Дәріс №1 Тақырыбы: Ғылыми зерттеу: мәні, негізгі сипаттамасы. Ғылыми іс-әрекеттегі зерттеу Дәріс жоспары



Pdf көрінісі
бет23/39
Дата25.09.2024
өлшемі0.54 Mb.
#504009
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39
Лекция (1)

 
Бақылау сұрақтары: 
1. Зерттеудің теориялық әдістері 
2. Зерттеудің эмпирикалық әдістері 
3. Педагогикалық эксперимент 
 
 
 
Дәріс №8 
Тақырыбы: Теориялық және тарихи зерттеулердің әдістері 
 
Дәріс жоспары:  
1. Теориялық анализ және синтез
2. Абстрактілеу
3. Модельдеу 
4. Дедукция және индукция
1. Теориялық анализ және синтез
Зерттеу әдістері деп ғылыми-зерттеушілік міндеттерді шешу жолдарын 
айтуға болады. Олар ғалымның зерттеу объектісі туралы білімдерді алу 
құралы. 
Педагогика ғылымының зерттеу әдістерін сипаттаудан бұрын нақты 
зерттеушілік міндеттерді шешу үшін оларды таңдау ережелеріне тоқталайық. 
Біріншіден, кез келген ғылыми мәселені шешу үшін бір емес, бірнеше әдістер 
қолданылады және зерттеуші оларды зерттеп отырған құбылыстың 


табиғатына сәйкестендіреді. Екіншіден, зерттеу әдісі зерттеу пәні мен зерттеу 
барысында алынатын өнімге адекватты болуы қажет. 
Анализ және синтез жалпы алғанда ғылыми тануды дамыту амалдары 
болып табылады. Анализ және синтез бүтінді ойша бөліктерге бөлу және 
керісінше бөліктерді біріктіру процесі. Олар өзара шарттасқан процестер. 
Оларды бір-біріне қарсы қоюға, бір-бірінен бөліп алуға және біреуін артық 
бағалауға болмайды. 
Зерттеудің теориялық деңгейде логикалық ойлаудың көптеген 
формалары кеңінен қолданылады, оның ішінде әсіресе, анализ бен синтез.
Анализ бен синтез арқылы обьективтік мазмұнды жіктеуге болады. 
Анализдің көмегімен педагогикалық құбылыста оның кейбір жақтары, 
белгілері, ерекшеліктері, қасиеттері бөлініп қарастырылады.
Талдау өте күрделі құбылыстарды бөлшектеуге көмектеседі: бірыңғай 
фактілерді басқалардан бөліп алу, оларды бір-бірімен теңдестіру, қарама-
қарсы қою, қандай фактілер жиі, ал қандай фактілер сирек кездесетінін 
анықтау.
Педагогикалық құбылысты ғылыми тұрғыда талдау әрқашан синтезбен 
(жинақтаумен ) аяқталынады. Белгілі бір фактілерді талдай отырып, оларды 
топтаймыз және жүйеге келтіреміз. Талдау мен жинақтау зерттеушіге 
жинақталған фактілерді оқып-үйренуге, ондағы ең негізгіні, жалпы және 
жеке бөліктерін таба білуге көмектеседі .
Абстракциялау – кез-келген заттың қасиеті мен белгілерін сол заттың 
өзінен ойша бөліп алу процесі. Бұл затты терең білу үшін, басқа заттардан 
және басқа қасиеттерден, белгілерден бөліп алу қажет.
Абстракциялаудың 2 түрі бар: жалпылама және жеке дара. Нақтылау 
абстракциялық ұғымды соған сәйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру, 
яғни жеке заттар мен нәрселер туралы ой. Нақтылау абстракцияға қарағанда 
ұғымды көрнекі етіп түсіндіруге мүмкіндік берді. 
Жалпылау дегеніміз бір текті заттардың, құбыластардың ортақ 
қасиеттерін оймен біріктіру. Жалпылау үшін заттардың ерекше маңызды 
белгілерін таба білу керек. Жалпылау бізге сыртқы дүние заттардың мәнді 
белгілерін ажырата алуға жәрдем береді.
Жалпылау арқылы шындықтағы заттар мен құбылыстарды белгілі 
ұстаным бойынша орналыстыруды жүйелеу дейді. Жүйелеудің жоғары түрі 
классификация. Оны құру логикалық ережелерге бағынады: 
- бір классификацияда бірыңғай негіз болу керек;
- классификация мүшелері оның жиынтығын құрау керек;
- классификация мүшелері көлемі бойынша бірінен-бірі аспауы керек;
- кіші топтарға бөлу үздіксіз болу керек, яғни біртіндеп өсу немесе 
кему бойынша жүргізілуі керек.
Абстракцияның бірінші түрі көптеген заттардан жалпы бірдей 
белгілерді бөліп алу жолымен пайда болды.
Ал екінші түрі көптеген заттардың болуын қарастырмайды. Мысалы, 
педагог оқу үдерісінің көптеген белгілерінің ішінен біреуін оқу 


материалының беріктілігін өз алдына жеке қарастырады. Беріктілік дегеніміз 
не, оған қалай жетуге болады, материалды меңгерудегі оның ролі қандай? 
Абстакцияның сирек түрі – иделизация болып табылады, оның 
нәтижесінде идеализацияланған обьектілер туралы ұғым пайда болған. 
Мысалы, географиялық нүкте, идеалды газ т.б.
Теориялық зерттеулерде салыстыру, әсіресе салыстырудың ерекше түрі 
– аналогия кеңінен тараған. Аналогия бір обьектінің басқаға белгілі бір 
қатанасы негізінде эквиваленттілігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік 
береді. Онда құрылымы бойынша қарапайым объект модель болып қалады.
Модель – көмекші объектісі, адамның танымдық мақсатта таңдап алған 
негізгі объект туралы жаңа мәлімет береді. Модель - белгілі бір зерттелетін 
нысанның ой түсінігі арқылы немесе материалдық түрде жасалған шартты 
үлгісі (бейнесі, сұлбасы, сипаттамасы, т.б.). 
К.Д. Ушинский салыстыруды: «кез-келген түсінік пен кез-келген 
ойлаудың негізі» деп есептеді. Оқытудың әдістерін салыстырмалы түрде 
оқыту жемісті болып табылады. Осының негізінде оқыту әдістерінің әлді 
және әлсіз жақтары анықталынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет