Дәріс №1 Тақырыбы: Ғылыми зерттеу: мәні, негізгі сипаттамасы. Ғылыми іс-әрекеттегі зерттеу Дәріс жоспары



Pdf көрінісі
бет21/39
Дата25.09.2024
өлшемі0.54 Mb.
#504009
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39
Лекция (1)

Индукция және дедукция 
Индукция - жалқыдан жалпыға көшу. Индукцияда белгіліден 
белгісізге көшу жүреді, эксперименталдық фактілерге, практикаға сүйене 
отырып талдау жасалынады. Индукция – эмпирикалық деңгейден теориялық 
деңгейге көшу формасы. 
Дедукция - жалпыдан жалқыға көшу. Дедукция - бір немесе бірнеше 
тұжырымнан логика заңдары және ережелері арқылы жаңа тұжырым жасау. 
(шындық ретінде алынған тұжырымнан бір жаңа тұжырым шығару). 
Модельдеуобъектінің белгілі бір сипаттамаларын зерттеу үшін 
оларды арнайы жасалған объектіде құрастыру. Модель мен түпнұсқаның 
қатынасы белгілі бір талаптарға сай болуы тиіс: 
- ғылыми тануда түпнұсқа модельмен алмастырылады; 
- модель зерттеушіге ол туралы ақпарат береді. 
Модель типтері: материалдық және идеалдық. 


Күрделі құбылыстарды модельдеу олардың кездейсоқ қатынастарын 
ажыратуға мүмкіндік береді. 
 
2. Зерттеудің эмпирикалық әдістері 
 
Педагогикада жиі қолданылатын зерттеу әдістерінің бірі - бақылау. 
Бақылау – зерттелетін педагогикалық құбылысты мақсатты түрде қабылдау 
арқылы нақты фактілер жинау.
Ғылыми педагогикалық бақылауға қойылатын талаптар: 
1. Бақылау алдын-ала белгіленген нақты мақсат бойынша жүргізіледі. 
2. Бақылау алдын-ала ойластырылған және жазылған жоспар бойынша 
жүргізіледі. 
3. Зерттелетін белгілер саны минимум болуы керек және оларды нақты 
анықтау қажет. 
4. Бақылаушы қателіктердің пайда болу мүмкіндігін және оларды 
болдырмау жолдарын алдын-ала ойластыруы керек. 
Педагогикалық бақылауды дайындаудың және жүргізудің келесі 
кезеңдерін көрсетуге болады: 
1) бақылау объектісін таңдау, мақсатын анықтау; 
2) бақылау жоспарын құру, құжаттарды дайындау (бақылау хаттамасы 
бланктерін, бақылаушыға нұсқаулар, құрал-жабдықтар және т.б.); 
3) бақылау мәліметтерін жинау (жазбалар, хаттамалар, кестелер және 
т.б.); 
4) бақылау нәтижелерін өңдеу және рәсімдеу; 
5) бақылау нәтижелерін талдау және қорытынды жасау. 
Бақылау түрлері: іштей (бақылаушы бақыланатын топ мүшесі болады) 
және сырттай; тұтас және таңдаулы. 
Сауал-сұрақ әдістері - әңгімелесу, интервью алу, сауалнама жүргізу.
Әңгімелесу – қажетті ақпаратты алу мақсатымен қолданылатын 
зерттеудің жеке немесе қосымша әдісі. Әңгімелесу алдын-ала жасалған 
жоспар бойынша анықтауды қажет ететін белгіленген сұрақтар бойынша 
жүргізіледі. Әңгімелесу еркін формада өткізіледі.
Сауал-сұрақ әдістерінің бірі интервью алу. Интервью алу барысында 
зерттеуші жоспарланған сұрақтар алдын-ала белгіленген қатаң бір ретпен 
қойылады.
Сұрақтар құрастыру барысында төмендегі талаптар сақталуы керек:
1) сұрау кездейсоқтық сипатта емес, жоспарлы болуы керек.
Алғашында оңай, соңына қарай қиын сұрақтар қойылады; 
2) әр сұрақты өзгертусіз қағаздан оқу қажет; 
3) сұрақтар міндетті түрде рет-ретімен қойылуы қажет; 
4) интервью қысқа уақытты болуы тиіс (оқушылармен – 15-20 
минуттан, ал үлкендермен 30 минуттан аспауы керек); 
5) интервью алушы жауап берушіге әртүрлі жолдармен ықпал етпеуі 
керек (бас шұлғу немесе келіспегенін білдіріп басын шайқау және т.б.); 


6) қажет болған жағдайда интервью алушы қосымша тек бейтарап 
сұрақтар қоя алады (мысалы, «Онымен не айтқыңыз келеді?», «Осы туралы 
толығырақ түсінік берсеңіз.»);
7) егер жауап беруші сұрақты түсінбесе оны қайта оқу керек; жауап 
берушіге сұрақты, сұрақта кездесетін түсініктерді түсіндіруге болмайды және 
сұрақ қайта оқылғаннан кейін де түсініксіз болса «Сұрақ түсініксіз» деп 
жазып қою керек; 
8) жауаптар тек интервью алу кезінде жазылады. 
Сауалнама алу – зерттеудің мәліметтерді жаппай жинау әдісі. 
Сауалнама алуға қойылатын талаптар: 
1) оның қолданылуының мақсаттылығы; 
2) қажетті ақпаратты алуға мүмкіндік беруі; 
3) сұрақтардың түсінікті болуы және бір-біріне қарама-қайшы келмеуі
4) сауалнама сұрақтары жауап берушіде теріс эмоция туғызбауы; 
5) жауап берушінің дайындық деңгейін ескеру. 
Сауалнама түрлері: ашық, жабық және аралас. 
Ашық сауалнамада сұрақтарға жауаптарды жауап берушінің өзі 
құрастырса, жабық сауалнамада дайын жауаптардың біреуін таңдайды.
Аралас сауалнамада сұрақтар ашық және жабық түрде болады. 
Сауалнаманың алғашқы сұрақтары жауап берушідегі эмоционалдық 
толқуды төмендетуі, оның қызығушылығын арттыруы тиіс. Сауалнамадағы 
ұзын күрделі ұйымдастырылған сұрақтар, жауаптарды бағалаудың ұзын 
шкалалары, ақпараттың көптігі, сұрақтар санының көптігі оның құндылығын 
төмендетеді. Респонденттің құзыреттілігін немесе шын жауап беріп 
отырғандығын тексеру үшін сұрақтарды басқа түрде қайта қоюға болады. 
Бірақ олар өте шектелген болуы тиіс.
Жауаптардың 
шындығын 
жоғарылатуға 
бірнеше 
әдістемелік 
талаптарды сақтау көмектеседі. Оның бірі - егер сұрақ туралы пікірі 
қалыптаспаса респондентке жауап беруден бұлтару мүмкіндігін тудыру. Ол 
үшін «жауап беруге қиналамын», «әр кезде әр қалай» және т.б. жауап 
түрлерін қарастыру керек. 
Жауап нұсқаларын құрастырғанда олардың оң және теріс 
нұсқаларының теңдігін сақтау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет