- іс-әрекеттік;
- полисубъектілік;
- мәдениеттанушылық;
- этнопедагогикалық;
- антропологиялық;
- аксеологиялық.
Жүйелілік тұрғысынан келудің мәні – зерттеу пәніндегі салыстырмалы
түрдегі өзіндік компоненттер жеке-жеке емес, бір-бірімен байланыста,
дамуда және қозғалыста қарастырылады. Ол жүйенің
басқа элементтерінде
жоқ жүйелік қасиеттер мен сапалық сипаттамаларды анықтауға мүмкіндік
береді. Жүйелілік тұрғыдан қарастырудың функционалдық және тарихи
аспектілері тарихилылық, нақтылық, жан-жақты байланыстарды және
дамуды ескеру сияқты зерттеу ұстанымдарын
бірлікте іске асыруды талап
етеді.
Жүйелілік
тұрғыдан
қарастыру
педагогикалық
теорияның,
эксперименттің және практиканың бірлігі принципін іске асыруды қажет
етеді.
Педагогикадағы тұлғалық
тұрғысынан қарастырудың мәні -
педагогикалық процесті құрастыру және іске асыруда оның мақсаты,
субъектісі, нәтижесі және тиімділігінің басты
критерийі ретінде тұлғаға
бағытталуы. Ол тұлғаның бірегейлігін, оның интеллектуалдық және
адамгершілік еркіндігін, сыйластыққа деген құқығын мойындауды талап
етеді.
Іс-әрекет
тұлға
дамуының негізі, құралы және шешуші шарты. Бұл
факт педагогикалық зерттеулермен педагогика практикасында іс-әрекеттік
тұрғысынан қарастыруды іске асыруды қажет етеді.
Іс-әрекеттік тұрғысынан қарастыру баланы тану, еңбек және қарым-
қатынас субъектісі позициясына қоюды талап етеді. Бұдан, өз кезегінде,
адамның мәні оның іс-әрекетімен салыстырғанда анағұрлым бай, жан-жақты
және күрделілігінен туындайтын полисубъектілік (диалогтік)
тұрғысынан
қарастыру пайда болды. Полисубъектілік тұрғысынан қарастыру адамның
позитивті потенциалына, оның өзін-өзі жетілдіру және тұрақты дамуының
шексіз
шығармашылық
мүмкіндіктеріне
сеніміне
негізделеді.
Полисубъектілік, тұлғалық және іс-әрекеттік тұрғысынан қарастырумен
бірлікте ізгілік (гуманистік) педагогикасының негізін құрайды.
Жоғарыда аталған әдіснамалық ұстанымдар мәдениеттанушылық
тұрғысынан қарастырумен бірге іске асырылады.
Мәдениет бұл жағдайда
адамзат іс-әрекетінің айрықша түрі ретінде қарастырылады. Іс-әрекеттің
әмбебап сипаттамасы ретінде, ол іс-әрекеттің әлеуметтік-гуманистік
бағдарламасын және бағытын,
құндылық ерекшеліктерін, нәтижелерін
анықтайды. Сонымен, тұлғаның мәдениетті игеруі оның шығармашылық іс-
әрекет әдістерін игеруін де көздейді.
Адам, бала нақты мәдени әлеуметтік ортада өмір сүреді және бір
этносқа жатады. Осыған сәйкес мәдениеттанушылық ұстанымынан
этнопедагогикалық
ұстанымы туындайды. Осыдан интернационалдықтың
(жалпыадамзаттықтың), ұлттықтың және даралықтың бірлігін көруге болады.
Аталған әдіснамалық ұстанымдар біріншіден, жалған емес, шын, айқын
мәселелерді бөліп алуға
және оларды шешу әдістерін, стратегиясын
анықтауға, екіншіден, өте маңызды білім бағдарламары жиынтығын
диалектикалық бірлікте және тұтастықта талдау, үшіншіден,
объективті
білімдер алуға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: