Дәріс №1 «Рельс және арқалық өндірісінің технологиясы» пәні



бет2/7
Дата02.01.2022
өлшемі471.94 Kb.
#452325
1   2   3   4   5   6   7
1лекция РАӨТ

Созу

Сығымдау

Созу дегеніміз көлденең қимасының мөлшері берілген дайындаманың (1, б-сурет) өлшемдерінен кішкене болып келетін шыбықты немесе сымды волоканың (матрицаның) тесігі арқылы созу процесі. Созу процесі станоктарда жүргізіледі де, жіңішке және өте жіңішке сымдарды алу үшін, болаттар мен түсті металдардан дөңгелек және фасонды қималы шыбықтар мен құбырларды калибрлеу үшін пайдаланылады.

Сығымдау процесінде металды пішіндері мен өлшемдері сығымдалған түсті металдар мен қорытпалардан, сондай-ақ болаттардан алынған шыбықтардың, құбырлар мен фасонды профильді түсті бұйымдардың пішіні мен өлшемін анықтайтын матрицаның (1, в-сурет) дөңгелек немесе фасонды тесігі арқылы сығып шығарады. Сығымдау гидравликалық немесе механикалық престерде жасалады.

а - прокаттау; б - созу; в - сығымдау; г - еркін соғу; д - көлемдік штамптау; е - табақшалап штамптау

 

1 - сурет - Металдарды қысыммен өңдеу тәсілдерінің негізгі сұлбалары



Металды соғу дайындаманы жоғарғы және төменгі тоқпақтардың арасында (1, г-сурет) көрсетілген әр қилы ұста аспаптарын қолданумен сығып шығарудан тұрады. Еркін соғумен молоттарда немесе престерде қарапайым және күрделі пішінді (біліктер, шатундар, тісті дөңгелектер және т.б.) әр түрлі мөлшердегі шындалған темірлерді алады.

Штамптау дегеніміз металды штамптарда деформациялау процесі. Көлемдік және табақша штамптау болып бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет