Бақылау сұрақтары:
1. ҚР-ның саяси партиялар туралы Заңы және оның маңызы.
2. І-ші Азаматтық форум және оның маңызы
3. Жастарды патриоттық және интернационалдық рухта тәрбиелеу
4. Қауіпсіздік мәселелері контексіндегі Қазақстанның конфессионалдық саясаты.
Әдебиеттер:
1. Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1-5-томдар. –Алматы., 1996, 1997, 2000, 2010.
2. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. – 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4 кітап/ Т.Омарбеков, Б.С.Сайлан, А.Ш.Алтаев және т.б.. – Алматы, Қазақ университеті, 2016. – 264 с.
3. Ұлы Дала тарихы: учебное пособие /Кан Г.В., Тугжанов Е.Л. – Астана: Zhasyl Orda, 2015. – 328 стр.
4. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы, 2010.
5. Артыкбаев Ж.О.; Раздыков С.З. История Казахастана: Учебник. – Астана: Фолиант, 2007. – 344 с.
Дәріс № 12. Ұлы Дала еліндегі жаңа тарихи сананы және дүниетанымды қалыптастыру саясаты
(2 сағат)
1.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ұлт тарихындағы «ақтаңдақтарды» жоюға бағытталған шаралар.
2.«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы.
3. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегінде ұлттық тарихты зерделеу
1. Қазақстан тарихының ақтаңдақ немесе бұрмалауға душар болған мәселелері әсіресе хх ғасырдың оқиғаларымен тығыз байланысты.бізге бүгінгі күні тіуелсіздікке ие болған республиканың тарихтағы ақтаңдақ болып зерттелмей келген қайғылы оқиғалардың бірі 1930 жылдардағы қуғын сүргін саясаты.1930жылдардың екінші жартысында қазақстанда орын алған сталиндік саяси террор,қуғын сүргін тарихта ақтаңдақ беттер деп аталды. Ақтаңдақтар деген терминнің өзі 1987 жылдың акпан айынан бастап қолданыла бастады. Қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасы тарих ғылымының негізгі міндеті отан тарихын обьективтік тұрғыдан қайта қарап отарлық кезең мен коммунистік жүйе дәуірінде қатаң саясаттың нәтижесінде оның елеусіз қалған ,бұрмаланған тұстарын қалпына келтіру болып табылады. «Ақтаңдақ» кезеңдер тарихымызда аз болған жоқ...
Біз халқымыздың тарихындағы ақтаңдақтарды 1980 жылдардың екінші жартысындағы жариялылық, демократияландыру деп аталатын кезеңде айта бастадық. 1989 жылы Колбин кетіп Орталық Комитеттің басшылығына Нұрсұлтан Әбішұлы келді. Коммунистік партияның Орталық Комитеті арнайы қаулы шығарып ұлттық тарихтың ақтаңдақтарын, Ұлт-азаттық қозғалыс мәселелерін еркін айтуға мүмкіншілік туды. Алаш қозғалысына қатысқан шығармашылық топтың Шәкәрім, Міржақып, Мағжан шығармаларының ақталуы да 1989 жылдан басталды. Ұлттық тарихты қалпына келтіру тәуелсіздіктен бұрын ойластырылған еді. Бұл жолда Елбасымыз көп еңбек сіңірді. 1998 жыл «Ұлттық тарих» жылы деп жарияланып
Халқымыздың тəуелсіз Қазақстан Республикасы атты мемлекет құрып, ұлттың азаттығын сақтай білуі бүгінде қаншалықты маңыз ды болса, сол мемлекеттің шынайы да танымды тарихын жазып, келер ұрпаққа жеткізе білуде соншалықты маңызды. Өйткені, тарих - ұлттың жады. Танымды тарихы жадында жатталған ұлт қана ұлт ретінде сақталып, басқалармен қатар терезесі тең өмір сүре алады. Тарихын қастерлеген ұлт қана өткеннен тағылым алып, келешегіне сеніммен қарайды. Демек, ғылыми негізде жазылған танымды тарих - ұлт тəуелсіздігінің, ұрпақ тəуелсіздігінің кепілі. Тəуелсіздік жылдары Қазақстан тарихы қайта жазылып, ұлт тық жəне мемлекеттік мүдде тұрғысынан қайта зерттелуде. Кеңестік кезең жылдарында солақай саясаттың негізінде бұрмаланып жазылған келеңсіз тарихи тұстары қайта қарастырылынып, ақиқат тұрғысынан жаңаша зерделенуде. Сонымен бірге, азаттық жылдарындағы еліміздің жеткен жетістіктері басты назарда болып отыр. Қазіргі уақытта тарих ғылымы кеңестік дəуірдегі таптық методологияның шеңберінен шығып, зерттеудің жаңа бағыттары анықталып, тарихтың ақтаңдақтар беттері қайта ғылыми негізде зерделенуде. Қазақ тарихы Түркі өркениетінің ажырамас бөлігі ретінде зерттеліп, дала тарихындағы көшпелілердің орны айқындала түсуде. Қазақстан мемлекеті Еуразиялық идеяның жалғастырушысына айналды. Бірнеше ғасырлар бойы тағдырдың тауқыметті қасіретінен көз ашпаған қазақ халқы өз тарихында тұңғыш рет өз тарихын өзі жасап қана қоймай, сол жаса ған деректерін тарих ғылымының талаптарына сай: жинау, жүйелеу, саралау, тасқа басып жариялау жəне деректанулық талдаудан өткізу арқылы өзінің объективті тарихын жазу мүмкіндігінеде ие болып отыр. Кезінде өзінің төлдеректерін жинауға, жүйелеуге, шашау шығармай сақтап, өз тарихын жазуға мүмкіндігі болмаған халқымыз, бүгінде, ақпараттар, яғни деректер тасқынының астында қалып отыр. Уақыт ерекшелігіне сай қоғамның аса үлкен жылдамдық пен дамуы, бұрын ғасырлар бойы болмайтын маңызды тарихи оқиғалар тізбегінің көз алдымызда үздіксіз өтіп жатуы, сол оқиғалар бейнеленген деректер тасқынының пайда болуына алып келді.
Қазақ тарихында «ақтаңдақтар» аз болған жоқ. Тәуелсіздік алғанымызға 1,5-ақ жыл өткенде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы Нұрлан Оразалинге берген сұхбатында былай дейді: «Несіне жасырамыз, «ақтаңдақ» кезеңдер тарихымызда аз болған жоқ... Мен он жетінші жылғы төңкерістен кейінгі 73 жыл қазақ халқына тек қана жаманшылық пен қиянат алып келді деуден аулақпын. Кеңес дәуірінің ел өмірінде, халық тіршілігінде қалдырған күнгейі де бар, көлеңкесі мен қасіреті де жеткілікті. Ол туралы тарих өз бағасын бере бастады. Әлі де бере жатар. Басқасын айтпағанда, 20-шы жылдар мен 32-34-ші жылдар аралығындағы қолдан жасалған аштықты қалай аттап өтуге болады? Бұл нағыз ойланып отырып жүзеге асырылған геноцид қой. Мен солай деп ойлаймын... Ал енді, Қазақстанды мемлекет деп жариялай отырып, сол ел басшыларының көзін бақырайтып қойып, тізеге салып, Кеңес Одағының тұсында Қазақстан жерінің – ұлы Абай дүниеге келген қасиетті топырақтың атом қаруын сынайтын полигонға айналдырылуын не деуге болады? Мұның төркінінде не жатқанын дәлелдеудің қажеті шамалы. Бір сөзбен айтқанда, осының өзі империялық жүгенсіздік пен зорлықтың айғағы емес пе?! («Елбасы», құрастырған Ж. Әлиханұлы., «Уақыт жүктеген аманат бар», 23-49-шы беттер)».
Бүгінге дейін қазақ халқының анық тарихы жазылған жоқ. Отандық кәсіби тарихшылардың, сарапшы ғалымдардың, саясаткерлердің де ой-пікірлері, ұстанымдары осыған саяды. Мәселен, белгілі тюрколог-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбековтың айтуынша, Кеңес Одағы заманындағы саясат біздің анық тарихымызды жаздырмады. «Әлкей Марғұлан, Ермұхан Бекмаханов, Мұхтар Әуезовтердің тұсында мүмкіндік бергенінде шын тарихымыз жазылатын еді. Өкініштісі сол, орыстар біздің тариыхымызды өздерінің мүддесіне ыңғайлап жазды, - дейді М. Жолдасбеков. – Әсіресе, олар біздің Ресейге қосылған кездегі тарихымызды өз мүддесі тұрғысынан бұрмалады. Соның салдарынан тарихымыз әжуаланды. Қазақтың бай, хан, көсемдерінің бәрі ақымақ болып көрсетілді. Шынжыр балақ, шұбар төс, кебеже қарын деген сұмдықтарды айтты. Сол кездері мектепте сабақ берген мұғалім де, оқып жүрген бала да осыны қайталадық. Бұл – заманның сұмдығы еді. Бұл – халықты қорлау болатын. Яғни, ол уақытта тарихымыз тек саясат тұрғысынан жазылды. «Ештен кеш жақсы» демекші, бүгінгі тәуелсіздік заманында біздің шынайы тарихымыз жазылуы керек».
2. 2004 жылдан бастап Тұңғыш Президенті,Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы іске кірісті. Оның ең бірінші аспекті халықтың бай мәдени мұрасы арқылы қазақстандықтардың ұлттық сана сезімін дамыту мен бекітуге бағыттылған. «Мәдени мұраның» екінші маңызды аспектісі - әлемге бай ұлттық рухани қазынасын ашу. Бағдарламаның үшінші аспектісі – тарих, философия, этнография, тіл, әдебиет, көркем өнер, музыка және т.б ұлттық мәдени мұраны зерттеу жүйесін құру; «Мәдени мұра» бағдарламасы қазақстандықтармен тек ғана рухани-мәдени ғана емес, еліміздің барлық қоғамдық өмірімен белгілі бір кезең ретінде үлкен жігерлікпен қабыл алынды. «Мәдени мұра» мемлекеттік мұрасы бүгінгі күні кезеңімен жүзеге асырылуда: 2004-2006, 2007-2008, 2009-2011 жылдарға және жақын арадағы жиырма жылға ұзақмерзімді бағдарлама әзірленген.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: тарих және археология ескерткіштерін жүйелендіру, сақтау және қалпына келтіру. Елімізде 25 мыңнан астам ескерткіш, 2 миллионнан астам құнды мәдени заттар бар деп есептелуде, Қожа Ахмет Яссауи мавзолейі мен Тамғалы шатқалының петроглифтер кешені Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енгізілген, ендігі кезекте ЮНЕСКО тізіміне ескі Отырар қалашығын қосу болып табылады. Тәуелсіздік жылдары ішінде еліміздегі ескерткіштерді толық түгендеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша республикада тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізімі құрастырылып, оған республикалық маңыздағы 218 объект және жергілікті маңыздағы 11,5 мың объект кірді.
«Мәдени мұра» бағдарламасын орындау барысында 2004 бастап бүгінгі күнге дейін 73 аса археологиялық және сәулет ескерткіштеріне қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, 40 аса археологиялық, 26 ғылыми қолданбалы зерттемелері жүргізілді.
Бағдарламаның екінші үлкен бағыты – Қазақстан тарихына қатысты, кітаптардың, құжаттардың. қолжазбалардың көшірмелерін алу. «Мәдени мұра» бағдарламасының арқасында 10 мыңнан аса мұрағаттық материалдар, құжаттар, қолжазбалар және жасанды заттар анықталды. Шетелдік мұражайлардағы ең көптеген мәлімет – 3 мың құжат – Қытайда болды. Бқл құжаттар ғылымға бүгінгі күнге дейін белгісіз, олар Қазақстан тарихын жүйелендіруге көмектеседі. Сондай ақ Шығыс Еуропадан, АҚШ, Түркия, Қытай, Ресей, Жапония және Арениядан республикаға 5 мың бірегей тарихи құжаттары қайтарылды. Бағдарламаның үшінші бағыты: ұлттық әдебиеттің бай мұрасын зерттеу, оны жүйелендіру және көптомдылық шығару. Ғылыми-танымал. әдебиет жұмыстарының тұтас сериясы өңделді, тарих, этнография, археология бойынша 400 аса кітап атаулары, сондай ақ жаңа энциклопедиялық сөздіктер шығарылды. «Бабалар сөзі» (Слово предков) жүзтомдық басылымының 66 томы басып шығарылды. Онда ежелгі қазақ ертегілерінен заманауи әдебиет әңгімелеріне дейін бар. 200 томдық «Жүз қазақ романын» шығару жалғасуда. Оған соңғы 100-150 жылдардағы қазақстандық жазушылардың ірі әдеби туындылары енгізілген. Қазақстанның 10 томдық энциклопедиясы, бес том орыс тілінде және анықтама ағылшын тілінде шығарылды. Сондай-ақ ежелгі заманнан қазіргі күнге дейінгі қазақ ойшылдарының мұрасын қамтитын жиырматомдықты шығару бойынша ғылыми жобалар жүзеге асырылуда, басқа жобаға дүниежүзілік философиялық мұраны басып шығару кірсе, ал үшіншісі Әл Фараби шығармаларының жиырма томдығын шығаруға арналған. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде өткен жүзжылдықтың танымал орындаушыларының аудио, фоножазбаларын іздестіру және қалпына келтіру және еліміздегі мұражай және кітапханаларының ақпараттық және телекоммуникационды технологиясына енгізу. Қазақ музыкасын зерттеу бойынша жұмыстар жалғасып, бестомдық музыкалық антология әзірленді. Бағдарламаның ең маңызды бағыттарының бірі оны жүзеге асыру барысында алынған, мәліметтерді жүйелендіру және оқу бағдарламасына және орта және жоғарғы оқу орындарының бағдарламасына енгізу болып табылады.
3. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1999 жылы шыққан «Тарих толқынында» кітабында еліміздің аумағында ертеден бері орын алған тарихи оқиғаларға баға берілген. Елбасы Қазақстан аумағында орын алған барша тарихи оқиғаларға жеке-жеке тоқталған. Онда біртұтастылық, көшпенділер өркениетінің өзгешелігі, көшпенділер социумы ерекше суреттеліп, оқырман қауымға ұсынылған. Автор Қазақстанның Ресей империясы мен КСРО құрамындағы дәуіріне де жан-жақты тоқталған», - деп түсіндірді З. Қыбылдинов.
Елбасы ұлттық дүниетаным мен халықтың біркелкілігі мәселесіне ерекше назар аударған, деді ол.
Сонымен қатар, сарапшы атап өткендей, Елбасының «Тарих толқынында» кітабы қоғамды отарлық санадан арылту жолында үлкен рөл атқарды.
«Кітап жарыққа шыққаннан кейін халықтың дүниетанымы айтарлықтай өсті. Ел азаматтары арасында төл тарихимызға деген қызығушылық айтарлықтай артты. Кәсіби тарихшылар үшін ғылыми зерттеулер жүргізуіне барлық жағдай жасала бастады. 1994 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру басталды. 2013 жылы Елбасы «Халық тарих толқынында» арнайы тарихи зерттеулер бағдарламасын ұсынды, оның атауы біздің кітабымыздың атымен біршама ұқсас. Ал, 2015 жылы Президенттің бастамасымен жалпыұлттық деңгейде «Қазақ хандығының 550 жылдығы» аталып өтуде», - деп түйді З. Қыбылдинов.
1999 жылы Тұңғыш Президенті, ЕлбасыН.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегі жарыққа шықты. Кітап маңызы - тарих қойнауын зерделей отырып, ұлттық қасиетті сақтауға тәрбиелеу қажеттігі айтылады. Қазақ болмысының ерекшелігі тарихқа арналған. Қазақ даласы, мәдениет келешегі, ұлттық бірегейлік, тоталитарлық тәртіп пен ұлттық ұғымдар, тарихтың терең шеңберлері бұл кітапта кеңінен суреттеліп, жазылған кітап. Тарих біріңғай ақ немесе қара деп бөлікке салатын бұлаңдықты көтермейді. «Тарихтың толқынында» қазақтың сана сезімі өткендегі, қазіргі және болашақтағы ұлттық қасиетін түсінуге мүмкіндік беретін шығарма.
Еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаев аталмыш еңбегінде: «Тарихтың тағылымы біреу-ақ: ол ешқандай тағылым бермейді дейтін тұжырымға мен үзілді-кесілді қарсымын. Тарихты жеңіл-желпі аңыз сөздердің жиынтығы деп қарайтын адамдар шынында да тарихтан тағылым ала алмайды... Қазақ руханияты дамуының Ресей отарлығы тұсындағы қайшылықты үрдісінің күрделі де қайғылы сипатын жуып-шаю мүмкін емес» - деп атап көрсетті.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабында еліміздің аумағында ертеден бері орын алған тарихи оқиғаларға баға берілген және қазақ зиялыларының ұлттық идеяны қалыптастырудағы рөліне ерекше маңызды орын берді. Елбасы Қазақстан аумағында орын алған барша тарихи оқиғаларға жеке-жеке тоқталады. Онда біртұтастылық, көшпенділер өркениетінің өзгешелігі, көшпенділер социумы ерекше суреттеліп, оқырман қауымға ұсынылған. Автор Қазақстанның Ресей империясы мен КСРО құрамындағы дәуіріне де жан-жақты тоқталады. Елбасы ұлттық дүниетаным мен халықтың біркелкілігі мәселесіне ерекше назар аударған. Елбасының «Тарих толқынында» кітабы қоғамды отарлық санадан арылту жолында үлкен рөл атқарды.
Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1999 жылы жарық көрген «Тарих толқынында» атты кітабында қазақ халқының өткені мен кеткенін ой елегінен өткізіп, өз болжамдарын, қазақтардың арғы төркіні мен шығу тегін, даму жолдарын әлемдік тарихи құбылыстар шеңберінде, солармен тығыз байланыстыра қарастырған. Кітаптың «Ұлттық келбетті ұлықтайық» деген алғашқы тарауында автор ұлтымыздың қасиетті сипаттары мен қастерлеуге тұрарлық құндылықтарын сараптап, жан-жақты талдайды. Аталған еңбегінде Н.Назарбаев ұлттық рухты қайта түлетудегі және дамытудағы қазақ зиялыларының ролін ерекше атап көрсетеді. Қазақ этносы – мыңдаған ғасырлардың жемісі, өз аумағының ежелгі тұрғыны. Н.Назарбаев осы кітабында қазақ ұлтының қазіргі мекені, ол ежелден ата-бабамыздың бізге қалдырған мол мұрасы екенін атап көрсеткен. Ұлттыұ тарихқа заңды мақтаныш сезімін туғызу үшін оны білу керек. Кітаптың «Қазақ даласы – ұлы түркі елінің қара шаңырағы» деген тарауы осыған қызмет етеді. Яғни, автор қазақтың түркі тілдес халық ретінде оның ежелгі тарихын Евразия құрлығындағы көшпелі ұлы мемлекет – Түркі қағанатының тарихымен байланыстырады. Сондай-ақ аталған кітаптың үшінші «Мәдениет келешегі» деген тарауында Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекетте мәдениет қандай болу керек деген мәселе ерекше сөз болады. Бұл мәселе жөнінде автор: « Қазақстандағы диаспоралардың өз мәдениетінен қол үзбеуімен қатар қазақ елінің жалпы ұлттық мәдениетін игеруге, оны өзі атсалысып, дамытып отырған ортақ мәдениет деп қарауға дағдылануы қажет. Сонда ғана ұлттық мәдени жүйелердің үндесіп, жақсы ансамбль құрайтыны сөзсіз». Сонымен қатар Елбасы қазіргі жағдайда әлемде болып жатқан ақпараттық үлкен үрдіс кезінде, ағылшын тілінің экспансиясы шапшаң белең алып,тұрмыста күшті сұранысқа ие болып отырғанында, ертеңгі келер ғасырда қазақ мәдениетінің күні не болатынына, нарық дәуірінің мінез-құлқы мәдениет жасаушылардың жаңа буынына нендей ықпал ететініне де алаңдауын жасырмайды. Н.Назарбаев осы кітабының «Алаш мұрасы және осы заман» тарауын қоғамдағы интеллигенцияның тарихи ролін пайымдауға арнаған. Бүгінгі қазақ зиялыларының бойында сонау бағзы заманнан келе жатқан парасаттылық дәстүрлері барлығын айрықша атап көрсетеді. Кітапта теориялық жағынан кең қарастырылған мәселе –ұлттық бірегейлік жайы. Елбасы баршаны бір тілге, бір идеологияға, бір мәдениетке көшіруге тырысудың өзіміз бастан кешірген сабағы бұл саясаттың зиянды болғанын алға тартады. Сондықтан да ол бірегейлендірудің бұл күштеу әдісін біржола теріске шығарады. Н.Назарбаев қазақтың өзіндік ұлттық өрлеуін қамтамасыз ете отырып, бірегей этникалық санасын қайта жаңғырта, түлете түсуді басты міндет ретінде алға қояды. Сонымен кітапта бірегейлендірудің бірінші деңгейі – біздің азаматтық әрі саяси бірлігіміз деген тұжырым жасалған. Бұл деңгейдің мәнін Н.Назарбаев «өзіміз азаматтық саяси тағдырымызды барша азаматтардың тағдырымен бірдей дәрежеде қорғайтын Қазақстан мемлекетімен ұштастыруда жатыр» деп түсіндіреді. Бірегейліктің екінші деңгейін ол қазақтардың өздерінің ұлттық бірегейлігімен байланыстыра қарастырады. Халқымызлың менталитетінде тоталитарлық жүйе қалыптастырған ерекшеліктер әлі де болса бой көрсетіп, адамдар психологиясында әлі де көрініс беруде. Мұның себебі неде? Осы жайларға кітаптың «Тоталитарлық тәртіп пен ұлттық ұғымдар» деген тарауында нақты жауап табуға болады. Ал ұлттық идеяға келетін болсақ, оны елбасы өзінше пайымдайды. Ұлттық идея сырттан танылмай, қоғамның өз ішінде пісіп жетіліп, ұлттың тұтастығының мәнін түсінуге қызмететеді. Бір сөзбен Н.Назарбаевша айтқанда, ұлттық идея миллиондаған адамдардың өздерінің ұлттық міндеттерінің түсінуінің жемісі болып табылады (237 б). Империялық құлдықтан азат болып, өздерінің тәуелсіздігін алған тек бұрынғы Кеңес Одағының елдері ғанаемес, өз еркіндіктерін алған басқа да елдерді тарихбіледі. Әлемдегі тарих сабақтарына көз жүгірте отырып, Елбасы Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамдарына зор сенім танытады, әрі оны ойдағыдай жүзеге асыру үшін нақты қимылдардың қажеттігін еске салады. Орталық Азия халықтарына, ежелгі замандағы сияқты, бірыңғай сыртқы экономикалық саясат,бірыңғай кеден, салық бақылауы, бірыңғай қауіпсіздік жүйесі қажет, сол тиімді, деп жазады Елбасы. Бұл аймақта интеграциялау үшін негізгі алғышарттардың бәрі бар. Соларды жете пайдалану – басты міндет. Бұл ойларын Н.Назарбаев кітаптың «Орталық Азияның мемлекеттері және тарих тағылымдары» деген тарауында кеңінен сөз етеді. Кітаптың қорытынды тарауы «Тарихтың шеңберлері және ұлттық зерде» деп аталады. Мұнда Н.Назарбаев Қазақстан тарихын он екі кезеңге бөліп қарастырады. Мұндай кезеңдерге тарихымызда бірінші рет ұсынылып отыр. Н:Назарбаев тарихтан тағылым алмайтын саясаттың күні қараң екенін жақсы біледі, сондықтан да ол «тарих ештеңеге үйретпейді» деген қағиданы мүлдем теріске шығарады. Керісінше, тарих-ұстаз, тәлімгер, әділ төреші, ертеңге бағыт сілтейтін өсиет айтушы абыз.Тарих қазынасына терең көз шалғанда әрбір адам, әсіресе, оның ішінде ұлт көсемдері мен саясаткерлер үлкен тәлім алады. Өз ақыл-парасатына, саяси талғамына, іс-әрекетіне қосымша нәр, азық алады. Сондықтан да бұл кітап қазақты тануға қосылған теориялық әрі практикалық тәлімдік мәні күшті тарихи еңбек болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |