қарсыластарды келтіруге болады.
Ғылымдағы
коммуникация.
Кез-келген
ғылыми
зерттеулер
ғалымдардың белгілі бір бірлестігімен жүргізіледі.
Себебі кез-келген
зерттеуші тіпті жақсы маманданған зерттеуші өзінің идеяларында, алынған
фактілерінде, теориялық құруда қателесу мен бұрмаланушылықтардан қашу
үшін өзгелермен ақылдасып, талқылауды қажет етеді. Жас зерттеушілердің
арасында «мен
ғылыммен өзім айналысамын, ал нақты нәтиже алған кезде
жариялап, талқылаймын және т.б.» сияқты ойлар жиі кездеседі. Бірақ,
өкінішке орай бұлай болмайды. Зерттеушіге педагогикалық ұжымда қарым-
қатынас міндетті түрде қажет, егер онда ғылыми жұмыс үшін жағдай
жасалса, немесе өзінің ғылыми қарым-қатынасын зерттелетін мәселеге
қатысты кез-келген ғылыми мекемеден таба алады.
Зерттеушінің ғылым
саласына сәйкес қызмет ететін барлық әріптестерімен тікелей және жанама
қарым-қатынас жасауына мүмкіндігі бар. Тікелей қарым-қатынас арнайы
ұйымдастырылған ғылыми және ғылыми-практикалық конференциялар,
семинарлар, симпозиумдар, ал жанама қарым-қатынас
ғылыми әдебиеттер
арқылы жүзеге асады: журналдардағы, жинақтардағы, кітаптардағы және
т.б. мақалалар. Бірінші және екінші жағдайда да зерттеуші бір жағынан өзі
қорғап және өзінің нәтижелерін жарияласа,
екінші жағынан өзге
зерттеушілердің, әріптестерінің айналысып жатқандарын тыңдап, оқиды.
Зерттеудің нәтижесін ендіру ғылыми іс-әрекеттің маңызды сәті болып
табылады, себебі ғылымның соңғы мақсаты алынған нәтижелерді тәжірибеде
қолдану. Дегенмен, ғылымнан алшақ жатқан нәтижелерді міндетті түрде
ендіру керек деп ойлайтын адамдардан сақ болу керек. Ендіру механизмі
басқадай. Жеке зерттеулердің
нәтижелері тезистерде, мақалаларда
жарияланып, содан кейін кітапқа, брошюраларға, монографияларға
жинақталады, содан кейін қысқарылған және жүйеленген түрде
жоғарғы
оқу орны оқулықтарына және педагог-практиктерге арналған әдістемелік
құралдарға айналады. Сонымен қатар зерттеулер әрдайым қолданыла
берілмейді. Зерттеулер ғылымды байыту үшін, оның теориясын дамытатын
фактілер арсеналдарын байыту үшін жүргізіледі. Тек қана фактілердің,
тұжырымдамалардың белгілі бір «критикалық массасын»
жинақтауда ғана
ғылым жетістігін жалпы тәжірибеге ендіруде сапалы дамулар болады.
Достарыңызбен бөлісу: