Құрылымдық, даму ерекшеліктері мен қызметіне қарай ми бес бөлікке бөлінеді: артқы ми, мишық, ортаңғы ми, аралық ми, алдыңғы ми.

Артқы ми құрамына сопақша ми мен варолий көпірі, ортаңғы ми құрамына қызыл ядро, қара зат, төрт төмпешікті дене, торлы құрылым кіреді.
Аралық миға-көру төмпешігі (таламус), көру төмпешігі астындағы құрылым (гипоталамус), алдыңғы ми құрамына ми сыңарлары қыртысы мен қыртысасты түпкі ядролар кіреді.
Ақ заттар аралығында бөлек-бөлек нейрон шоғырлары жайылған. Бұлардың ішінде бас сүйек-ми жүйкелерінің V, VI, VII жұптарының ядролары, көлденең жолақ еттерді ширықтыруға қатысатын рефлекс орталықтары, ұйықтау және ұйықтамау (сергек болу) тәртібіне реттейтін торлы құрылым нейрондары бар.

Сопақша ми мен көпір, ортаңғы ми мен аралық ми ми бағанын құрайды. Сопақша мидың ұзындығы 25мм. Ол жұлынның жалғасы болады. Оның сұр заты нейрондардан тұрады,рефлекстік қызмет атқарады, ортасында емес, ядролармен шоғырланып шетінде орналасқан. Сопақша ми арқылы жұлынның барлық өткізгіш жолдары өтеді.

Сопақша мида үлкен жарты шар қыртысының қыртысты-ретикулярлы жолдары аяқталады. Бас сүйектен шығатын VIII, IX, X, XI, XII – жұп жүйкелерінің ядролары мен жұлын қызметін реттеуде маңызды рөл атқаратын торлы құрылымның бір бөлігі орналасқан.