есінде толық ұстай алмайды. Сондықтан да әрбір зерттеуші ғылыми
мәліметті тіркеу және сақтау әдістерін білуі керек: әр түрлі жазбалар (жазып
алу, жоспар, аннотациялар, конспект және т.б.) және сызбалар жасау.
Жақсы есте сақтау үшін жазып алғандарға сүйене отырып, мәтінді
қайталаған жөн, сонымен қатар ұмытпай отырып кез-келген жазуды мәтіннің
библиографиялық мәліметтерінен бастаған жөн.
Жоспар - бұл мәтіннің қаңқасы, ол материалды бірізділікпен
баяндаудың ыңғайлы түрін көрсетеді, ол кітаптың кіріспесіне қарағанда
мәтіннің мазмұнын толық береді. Жоспар
оқылғандардың мазмұнын есте
қайта жаңғыртуда, ойды нақты құру дағдысын дамыту үшін, өзге де жазу
түрлерін жүргізе білу біліктілігін дамыту үшін ыңғайлы. Жақсы құрылған
жоспар мәтінді талдау біліктілігін, оның мазмұнын игеру деңгейін
көрсетеді. Жоспар материалды өңдеуді жылдамдатады, өзін-өзі бақылауды
жүргізуге көмектеседі. Жоспар тек мәлімет көзіндегілерді ғана айтады.
Жоспар пункттерін құру - күрделі үрдіс, бір күнде күрделі
жоспар
жасау мүмкін емес. Келесідей екі жолын көрсетуге болады:
1) қарапайым, қысқа жоспар құру және детальді пункттерін іздей
отырып күрделісін құру;
2) бірден толық қарапайым жоспар құру, одан кейін оларды күрделіге
айналдыру.
Тезистер - баяндаманың, лекцияның негізгі ойларының қысқаша
берілген түрі, меңгерілген материалды жалпылауға, негізгі ойды қысқаша
көрсетуге мүмкіндік береді және кітаптың,
мақаланың, баяндаманың
мазмұнын ашуға көмектеседі. Тезис құру үрдісі материалды терең өңдеуге
мүмкіндік беріп, оны түсінуге стимул береді. Әрбір тезистің көлемі - бірнеше
жол, ал барлық тезистердің жалпы көлемі ұсынылған мәлімет көзінің
көлеміне байланысты болады. Тезистер негізгі, қарапайым және күрделі
болып бөлінеді. Қарапайым тезистер кейде цитата түрінде жазылады,
мәтінмен алғашқы танысқан кезде құрылады, негізгілерін мәлімет көзінің
бағыттылығы мен мәнін толық түсінген кезде жазуға болады.
Негізгі
тезистер қарапайымдар базасында. Қорытындыда мәтінге және оның
қолданылатын аймағына жалпы баға беру керек.
Конспект - қысқаша, жазбаша баяндама немесе қандай да бір нәрсенің
(лекция, сөз, жұмыс және т.б.) мазмұнын жазу. Бұл оқу үрдісіндегі таңдалған
мәліметтерді бірізділікпен тіркеп отыру. Конспектілеу оқылған нәрсенің
негізгі мазмұнын сақтаудың тиімді жолдарының бірі. Дегенмен де
конспектілеу кезінде материалды белсенді шығармашылықпен меңгеру
жүрмейтіндігін ескерген жөн.
Конспектілеудің төрт түрі бар:
1. жоспарлы (жоспардағы әрбір мәселеге конспектінің белгілі бір
бөлігі сәйкес келеді);
2. мәтіндік (цитаталардан тұрады);
3. еркін (цитаталар, тезистерді біріктіреді);
4. тақырыптық (қойылған сұраққа бірнеше мәлімет көздерімен жауап
беру).
Жарияланған мәлімет көздерін конспектілеудің бір түрі -
цитирование. Мәліметтерді талдау мен жинақтау үрдісінде цитата қажетті
сүйеу болып табылады. Цитаталар жеке мәселелерді дәлелдеу үшін де
қолданылады. Нақты контексте цитатаны
қолданудың орынды екеніне
немесе мәліметті талдауда ойдың бұрмаланбағандығына көз жеткізу керек.
Бұрмаланушылықтың себептері әр түрлі болуы мүмкін. Бір жағдайда
автордың көзқарасының мәнін бере алмайтын сөз таңдалып алынуы
мүмкін. Келесі жағдайда - цитата ойдың бір ғана бөлімін, мысалы, ғылыми
жұмыс авторының қызығушылығына жауап беретін сөзбен шектелуі мүмкін.
Кейбір жағдайларда цитаталарда қарастырылып отырған пәнге байланысты
көзқарас баяндалмайды. Цитирование кезінде әрбір цитатаға сілтеме
жасалады және ол библиографиялық стандартқа сай болуы керек.
Цитатаның мәтіні тырнақшаға алынады және мәлімет көзінде келтірілген
грамматикалық формасында жазылады. Өзге автор келтірген ғылыми
терминдер тырнақшаға алынбайды. Бұндай жағдайда «келесідей аталатын»
сөзі қолданылады.
Ғылыми жұмыс мәтінінде цитаталар қолданудың бірнеше нұсқалары
бар. Бірінші нұсқа: цитатаға алынып отырған сөз нүктеден кейін басталса,
онда цитата бас әріппен басталады, мысалы: Еще В.А.Сухомлинский в свое
время отмечал: «Как нельзя воспитать
трудолюбия одними словами, так
нельзя воспитать его без серьезных, умных слов» (39, с.24). Екінші нұсқа:
егер цитата автор сөзінің ортасына жазылса, онда кіші әріппен басталады,
мысалы: Согласно мнению Г.З.Вульфова «вся педагогика - это сфера
духовного, учительская деятельность профессионально духовна по всей
сути, включая способность видеть себя, свою социальную роль в
успехах детей, их нравственном становлении» (7, с.49).
Цитатадан кейін
тырнақшаны жауып, жақша ашылады. Жақшаның ішіне цитата алынған
мәлімет көзінің әдебиеттер тізімінде тұрған нөмірі жазылады. Мәлімет
көзінің нөмірінен кейін үтір қойылып, «бет» белгісін білдіретін «б» әрпі
және цитата орналасқан бет нөмірі жазылады. Егер цитата екі бетте
орналасса, мысалы, бір беттен басталып, екінші беттен аяқталса, онда
келесідей жазылады: (45, с. 21-22).
Студенттерге кеңес:
1. Мәтінмен танысыңыз, алғы сөзді, кіріспені, мазмұнын, бөлімдері мен
параграфтарын оқыңыз, мәтіннің маңызды жерлерін бөліңіз.
2. Конспект жасаған мәтінге библиографиялық сипаттама жасаңыз.
3. Мәтінге жоспар құрыңыз - ол сізге материалды топтастырып баяндау
логикасына көмектеседі.
4. Мәтіндегі тезисті бөліп алып, мысалдар,
нақты фактілермен
бекіте отырып бірізді аргументпен жазыңыз.
5. Баяндаудың рефератты жолын таңдаңыз. Мысалы, «Автордың
ойынша ... », «ашады ... ».
6. Өз ұсыныстарыңызды, сұрақтарыңызды ойланып шетіне жазыңыз.
7. Қорыта келе конспект мәтінін жалпылаңыз, өңделген материалдың
негізгі мазмұнын анықтап, баға беріңіз.
Ғылыми тақырыпты таңдау үшін педагогикада және оған қатысы бар
білім саласындағы ең соңғы зерттеулермен танысу қажет. Әдеби
материалдарды талдау, жаңа мәліметтерді (эксперименттік, суреттемелік,
статистикалық) қорытындылау ғылыми ізденістің пәні болуы мүмкін.
Қажетті әдебиетті іздеу барысында зерттеуші өзі алған тақырыбының
басқа проблемалары мен мәселелері арасындағы орны мен маңызы туралы
түсінік алады. Сөйтіп, зерттеудің мәні мен оның бағыты жалпы деңгейде
мәлім болады.
Әдебиетпен тереңдеп танысу барысында мәселе нақтыланып өзгеріске
түсуі мүмкін.
Мәселе (проблема) бойынша негізгі
әдебиетті анықтамалық
басылымдардан табуға болады. Сөздіктерде, энциклопедияларда барынша
маңызды мақалалар библиографиялық көрсеткіштерге ие болған.
Достарыңызбен бөлісу: