Бақылау сұрақтары:
1. Озат тәжірибелерді талдау
2. Байқау әдісі
Дәріс №13
Тақырыбы: Әдебиеттермен жұмыс істеу
Дәріс жоспары:
1. Әдебиет көздері және оларды меңгеру
2. Әдебиеттермен жұмыс істеудің маңызы
3. Қажетті әдебиеттерді іздеу, олардың библиографиялық сипаты
4. Әдебиеттерді оқып үйрену
5. Ғылым тілі
1. Әдебиет көздері және оларды меңгеру
Ғылыми зерттеу іс-әрекетін дұрыс меңгеру үшін студент ғылыми
әдебиеттермен жұмыс істеуге үйренуі керек, яғни жарияланған ғылыми
жұмыстармен міндетті түрде танысуы керек. Бұл жұмыс «зерттелетін мәселенің
жағдайын талдау» деп аталады. Бұл оңай жұмыс емес. Себебі адамзат
мәліметтердің мұндай көлемін соңғы екі жүз жылда ғана жинақтады, тіпті
ғылымның тар шеңберінде-ақ зерттеуші жарияланғандардың арасында
көміліп калуы мүмкін. Мәлімет көздерін дұрыс талдау мен оны мақсатты
түрде меңгеру - зерттеушінің маңызды квалификациясының маңызды бөлімі.
Әдебиеттерді,
қолжазбаларды,
құжаттарды,
электрондық
материалдарды және өзге де мәлімет көздерін зерттелетін объектілердің
тарихы мен қазіргі жағдайын сипаттайтын фактілерге толы құрал ретінде
меңгеру зерттеу пәні туралы алғашқы ойды кұруға мүмкіндік береді.
Әдебиеттерді мұқият қарау белгіліні белгісізден ажыратуға, фактілерді,
жинақталған тәжірибені тіркеуге, зерттелетін мәселені айқын бейнелеуге
көмектеседі.
Ғылыми шығармашылықтың осы кезеңінде студент әдебиет
көздерінің негізгі жолдарын білуі керек және монография, брошюралар,
рецензиялар, оқу және әдістемелік құралдар, сонымен қатар диссертация,
диссертациялык авторефераттар сияқты маңызды әдебиеттер көздерін білуі
керек.
Монография - бір мәселені немесе тақырыпты жан-жақты теориялық
зерттейтін, ортақ көзқарастарды ұстанатын бір немесе бірнеше авторлардың
ғылыми еңбектері.
Ғылыми мақалалардың жинақтары - бір ғылыми мәселені әр түрлі
көзқараста қарастыратын бір немесе бірнеше авторлардың ғылыми
шығармалары.
Журнал мақалалары - мәселенің өзектілігі, теориялық және
қолданбалы маңыздылығы негізделіп, жүргізілген зерттеудің әдістері мен
нәтижелері бейнеленетін кішігірім көлемдегі ғылыми шығарма.
Брошюра - ғылыми-танымал сипаттағы кішігірім көлемдегі мерзімдік
емес баспа шығарылымы.
Рецензия - зерттеу өзектілігі, маңыздылығына талдау берілетін бір
немесе бірнеше ғылыми шығармаға берілетін сыни талдау, баяндау саласы
бағаланады, мамандығының пікірлері беріледі.
Оқыту немесе әдістемелік құрал - педагогикалық мақсатты көздейтін
баспа, заң бойынша, онда қандай да бір оқу курсының мәселелері ғылыми
негізде қарастырылып, тәжірибелік міндеттерді орындауға арналған
ұсыныстар беріледі.
Диссертация - қолжазба, ғылыми баяндама формасында орындалып,
монография немесе оқулық ретінде жарияланатын ғылыми шығарма және
ғылыми атақ алуға бағытталған квалификациялық еңбек ретінде қызмет
етеді.
Диссертация авторефераттары - мазмұнында автор құрған реферат бар,
брошюра түріндегі ғылыми баспа.
Ғылыми әдебиеттермен жақсы жұмыс істеу үшін студент келесі білік,
дағдыларға ие болуы керек: мәлімет жинау, оны шығармашылықпен өңдеу,
жаңа мәлімет беру, осылардың барлығына уақыт табу. Студенттердің оқу
мәдениеттерін тәрбиелеу туралы әңгіме болады, ол келесідей ұғымдардан
тұрады: яғни, жиі оқу, жылдам оқу, оқу түрлері, мәлімет іздеу жүйесімен
жұмыс істеу біліктілігі және кітапхана каталогтарымен жұмыс істеу
біліктілігі, оқудың рационалды болуы.
Әдебиет материалдарын көп табу үшін жылдам оқи алу керек. Осы
мәселеге байланысты арнайы әдебиеттер бар:
1. Вормсбехер В.Ф., Кабин В.А. 100 страниц в час: теория и практика
динамического чтения и рациональной работы с книгой. - Кемеровское
книжное издательство, 1980. – 146 с.
2. Зиганов М.А. Как повысить качество чтения. - М., 1996.
3. Зиганов М.А. Как повысить культуру чтения. - М., 1996.
4. Зиганов М.А. Как повысить скорость чтения. - М., 1996.
Минутына қаншалықты көп сөз оқылса, мәтінді соншалықты
рационалды және жылдам оқуға болады. Жылдам оқу - ең негізгі мақсат
емес екендігін ескерген жөн. Ол міндетті түрде мәтін мазмұнын меңгеру, ең
негізгі мәліметтерді саналы түсіну мен есте сақтау сапасымен бірге жүруі
керек.
Студенттің меңгеруін қажет ететін оқу әдістемесі келесі еңбектерде
мазмұнды келтірілген:
1) Усачева И.В., Ильясова И.И. Методика поиска научной литературы,
чтения и составления обзора по теме исследования. - М., 1986.
2) Усачева И.В. Курс эффективного чтения учебного и научного текста.
Уч.-мет. пособие для студ. 1-2 курсов университетов. - М., 1993.
Оқытудың мақсатын анықтай білу, оның әр түрлі түрлерін меңгеру өте
маңызды. Оқудың келесідей мақсаттары бар:
1. Мәлімет іздеу - маңызды мәлімет табу;
2. Меңгеру - мәлімет пен пікірдің логикасын түсіну;
3. Аналитикалық-сыни - мәтінді саналы түсіну, оған деген білім
алушылардың қатынасын анықтау;
4. Шығармашылық - мәліметті саналы түсіну негізінде оны
толықтырып, дамыту.
Арнайы әдебиеттерде оқудың келесідей түрлері келтіріледі:
- библиографиялық;
- көз жүгіртіп шығу;
- танысу;
- зерттеу;
- аналитикалық-сыни;
- шығармашылық.
Библиографиялық оқу - каталог карточкаларын, ұсынылған тізімдерді,
бір жылғы журнал мақалаларының тізімін қарастыру және т.б. Мұндай
оқудың мақсаты - библиографиялық сипаттар бойынша ары қарай жұмыс
істеуге қажет болатын мәлімет көздерін табу.
Көз жүгіртіп шығу - библиографиялық сияқты, құрамында маңызды
мәліметтер бар мәліметтерді іздеу үшін қолданылады. Әдетте бұған каталог
және әдебиеттер тізімімен жұмыс істегеннен кейін кіріседі, себебі олардың
көмегімен оқитын адам осы әдебиеттерде немесе мақалада оны
қызықтыратын мәлімет бар екендігін болжайды. Мәселені толық шешу үшін,
ол таңдалған материалдарды, олардың бөліктерін қарап шығуы керек.
Осындай қарап шығудың нәтижесінде мәлімет көзінің қайсысы алдағы
жұмыста қолданылатыны анықталады.
Танысу үшін оқу - таңдалған кітаптарды, мақалаларды, олардың
тарауларын, жеке беттерін толық, мұқият оқуды білдіреді. Мақсаты -
мәліметтің сипатымен толық танысу, автордың қандай мәселені
қарастыратынын анықтау, материалды маңызды және маңызды емес етіп
бөлу, зейін қоюды талап ететін жерлерін бөліп алу. Осындай оқудан кейін
мәлімет көзі жаңа емес және қажетті емес мәлімет ретінде не қалдырылады
не зерттеуге алынады.
Зерттеуші оқу – мақаламен, кітаппен танысу барысында таңдалған
материалдарды толық меңгеруді меңзейді. Осындай оқу үдерісінде оқушы
адамның авторға деген сенімі, барлық ұсынылған мәліметтерді қабылдауы
көрініс береді, материалдарды толық түсінуі мен меңгеру мақсаты қойылады.
Аналитикалық-сыни оқу және шығармашылық оқу - оқудың екі түрі
бір-бірімен жақын. Біріншісі, мәліметті сыни талдауға бағытталған,
екіншісі, жеке ойлар айтылатын пікірлер мен факторларды іздеу.
Зерттеу мәселесіне байланысты әдебиеттерді меңгеруді жалпы
жұмыстан бастаған жөн. Ғылыми әдебиет іздеу - күрделі жұмыс. Сондықтан
не мақаланы не кітапты қолға қарындаш ала отырып оқыған орынды. Егер
кітап не журналдың экземпляры өзіңіздің қолыңызда болса, шетіне белгі
қоюға болады. Бұл ары қарай қажетті материалдарды іздеуді жеңілдетеді.
Ғылыми мақалаларды кезеңмен меңгерген жөн:
- шығармамен толық танысу;
- барлық мазмұнына көз жүгірту;
- материалдың орналасуына байланысты оқу;
- шығарманың қандай да бір бөлігін таңдап алу;
- қызықты материалды жазып алу;
- жазылуына, оның басылуына сыни баға беру.
Меңгерудің мынандай да жолдарын ұсынуға болады. Дәптердің бетін
тік етіп екіге бөлу керек. Сол жағына оқығандардың ішінен жазылғандарға,
оң жағына өз ескертулерін жазуға болады.
Әдебиеттерді меңгеру кезінде барлық мәліметтер емес, тек қана зерттеу
мәселесіне тікелей қатысы бар және құнды, маңызды мәлімет қана
қолданылады. Әдебиет көздерін меңгеру кезінде, алдағы кезде оларды
пайдалану оңай болу үшін жазуға көп зейін бөлу керек. Қандай да бір
бөліммен жұмыс істей отырып, оның мәселемен байланысын әрқашан көре
білу керек. Мүмкін алынған мәлімет пайдасыз шығар: олар тұтасымен сирек
қолданылады. Сондықтан оларды мүқият таңдап, бағалау керек.
Кез-келген фактілерді емес, тек қана ғылыми фактілерді жинау керек.
«Ғылыми фактілер» ұғымы «факті» ұғымына қарағанда кеңірек.
Ғылыми фактілер дегеніміз, заттар мен процестердің объективті
қасиеттерін бейнелейтін, ғылыми білімнің негізін құрайтын элементтер.
Ғылыми фактілердің негізінде құбылыстардың заңдары анықталады,
теориялар құрылып, заңдар жасалады.
Ғылыми фактілер жаңалық, нақтылық, объективтік және дәлелділік
сияқты қасиеттермен сипатталады.
Ғылыми фактінің жаңалығы дегеніміз - жаңа, осы уақытқа дейін
белгісіз заттар, құбылыстар мен процестер туралы фактілер. Бұл міндетті
түрде ғылыми жаңалық емес, бірақ бұл біз білмейтін жаңа білім.
Ғылыми фактілердің нақтылығы объективті әдістермен анықталады
және заттар, құбылыстар мен оқиғалардың маңызды белгілерінің
жиынтығын, олардың сандық және сапалық белгілерін сипаттайды.
Фактілерді таңдау кезінде олар ғылыми объективті болу керек. Оларды
түсіндіру қиын немесе тәжірибеде қолданыс табылмағандығы үшін
фактілерді шетке шығаруға болмайды. Шындығында, ғылымдағы
жаңалықтың маңыздылығы зерттеушіге әрқашан айқын көрінеді. Ғылыми
фактілердің дәлелдігі оның сөзсіз шынайы бар екендігін сипаттайды. Егер
осындай дәлелдік болмаса, ғылыми фактілердің де дәлелдігі болмайды.
Ғылыми фактілердің дәлелдігі алғашқы мәлімет көзінің шынайылығына,
олардың мәліметтерінің сипатына тәуелді. Әрине, мемлекеттік не қоғамдық
ұйымдар, мекемелер мен ведомстволар тарапынан жарияланған арнайы
баспалар күмән тудырмауы керек.
Монография қандай да бір ғылыми мәселелерді немесе тақырыпты
толық және жан-жақты зерттеуден тұратын ғылыми баспа; ғылыми
конференцияның материалдарынан тұратын ғылыми жинақ; мекеменің, оқу
орындарының немесе маңызды ғылыми және ғылыми-техникалық
меәселелермен айналысатын қоғамдастықтардың зерттеу материалдарынан
тұратын ғылыми жинақтар - осы баспаның барлығының принципиалды
ғылыми мәндері мен практикалық қүндылықтары бар. Олар дәлелденген
мәлімет көзінің қатарларына жатады.
Ғылыми мақалаларға келетін болсақ, сенімділік позициясына қатысты
оларды түріне және қандай ғылым саласына жататындығына байланысты
қарастырылады: ғылыми-техникалық немесе гуманитарлық ғылымдар.
Гуманитарлық ғылымдар саласындағы теориялық мақалалар ғылыми-
техникалық мақалаларға қарағанда көп және пікірлергі, салыстыруларға,
сөздік дәлелдерге бай келеді. Оның мазмұнының дәлелдігі пайдаланған
алғашқы мәліметтердің дәлелдігіне тәуелді. Дегенмен бұл жерде автордың
позициясы, оның дүниетанымы маңызды орын алады. Сондықтан да оны
анықтап, және оның мазмұнын дұрыс бағалап, мақала авторының пікірінің
шынайылығын анықтау керек және соған сәйкес баға беру керек.
Бастапқы мәліметтің дәлелдігін тек қана мәлімет көздері емес, сонымен
қатар автордың ғылыми, кәсіби, беделі де куаландыра алады.
Барлық жағдайда тек қана соңғы мәліметтерді таңдап, ең беделді
мәлімет көздерін алып, материалдардың алынған жерлерін анық көрсету
керек. Әдебиет көзінен фактілерді таңдап алу кезінде оларға сыни қарау
керек. Өмірдің әрқашан тек қана алға жылжитынын, ғылым, техника мен
мәдениет даму үстінде болатынын естен шығармау керек. Кеше нақты
абсолютті дұрыс болып саналғандар бүгін нақты болмай, кейде қате болуы
да мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |