жоспарын анықтап,
диссертацияларды, монографиялық және мерзімдік
әдебиеттерде көрсетілген тақырыпқа қатысты материалдармен танысқан жөн.
Архивтегі жұмысты ондағы оқу анықтамалық ақпаратпен танысудан
бастайды. Оған архив қорларының құрамды анықтамалығы болып табылатын
жолбасшылары архивтегі материалдарының анықтамалары мен каталогтары,
қорлар бойынша істердің жазбалары жатады.
Зерттеуші архив материалдарының
барлығы бірдей суреттеліп,
қорытылмағанын, сондықтан жұмысқа жарамды болмайтынын білген жөн.
Зерттеуші өзінің танысуға тиісті материалдар сақталатын қордың атауын
анықтап, ерекше карточкаларға өзіне қажетті материалдарды жазып
көрсетеді. Архивтегі жұмыс процесінде
бұл істің техникасы жылдам
меңгеріледі.
Архивтің «сақтау бірлігінде» төмендегідей түрлі тарихи педагогикалық
құжаттар кездесуі мүмкін: бұйрықтар, декреттер,
бұйрық-жарлықтар,
үкіметтік ұйымдар мен мекемелердің жедел хаттары, қоғамдық ұйымдардың
қаулылары
мен
шешімдері,
жиналыстардың,
мәжілістер
мен
конференциялардың стеннограмалары мен хаттамалары, оқу жоспарлары,
бағдарламалары, оқу орындарының және жеке тұлғалардың есептері т.б.
Осынау тарихи педагогикалық бастаулардың
бәрі архив істерінде
түпнұсқа және көшірме күйінде сақталуы мүмкін. Оның ішінде бағалысы әрі
сенімдісі түпнұсқа болып табылады. Ол тек қолмен жазылмай, машинкаға да
басылуы мүмкін. Оның автор немесе ұйым, мекеме жетекшісі қол қойған
данасы ерекше маңызға ие болады.
Егер түпнұсқа болмағандықтан зерттеуші
көшірмені пайдалануға
мәжбүр болса, оның шындыққа сай келетіндігі ресми бекітілген түрін негізге
алған жөн. Қол қойылмаған көшірмелер ақиқаттың көзі бола алмайды.
Оларды түпнұсқамен, ол болмаған жағдайда басқа көшірмелермен
салыстырып қарау керек.
Кейде архив ісінде бір мәселеге байланысты үш түрлі құжат:
жиналыстың немесе конференцияның хаттамасы және стенограммасы
кездесуі мүмкін. Бұл жағдайда қайсысын негізге алу керек:
әрине бәрі де
зерттеушінің мақсатына байланысты. Егер ол тарихи-педагогикалық деректі
қажет етсе қарарды (резолюция) пайдаланады. Ал оны пікірлер сайысы,
мәселені шешудің алуан себептері қызықтырса, ол әрине стенограммаға ден
қояды.
Достарыңызбен бөлісу: