам өлім жазасына, 168 адам каторгалық жұмыстарға, 129 адам қамауға кесілді.
1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының сан ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында ерекше орын алады. Көтеріліс отаршылдыққа және империализмеге қарсы бағытта болды. Көтерілістің басты міндеті – халықты отаршылдық езгіден ұлттық және саяси жағынан азат ету міндетімен салыстырғанда, таптық мәселе (ауылдың бай үстем топтарына қарсы күрес) екінші кезекте қалды. Қазақстан мен Орталық Азиядағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тұтас алғанда Ресей империясындағы саяси және әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың одан әрі асқына түсуіне себепші болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет