Дәріс №1 Тақырыбы: Ғылыми зерттеу: мәні, негізгі сипаттамасы. Ғылыми іс-әрекеттегі зерттеу Дәріс жоспары



Pdf көрінісі
бет22/39
Дата25.09.2024
өлшемі0.54 Mb.
#504009
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39
Лекция (1)

 
3. Педагогикалық эксперимент 
 
Эксперименттік зерттеу адамзаттың қоғамдық тарихи және
теориялық, танымдық өміріндегі аса маңызды қырларының бірі, оның
ғылымдағы маңызы да үлкен.
Эксперимент - адамзат практикасындағы болжамдардың ақиқаттығын
тексеруге арналған әрекеттердің бірі. Ғылыми таным әдісі ретіндегі
педагогикалық эксперименттің мәні неде? Бірнеше анықтамаға жүгінейік: 
«Педагогикалық эксперимент дәл есепке алынған жағдайдағы оқу-тәрбие
құбылыстарына жасалған ғылыми тәжірибелер немесе бақылаулар».
Осының барысында тәрбие мен оқытудың шарттары мен оның


нәтижелерінің арасындағы қандай да бір педагогикалық ықпалдылықтың
тәуелділігі анықталады (Педагогикалық сөздік).
Эксперимент кезінде белгілі бір шарттар араларында, кейбіреулері
күшейеді, үшіншілері әлсірейді немесе мүлдем жойылады ( Педагогика, 
лекциялар курсы. Г.И.Шукина).
Эксперимент оқу-тәрбие үдерісіндегі мақсатты өзгерістерді жүзеге
асыруға және арнайы жасалған қоғамдық ортада педагогикалық
факторлардың әсері мен тұлғаларды тәрбиелеудің белгілі бір қырларын
зерттеуге мүмкіндік береді.
Педагогикалық эксперимент әр түрлі болуы мүмкін және ол
бірнеше белгілердің негізінде топтастырылады:
а) эксперимент шарты әрекетінің уақыты бойынша – ұзақ және
қысқа мерзімдік
ә) зерттелетін педагогикалық құбылыстың құрылымы бойынша
қарапайым және күрделі; 
б) зерттеудің мақсаты бойынша - педагогикалық үдерістің барысын
өзгертуші эксперимент (немесе оны қалыптастырушы эксперимент деп 
атайды), дәйектеуші эксперимент, бақылаушы эксперимент және т.б.
Экспериментті жүргізуді ұйымдастыру бойынша – лабораториялық,
табиғи,
кешенді болады
.
Дәйектеуші эксперимент игерілген білімді немесе белгілі бір
болжамдарды нақтылау, тексеру үшін пайдаланылады. Қандай да бір
педагогикалық үдерісті оқып-үйрену барысында педагогикалық ықпал
мен нәтиженің ара-қатынасын дәйектеу қажет болады.
Эксперименттің кез-келген түрі мынадай жағдайлардың болуын
талап етеді:
а) болжамдардың әзірленуі; 
ә) эксперименттік жұмыстар бағдарламасының жасалуы, практикалық
тәрбие тәжірибесіне қатысатын әдістердің анықталуы;
б) эксперименттік жұмыстар үдерісін жүзеге асыру үшін қажетті
шаралардың атқарылуы;
в) эксперимент барысы мен нәтижесін қаржыландыратын жолдар мен
тәсілдердің әзірленуі;
г) жетекші ғалымның, эксперимент жүргізушінің бұл жұмысқа
қатысатын барлық мұғалімдерді (студенттерді) әзірлеу;
ғ) зерттеу жүргізушілер мен зерттелетіндердің ара-қатынасының
дұрыс жолға қойылуы.
Әдістеменің қандай түрі жүзеге асырылса да мынандай талаптар
басты назарда болуға тиісті: 
1) Зерттелетін құбылысты оның алғашқы мәліметтері мен
болжамдарын анықтау үшін алдын-ала мақсатты бақылау жүргізу; 
2) Эксперимент пен эксперимент үшін алынған объектінің бір
деңгейде болуына жағдай жасау; 
3) 
Эксперименттік 
жұмыстың 
процедураларын 
жан-жақты
ыждағаттылықпен жүзеге асыру; 


4) Зерттелетін құбылыстың (объектінің ) даму барысына жүйелі
бақылау жасап, фактілерді дәл баяандау. Біздің баяандауларымыз дәлдігі
жағынан әр түрлі болса эксперименттік ықпал мен алынатын нәтиженің
өз-ара байланысын математикалық жолмен көрсететіндей жолмен баяандау
қажет болады. 
5) Фактілерді түрлі құралдармен және тәсілдермен тиісті
қондырғыларды, схемаларды, анкеталарды, тестілерді, психологиялық,
педагогикалық сипаттамаларды, математикалық аппараттарды пайдалана
отырып жүйелі түрде тіркеу (мүмкіндік болған жерде өлшемдер мен
бағаларды жазу ). 
6) Қайталанатын ситуацияларды жасау, шарттың сипатын өзгерту,
қайшылықты әрекеттер туғызу, бұрынғы мәліметтерді бекітетін (немесе
жоққа шығаратын) күрделі ситуациялар туғызу ; 
7) алынған нақты материалдарды эмпирикалық зерттеуден логикалық
жинақтауға, талдауға және теориялық өңдеуге кірісу.
Факті дегеніміз - себептердің салдары. Ал бұл себептер фактілердің
нәтижесінде алынған нәтижелермен салыстыру, олардың ара-қатынасын
анықтау жүзеге асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет