Дәріс №1 «Рельс және арқалық өндірісінің технологиясы» пәні



бет4/7
Дата02.01.2022
өлшемі471.94 Kb.
#452325
1   2   3   4   5   6   7
1лекция РАӨТ

Прокат және оны өндіру

Прокаттың сортаменті. Прокатты төрт негізгі топтарға бөлуге болады: 1) сортты болат; 2) табақша болат; 3) прокаттың арнайы түрлері; 4) құбырлар.

Сортты болат (3-сурет) өз кезегінде жаппай тұтынатын профиль мен арнайы тағайындалған профильдерге бөлінетін болады. Бірінші топтағы профильдерге дөңгелек, квадрат, тілме және бұрыш болат, таспа, сым, швеллерлер, қоставрлы балкалар (онын ішінде жеңілдетілген типі мен кең сөрелер) және балкалар. Екінші топқа-рельстер. Құрылыста, машина жасауда және халық шаруашылығының басқадай салаларында қолданылатын ерекше пішінді профильдер.

Табақша болат, тіптен түрлі-түрлі қолдану табатын, табақшаның қалыңдығына байланысты екі негізгі топқа бөлінеді: қалың табақшалы - табақшаның қалыңдығы 4 мм жоғары, жұқа табақшалы - табақша қалыңдығы 4 мм төмен.

Прокаттың арнайы түрлеріне жататындар: табан темірлер (бандажи), тұтас жанасқан дөңгелектер және периодты профильдер (таспаның, ұзындығы бойынша айнымалы көлденең қимасы). Ондай прокаттың, айнымалы профильдері, мысалы арматуралық болат, құрылыс индустриясында темір бетондық конструкциялар жасау үшін пайдаланылады.

Болат құбырлар жіксіз және пісірілген болып бөлінеді. Болат құбырлардың үлесі прокаттың жалпы шығысында жыл сайын көбейеді. Кейінгі кездерде әсіресе пісірілген құбырлар өндірісі жылдам өсіп келеді.

Прокат өндірісінің негізгі технологиялық операциялары мыналар: алғашқы материалды дайындау, қыздыру, прокаттау және өңдеу.

1-квадратты; 2-дөңгелекті; 3-таспалы тілінген;4-алтықырлы; 5-бұрышты; 6-таврлы; 7-балкалы; 8-швеллерлі; 9-рельсты; 10-шпунтты; 11-зет тәрізді; 12-автообод сақинасы; 13-автообод

 

3 - сурет - Сортты болаттың профильдері





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет