Дәріс №1 Тақырыбы: Ғылыми зерттеу: мәні, негізгі сипаттамасы. Ғылыми іс-әрекеттегі зерттеу Дәріс жоспары



Pdf көрінісі
бет31/39
Дата25.09.2024
өлшемі0.54 Mb.
#504009
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39
Лекция (1)

 
2. Байқау әдісі
Педагогикалық зерттеулерде қолданылып жүрген ең көп тараған әдіс -
байқау. Бұл сөздің педагогикалық мәнінде алғанда, белгілі бір педагогикалық 
ықпалдардың әсерімен қабылдау объектілерінде болып жатқан қандай да 
болсын құбылыстарды немесе өзгерістерді қадағалауға мүмкіндік беретін 
азды-көпті ұзақ уақыт қабылдауды байқау деп түсінуге болады.
Байқау, ең алдымен іс жүзіндегі материалды тәжірибе деректерін 
жинау мақсатын көздеп қолданылады да, байқалатын объектілірді бөліп 


алып, белгілі бір фактілер мен моментерді тіркеп отыратын, әдетте күні 
бұрын белгіленген жоспар бойынша жүргізіледі. Мәселен, қандай да болсын 
әдісті қолданғанда, сабақ үстіндегі білім алушылардың белсенділігін зерттей 
отырып, зерттеуші психикалық процестердің өтуін әр түрлі сипаттағы 
бірнеше оқушыны байқауына және білім алушылардың әрқайсысына ең көп 
интенсивті зейін қою көздерін анықтауына, зейін қоюы төмен оқушының 
басқа іске (танымдық емес) ауысқанын, білінген белсенділіктіің төмендеу 
сәтін табуына болады. 
Кейде байқау ісі қатысу формасында өтеді. Бұл жағдайларда зерттеуші 
бөгде байқаушыға емес, зерттеліп отырған процеске белсенді қатынасушы 
болып табылады. Байқаудың мұндай түрі тәрбие беру жұмысын 
ұйымдастыру және балалармен тығыз араласуға мүмкіндік беретін түрлі 
сыныптан тыс шараларды өткізумен байланысты құбылыстарды зерттегенде 
жиі орын алады.
Алайда, оқытудың (немесе тәрбие берудің) қандай да болсын 
құралдарының немесе әдістерінің тиімділігі туралы пайымдау және оларды 
жаппай практикаға кеңінен енгізуге негізделген ұсыныстар жасау үшін 
жоғарыда қарастырылған әдістер жиі жеткіліксіз болып шығады, өйткені 
бұлар негізінен алғанда педагогикалық құбылыстың тек сыртқы байланысын 
ғана көрсетеді. Бұл жағдайда педагогикада экперимент – оның 
педагогикалық тиімділігін анықтай түсу мақсатын көздеп, жұмыстың қандай 
да әдісін тексеруге қолданылады: бұл, әдетте дәл есепке алынатын 
жағдайларда жүргізіледі.
Ғылыми эксперимент құбылыстың ішкі заңдылығыын ашуға, осы 
педагогикалық құбылысты құрайтын толып жатқан жеке-дара жағдайларға 
апарып соғатын тұрақтылықты немесе тәртіптерді табуға тиіс болады. 
Экспериментті оқу-тәрбие үдерісінің табиғи барысын бұзбай-ақ, бүкіл 
сыныпта немесе бүкіл ұжымды оқыту жағдайларында өткізуге болады. 
Сондықтан да мұндай эксперимент табиғи эксперимент деп аталады. Кейде 
қандай да болсын әдісті тексеру үшін жаңадан негізделген немесе жеке 
оқушының елең етуін неғұрлым мұқият бақылауды жүргізу, енгізілген 
өзгерістердің нәтижелерін дәл есепке алуды қамтамасыз ету қажет болып 
келеді. Бұл жағдайларда педагогикалық экспериментті оқытудың бөлігімен 
бірнеше оқушыларды бөліп алып, жасанды жағдайларда өткізген жөн 
болады. Мұнда оқушылар өздерімен арнаулы эксперимент жұмысы 
жүргізіліп отырғандығын біледі. Мұндай эксперимент зертханалық 
эксперимент деп аталады. 
Тәжірибені зерттегенде, анықталған педагогикалық жұмыстың қандай 
да болсын ұстанымының, әдісінің нәтижелі болуының мүмкіндіктері туралы 
алдын-ала болжау болғанда, әдетте эксперимент жүргізіледі. Алдын-ала 
болжауды гипотеза деп атайды. 
Ғылыми гипотеза тәжірибені оқып үйрену негізінде емес, осы 
мәселелерді және оған шектес мәселелердің, тиісті ғылыми әдебиеттерден 
алынған мәселелердің даму тарихын талдаудан шығарылып алынған 
теориялық ой қорытындыларының негізінде тұжырымдалады. Бұл жағдайда 


эксперимент тәжірибе жасауда практикадан басталады. Кейде құнды әдісті 
тәжірибеде анықталған, қосымша тексеру экспериментте ажыратылып, 
мұндай эксперимент жасампаз эксперимент деп аталады.
Әдетте эксперименттің жасампаз бөлігі күні бұрын белгіленген 
бағдарлама бойынша жоспарлы байқау болып табылады. Сөйтіп сабақтың 
барысы хаттамаға жазылады немесе стенографияға түсіріледі.
Объективті деректерді неғұрлым толығырақ жинап алу үшін соңғы 
кезде байқау техника құралдарын пайдалана отырып жүргізіледі. Оқу немесе 
тәрбие беру үдерісі магниттік пленкаға жазылады: оны кино пленкаға 
түсіреді, жекеленген сәттерін фотографиялайды. Бастапқы немесе қосымша 
деректер мен фактілерді жинау үшін эксперименттер әңгімелесу, сауалнама 
әдісі, интервью алу, арналып берілген жазба немесе басқа шығармашылық 
жұмыстарды жүйеге келтіру мен класссификациялау керек ететін мұқият 
ғылыми зерттеу жүргізу үшін микрофильмдер түсіру де пайдалы.
Эксперименталды деректердің негізінде зерттеуші қажеттілер мен 
елеулілерін, кездейсоқ және ішінара дүниелерден бөледі, педагогикалық 
ықпал ету тәсілі мен қол жеткен нәтижелер арасындағы тәуелділікті 
анықтайды да, сайып келгенде осы ұстаным, әдіс мейлінше нәтижелі болып 
шыққан жағдайларды табады. Эксперименттің нәтижелері көбіне кестелер, 
диаграммалар, графиктер түрінде толтырылады. 
Экспериментті қолданудың негізгі қиыншылықтары оны өткізудің дәл 
есепке алынатын және теңдестірілетін жағдайларын жасаудың күрделілігі, 
әрі көптеген жағдайларының объективтік критерийлердің, оның нәтижелерін 
анықтау үшін көрсеткіштер мен өлшегіштердің жоқтығы болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет