Дәріс №1 Пәнге кіріспе



бет7/34
Дата19.05.2022
өлшемі373.37 Kb.
#457745
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34
350127 (1) (1)

Дәріс № 3,2
1.Кеңестік тоталитарлық басқару жүйесінің негіздерінің қалануы.
2.Жер-су реформасының мақсаты. Оны жүзеге асырудағы ауытқулар мен қателіктер. 3.Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС). 
4.Түркістан республикаларын ұлттық-мемлекеттік межелеу - біртұтас Түркістан идеясының біржақты күйреуі. Қазақ жерлерінің ҚКАСР құрамына біріктірілуі. 


1. 1921ж. Батыс, Солтүстік Қазақстанда, Батыс Сібірде жер межеленіп бөлуі өткізілген. Орта Азия Казақстан жерлерін ұлттық-аумақтық межеленіп бөлінуіне үлкен дайындалық жұмысы жүргізіледі. Ұлттық-аумақтық межеленіп бөлінуінің нәтижесінде Қазақстанға: Қазалы, Ақ-Мешіт, Түркістан, Шымкент уездері, Әулие-Ата уезінің көбісі, Ташкент, Мырзашүлт уездері Сырдария облысының; 6 көшпелі болысы Самарканд облысының Джизак уездері берілді. Семей облысында: Алматы, Жаркент, Лепсинск, Қапал уездері Пишлек уезінің Георгиевск, Шу, Қара-Күнус болыстары. ҚАКСР территориясы 700мың км2 кеңейді, яғни 2,7 млн км2, тұрғындар саны 1468 мың адамға өсті, жалпы адам саны – 5 230 мың. 1926ж. халық санағы бойынша қазақтар саны 61,3 % барлық тұрғындардан болған 1925 Республика астанасы Ақ-Мешіт болып табылады, Қызыл-Орда атауына ие болған. 1925ж. Республикаға нақты атауы қайтып берілді – Қазақ республикасы.
1928ж. Қазақстанның губернияларға, уездерге, болыстарға бөлінуі жойылды, округтарға және аудандарға бөлінуі кіргізілді.1919ж. 10 шілдесінде РКФСР халық комиссарлары Кеңесінің Жарлығы бойынша Қазақ өлкесін басқару жөніндегі Революциялық Комитет (Ревком) құрылды.Оның бірінші құрамына С.Пестковский (төраға), А.Байтұрсынов, В.Лукашев, Ә.Жангелдин, М.Тұнғаншин, С. Мендешев, Б.Қаратаев кіреді. Казревком “Өлкені жоғары әскери-азаматтық басқаруды” өз қолына жинақтайды, қазақ халқының мемлекеттігін құру мақсатында өлке Кеңестерінің Құрылтайлық съезін шақыруға жағдай жасау оның басты міндеті болды. Казревком қызметінің әскери – азаматтық сипатын азаматтық соғыс анықтап берді. Казревкомның басқа бір аса маңызды міндеті-қазақтың байырғы жерін бір қолға жинау, яғни болашақ қазақ кеңес мемлекетінің территориялық тұтастығын қамтамасыз ету болып табылды. Сонымен бірге Казревком әрекет қимылда жүрген армияны азық-түлікпен жабдықтау, астықты және басқа да тамақ өнімдерін Орталыққа, Түркістан АССР-на жеткізу яғни “Соғыс коммунизм” саясатының басты мәселесін шешу ісімен айналысты Казревком 1919ж. шілдесінен 1920ж. қазаннын қосқанда 15 ай бойы жұмыс істейді. Өзі пайда болған күннен бастап, казревком қазақ халқының Кеңестік автономиясын жария ету жөніндегі қыруар көп әзірлік жұмыстарын жүзеге асырды.
1920ж. 17 тамызында РК ФСР Халық Комиссарлары Кеңесі қазақ Республикасы жөніндегі РКФСР құрамына астанасы Орынбор қаласында болтаын “Қырғыз (қазақ) Кеңестік автономиялық социалистік республикасын құру туралы” Декрет қабылдады (В.И.Ленин, РКФСР Бүкілресейлік Орталық атқару Комитеті мен Халық комиссарлары кеңесі М.И. Калинин қол қойған).
1920ж. 4-12 қазанында Орынборда өткен Қазақстан Кеңестерінің құрылтай съезі Қырғыз (Қазақ) Кеңестік автономиялық социалистік Республикасы еңбекшілері хұқтарының Декларациясын қабылдайды, ол Декларация РКФСР құрамына жеке автономия болып кіретін КазАССР құрылуын жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалар, казактар, кызыл әскерлер депутаттары Кеңестерінің Республикасы ретінде бекітті. С.Мендешевті бас етіп, Орталық атқару комитетін (ОАК) және В.Радус-Зеньковичті бас етіп халық комиссарлары Кеңесін (ХКК) сайлады.
1924ж. қазанында Қазақстан территориясы мен Орта Азияның территориясының межеленуі өткізілді. Тарихи бойынша қалыптасқан қазақтар мекендеген аумақтары енді КАССР құрамына кірді. Бұрынғы Түркістан, Хорезм, Хиуа республикалардың 40% территориясы 1,5 млн адамдарымен КАССР аумағына кірді. Қазақстан территориясы 2,8 млн. км2 дейін кеңейді. Республиканың мөлшері РСФСР-дан кейін екінші орын алды. Қазақстан шекарасы 2200 км дейін өсті. Оңтүстік тұрғындардан саны 4,8млн-нан 6,5 млн-ға дейін көбейді. Қазақтардын саны – 59,9%.
Кеңес ұлттық-мемлекеттік құрылысы 1936ж. желтоқсанында аяқталды.СССР Конституция бойынша Қазақстан АССР кеңестік республикасына өзгертілінген. Бірақ Қазақстан сол қалпы құқықсыз, қатан түрде орталыққа бағынған СССР құрамындағы республика болып қалды.


2. Кеңес үкіметі патшалық үкіметтің жер мәселесіндегі отарлық саясатын жойғысы келгенімен, іс жүзінде жерді пайдалануды таптық тұрғыдан шешті. Соның нәтижесінде жергілікті қазақ халқы мен қоныс аударушылардың құқығы теңестірілді. Кеңес үкіметінің елдің өнеркәсібін қалпына келтіру мақсатында жүргізілген шаралары кейін республика экономикасына орталықтың үстемдігінің мейілінше күш алуына әкелді. Өндіріс орындарын орталықтанған трестерге біріктіру, сонымен бірге өндіргіш күштерді региондарға орналастыруда кемшіліктерге жол ашты, яғни Қазақстан экономикасының ұзақ мерзімге шикізаттық сипатын айқындады. Кеңес үкіметі экономикалық дамудың объективті заңдылықтарын мүлде жоққа шығарды. Халық шаруашылығының барлық саласы әкімшіл-әміршіл большевиктік басқару әдісіне бағынышты болды.
1918-1920 жылдардағы азамат соғысы Қазақстан өлкесінің экономикалық жағдайын көптеген жылдарға кері шегерді. Өндіріс орындары жұмыс істемеді. 1913 жылмен салыстырғанда Қазақстанда мұнай өндіру 4 есеге, көмір өндіру 5 есеге кеміді, ал мыс рудасын өндіру мүлде тоқтады. Халық шаруашылығының жалпы өнім өндіруіндегі өнеркәсіптің үлесі 1920 жылы бар болғаны 6,3 процент болды.
Ауыл шаруашылығы да өте күшті дағдарысқа ұшырады. Орал губерниясында егістік жерлер 2 есеге, ал Жетісу аймағында 3 есеге кеміді. Ең бірінші кезекте ұлттық байлықтың негізгі көзі болып саналатын мал шаруашылығы құлдырады. Соғыс жылдарында мал саны 10,8 млн. басқа кеміді, оның 2 млн-ы жылқы, 6,5 млн-ы ұсақ мал болды.Сонымен қатар 1921 жылы ҚазАКСР-ң жеті губерниясының бесеуі құрғақшылыққа душар болды. Осыған байланысты 1921 ж. бұл аймақтарда астықтың жалпы түсімі 5 млн. пұт деңгейінде ғана болды. Ал жергілікті халықтың бір жылғы астық пен астық тұқымдығына мұқтаждығы 22 млн. пұт көлемін қамтиды, яғни залал 17 млн. пұтты құрады. Ауа райының қолайсыздығы мал шаруашылығын бұдан да қиын жағдайға душар етті. 1920—1921 жылдар аралығындағы жұттан кейінгі мал басы 1917 жылмен салыстырғанда 75% кеміді.
Азамат соғысының аяқталуына және елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының ауыр күйзелісіне қарамастан, Кеңес үкіметі күштеуге негізделген азық-түлік саясатын одан әрі жалғастырды. Орталық үкіметтің 1920 жылы 20 шілдедегі "Сібірдегі артық астықты алу туралы" декретінің күші Қазақстанның солтүстік аудандары мен Семей губерниясына да тарады. Осы декретке сай 1921 жылдың тамыз айына дейін бүкіл елдегі шаруаларға 119 млн. пұт (РКФСР көлемінде 423 млн.пұт) төтенше салғырт төлеу жүктелсе, соның ішінде 35 млн. пұт Солтүстік Қазақстанға міндеттелді.Тапсырманың 26 млн. пұты Семей облысына міндеттелінсе, тек Қостанайдың өзінен 6 млн. пұт астық алынды. Артық өнімдер ғана емес, азыққа қолданылып отырған астық және тұқым қоры да тәркіленіп отырды. Астық салығы мал шаруашылығымен ғана айналысып отырған аудандарға да салынды. Оны төлеу үшін олар малдарын сатып астық сатып алуға мәжбүр болды.
Кеңес үкіметінің солақай саясатының нәтижесінде Республиканы сұрапыл аштық жайлады. Бөкей губерниясында — 100 мың, Оралда — 400 мың, Семей губерниясында — 500 мың, Орынбор - 445, Ақтөбеде — 360 мың адам ашықты. Көшпелілер арасында өлім ересек тұрғындардың 30 процентін қамтыса, ал кейбір аудандарда халықтың 75 проценті қырылған. Әулиеата уезінде халықтың қатты қырылғандығы соншалық, бұрынғы бірнеше болысты біріктіріп, бір болыс ұйымдастыруға тура келді. Жалпы зерттеушілер 2 млн 300 мыңнан аса адам ашықты, 1 млн-ға жуығы аштық пен аурудан өлді деген мәліметтерді келтіреді.


3. Партияның Xсъезі (8 наурыз, 1921 ж.) көтерілісшілерді айыптағанмен, экономикалық саясатты өзгертуге мәжбүр болды. Съезд шаруашылық мүддені іске қосудың жаңа жүйесін жасаудың шараларын белгіледі, яғни «Соғыс коммунизм» саясатынан жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылдады.
Кеңес үкіметі мемлекеттің қолында ірі өндіріс орындарын, банкті қалдырып, жеке капиталды өндіріске ендіруге рұқсат берді. Мемлекеттік жерлер, кішігірім мемлекеттік кәсіпорындар белгілі мерзімге жеке шетел ұйымдары мен тұлғаларға жалға берілді. Сауда бостандығы жүзеге асырылды, яғни мемлекеттің бақылауымен жеке саудаға рұқсат берілді. Сауда негізінен ауыл мен қаланың ортасындағы негізгі байланыс көзіне айналып, сонымен қатар мемлекеттік және кооперативтік сауда да дамуы тиіс болды. Жеке ауыл шаруашылық қожалықтарына, жеке меншіктегі кішігірім кәсіпорын иелеріне жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат берілді. Еңбекке деген міндеткерлік және еңбек армиялары жойылды. Өндіріс орындарын жұмысшы күшімен қамтамасыз ету еңбек биржалары арқылы жүзеге асырылатын болды. Елдегі ақша жүйесін нығайту, ақысыз қызмет көрсетуді жою, еңбекке ақшалай жалақы төлеу міндеттелді.
Жаңа экономикалық саясаттың аясында қабылданған міндеттердің ішіндегі ең маңыздысы — азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастыру туралы шешім болды. Азық-түлік салғырты кезінде шаруа қожалықтары өндірілген өнімнің өзін қамтамасыз етуге қажетті үлесінен артығын мемлекетке тапсыруға міндетті еді. Азық-түлік салығының ендірілуі, яғни белгіленген мөлшердегі ғана салықты өтеуге байланысты, олар өндірілген өнімнің артығын өз еркімен пайдалану құқығына ие болды. Бұл ендірілген салық жүйесіндегі өзгеріс өндіруші шаруа қожалықтарына өте қолайлы болды. Себебі, олар өндірілген өнімнің белгілі мөлшерін ғана мемлекетке тапсырып, қалған өнімді сатуға немесе өзінің басқа қажеттерін етеуге мүмкіндік алды. Осыған байланысты енді шаруа қожалықтары егістік көлемін ұлғайтуға, сөйтіп өнімді көп өндіруге, яғни еңбек өнімділігін арттыруға ынталы болды.
ЖЭС-тіің аясында нарықтық қатынастардың күшеюі сауданың дамуына ықпал етті. Ал ол болса ақшаның тұрақтануына әсерін тигізді. 0сы жағдайға байланысты ЖЭС-тің алғашқы кезінде ендірілген салықтың натуралды түрін партияның XIIсъезі (1923 ж. сэуір) ақшалай түрде де өтеуге мүмкіндік берумен алмастырды. Ал 1924 жылы салықты өтеудің тек ақшалай түріне толық көшірілді.Осы жылы ақпан айында Кеңес үкіметі ақша реформасын жүргізіп, кеңестік ортақ жаңа ақша өлшемі тұрақты сомды енгізді. Осы жағдайлар Қазақстанда жәрмеңкелік сауданың кең өрістеуіне жол ашты. 1926 жылы Қазақстанда 128 жәрмеңке жұмыс істеді. Бұл кездегі ірі жәрмеңкелер қатарына — Ойыл, Қоянды, Қарқара, Темір, Көкшетау, Атбасар жәрмеңкелерін жатқызуға болады. Осы кездеп жәрмеңке саудасының жалпы айналымы 20—23 млн. сомды құрады. Сондай-ақ, осы өркендей бастаған жәрмеңкелік сауда да ауыл шаруашылығының дамуына ықпалын тигізді.
Қазақстанда 1921—22 жылдары ЖЭС аясында жүргізілген шаралардың бірі жер-су реформасы болды. Реформаның негізгі міндеті 1920 жылы құрылған ҚАКСР-нің аумағында қазақ жерлерін біріктіру болды. Патшалық биліктің жүргізген саясаты нәтижесінде Қазақстанда жер мәселесі өте құрделі мәселелердің біріне айналған еді. Осыған байланысты Қазақ автономиясы құрамында жер саясатын жүргізші жетекші орган - Жер комитеті құрылды. Ол қазақ автономиясы аясында қазақ жерлерін біріктіру мақсатымен 1921 жылы 7 ақпанда декрет қабылдады. Қазақ АКСР-нің Жер комитеті қабылдаған бұл декрет бойынша кезінде көш-қон қорына (переселенческий фонд) тартып алынып, пайдаланылмай тұрған Семей, Ақмола, Торғай және Орал облыстарындағы бос жатқан жерлер, олардың 1917 жылға дейін алынғанына қарамастан қазақтарға қайтарылады. 1921 жылы 19 сәуірде Жер комитеті кезінде патша үкіметінің Сібір және Орал казак әскерлерінің тартып алған жерлерін қазақтарға қайтару туралы шешім қабылдады. Осы декретке сай қазақтар Ертіс өзені бойында 177 мың, Орал өзені жағалауында 208 мың десятинадан астам жерлерді қайтаруға тиіс болды.
1922 жылы 26 тамызда Федералды Жер комитеті мен БОАК-ті "Қазақстанда негізгі еңбекпен жерді пайдалану туралы" заң қабылдады. Ол заң 31 тамызда күшіне енді. Бұл заң бойынша әркімнің өз жерінде қалуға және ол жерді пайдалануға құқығы болды. Жер заңға сәйкес құжатталған жағдайда ғана оны пайдаланушы сол жердің иесі болады. Ал даулы жерлерге заңға негізделген съездің немесе жер органдарының шешімі қажет болды.Алайда осы негізгі заңнан соң 1922 жылы 30 қазанда Кеңес үкіметі Ресей аумағын түгел қамтыған "Жер кодексін" қабылдады. Осы кезден бастап жер туралы бүкіл мәселенің бәрі мемлекеттің идеологиялық құндылықтарына негізделген құқыққа ие болды. Бұл кодекс бойынша жермен тұрғылықты халық қамтамасыз етілуі керек болды. Сонымен бірге автономияларға қосымша ұсыныстар мен негіздемелер жасауға рұқсат етілді. Бұл кодекс отырықшы-егіншілікпен айналысатын аудандарды қамтыды да, көшпелі аудандар мүлде кірмей қалды. Соның салдарынан қазақ қоғамы жермен толық қамтамасыз етілмеді.
Кеңес үкіметі патшалық үкіметтің жер мәселесіндегі отарлық саясатын жойғысы келгенімен, іс жүзінде жерді пайдалануды таптық тұрғыдан шешті. Соның нәтижесінде жергілікті қазақ халқы мен қоныс аударушылардың құқығы теңестірілді. Осы жағдайлар жер және жерге орналастыру мәселесін шешуді өте қиындатқанымен, жаңа экономикалық саясат шеңберінде азық-түлік салғыртының азық-түлік салығымен алмастырылуы 3—4 жыл ішінде қазақ ауылы мен деревнясын дағдарыстан шығара бастады. 1925 ж. егістік жердің көлемі 3 млн. гектар болса, 1928 жылы 4 млн. гектарға жетті, яғни бұл 1913 жылдың (4,4 млн. га) деңгейіне жеткендігін көрсетеді. 1925 ж. 92 млн. пұт астық жиналса, 1927 ж. астықтың жалпы түсімі 104 млн. пұтты құрады. 1925 ж. мал саны 1922 ж. салыстырғанда екі есе өссе, 1925—1928 ж. аралығында жыл сайын 5%-ке артып отырды.
Сөйтіп, Кеңес үкіметінің елдің өнеркәсібін қалпына келтіру мақсатында жүргізілген шаралары кейін республика экономикасына орталықтың үстемдігінің мейілінше күш алуына әкелді. Өндіріс орындарын орталықтанған трестерге біріктіру, сонымен бірге өндіргіш күштерді региондарға орналастыруда кемшіліктерге жол ашты, яғни Қазақстан экономикасының ұзақ мерзімге шикізаттық сипатын айқындады.
ЖЭС аясында Республиканың халық шаруашылығында болған өзгерістер елдің дағдарыстан шыққанын, экономикалық дамуда жаңа үрдістің кең етек жайғанын көрсетеді. Елдің шаруашылық жүйесі нарықтық экономика қатынасына біртіндеп енді. Өлкенің экономикасы көп укладты сипатқа ие бола бастады, яғни әртүрлі меншік түрлерінің қатар өмір сүру мүмкіндігі пайда болды. Меншіктің әртүрлі түрлерінің қалыптасуы, олардың арасындағы бәсекелестік пен ұдайы өндірістегі бірін-бір толықтыруы халық шаруашылығының алға даму бағытын айқындады.Большевиктер таптық мүддені қорғау принциптерінен ажырамаса да, жаңа экономикалық саясат аясында мемлекеттің экономикаға араласуы шектелді. Мемлекет белгілі мөлшерде ғана көпукладты ұдайы өндірісті кредит, салық жүйелері аркылы ғана реттеп отырды. Экономикалық өмірдің нақты дамуын қамтамасыз ететін мұндай саясат өте орынды еді.
Ұзақ әлеуметтік даму барысында қалыптасқан дәстүрлі тауарлы шаруашылық мемлекет тарапынан ендірілген мұндай реттеуші бақылауға сәйкес келмеді. Мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған мұндай саясат ұсақ ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер тарапынан қарсылық тудырды. Олар өндірген өнімдерін төменгі бағамен сатудан бас тартты. Алайда бұл қарсылықты мемлекет өзі жүргізіп отырған саясаттың кемшілігінен деп есептемеді. Керісінше ол қарсылықты тап жауларының іс-әрекеті деп бағалады. Мемлекет тарапынан жеке шаруа қожалықтарына қарсы бақылауды күшейтті. Ұсақ тауар өндірушілерді әкімшілік жолмен бақылау мен ығыстыру саясаты сауданы шектеуге, яғни ЖЭС-тің шектелуіне әкелді.
Мұндай жағдай "соғыс коммунизм" саясаты тұсындағы әкімшілік басқару әдістерін жандандырды. Экономикалық даму жүйесіне әкімшілік тұрғыдан араласу большевиктердің негізгі жұмыс әдісіне айналды. Таңдау мүмкіндігі, еркіндік, шаруашылық еріктілік туралы заңдар тек қағаз жүзінде қалып отырды. Экономиканы жоспарлы түрде дамыту идеясы күш алды. Дағдарыстардың бәрі осы жоспарлаудағы кемшіліктерден деп есептелді. Жергілікті партия және кеңес органдары кооперацияны басқаруда әкімшілік әдіске жиі сүйенді. Алайда экономиканы мемлекеттің тарапынан жоспарлы түрде дамыту мен әкімшілік басқару әдістері нарықтық қатынаспен сәйкес болмады. Соған қарамастан таптық идеологияны ту еткен Кеңес үкіметі экономиканы жоспарлы түрде дамыту идеясына сүйеніп, 1925 жылдың аяғында өнеркәсіп өндірісін халық шаруашылығының жетекші саласы етіп белгіледі және оның жоғары қарқынмен дамуын қамтамасыз етті. Бұл ЖЭС аясында қалыптасқан көпукладты ұдайы өндірістік жүйенің қатар даму барысын шектеді, яғни 20-жылдардың аяғында ұсақ тауар өндірушілерге қарсы күресті күшейтті. Соның нәтижесінде нарықтық қатынас тоқырады, яғни ЖЭС тоқтатылды.


4. Кеңес өкіметі өзінің билігін Ресейдің империялық езгісін тартқан Орталық Азия мемлекеттеріне де орната бастайды. Ол кезде Орталық Азия мемлекеттері аумағының басым бөлігі Түркістан генерал-губернаторлығына бағынышты болатын.Жалпы Түркістан АССР-і 1918-1924 жж. аралығында өмір сүргені барша қауымға мәлім. Сондықтан да осы аралықтағы Түркістан республикасының конституциялық дамуын шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең 1918 жылдың 30 сәуірінен 1918 жылдың 15 қазанына дейінгі аралықты қамтиды. Яғни, Түркістан республикасының ресми түрде құрылуынан бастап алғашқы конституция қабылданғанға дейінгі кезең. Бұл аралықта конституцияның рөлін 1918 жылы 30 сәуірде қабылданған Түркістан республикасын құру туралы Ереже атқарады.
Екінші кезең 1918 жылдың 15 қазанынан 1920 жылдың 24 қыркүйегіне дейінгі аралықты қамтиды. Яғни, Түркістан республикасының алғашқы негізгі заңының әрекет ету аралығы. Бұл конституция Кеңес өкіметінің қалыптасу кезеңін көрсетеді. Асығыс қабылданған конституция өтпелі кезеңнің бет-бейнесін көрсетеді.
Үшінші кезең 1920 жылдың 24 қыркүйегінен 1924 жылдың желтоқсан айына дейінгі аралықты өамтиды. Яғни, Түркістан рсепубликасының екінші рсеми конституциясының әрекет ету аралығы. 1924 жылғы желтоқсандағы Түркістан АССР-ін тарату туралы шешім қабылданғанға дейінгі аралықта әрекет етті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет