Емі мен күтімі
Ұстама кезінде және ұстама арасындағы кезеңде бронхоспазмды жою үшін пуриндерге (эуфиллин, диафиллин, дипрофиллин және т.б.) көңіл бөледі, оларды парентеральды және аэрозольді түрде енгізуге болады. Адреналинге қарағанда бұл препараттарды тағайындаудың артықшылығы, оларды гипертониялық ауру, жүрек демікпесі, жүректің ишемиялық ауруы, бас миы тамырларының атеросклерозында енгізуде қарсы көрсеткіштері жоқ. Сонымен бірге эуфиллин және осы топтың басқа препараттары коронарлық, бүйректік қанайналымды жақсартады. Осылардың барлығы олардың гериатриялық тәжірибеде кеңінен қолданылуына себеп болады.
Адреналин бронхоспазмды тез басып, ұстаманы тыюды қамтамасыз ететіндігіне қарамастан, оны қарт және егде жастағы адамдарға, олардың гормоналды препараттарға жоғары сезімталдығын ескере отырып, абайлап тағайындаған жөн. Тері астына немесе бұлшықетке адреналинді енгізуді, тек бронх демікпесін ешқандай дәрілік заттармен тыю мүмкін болмаған жағдайда ғана қолданады. Препараттың дозасы 0,1% ерітіндінің 0,2–0,3 мл-нен аспауы тиіс. Адреналиннен тиімділік болмаған кезде, оны дәл сол дозада тек 4 сағат өткеннен кейін ғана енгізуге болады. Эфедринді тағайындағанда, ол жай, бірақ ұзақ әсер ету тиімділігін қамтамасыз етеді. Эфедрин қуықасты безінің аденомасында қарсы көрсеткіш екенін ескерген жөн. Бронхолитикалық әсерге изопропилнорадреналин дәрілері (изадрин, арципреналин сульфаты, новодрин және т.б.) ие болып келеді.
Трипсин және химотрипсин аэрозольдері және басқа қақырықты түсіретін заттарды қолданғанда, протеолиз өнімдерінің сіңірілуімен байланысты, аллергиялық реакциялар болуы мүмкін. Терапия барысында, оларды енгізер алдында гистаминге қарсы препаратты тағайындау керек. Бронх өткізгіштігін жақсарту үшін бронхолитикалық заттар қолданады.
Таңдау дәрісіне холинолитиктер жатады. Адреномиметиктерді (изадрин, эфедрин) көтере алмағанда, көп мөлшердегі қақырық және бронх демікпесі және ЖИА (брадикардиямен, атриовентрикулярлы өткізгіштіктің бұзылуымен жүретін) қосарлануы кезінде, холинолитиктер (атровент, тровентол, трувент, беродуал) тағайындалады.
Бронх демікпесінің кешенді еміне антигистаминді дәрілер (димедрол, супрастин, дипразин, диазолин, тавегил және т.б.) енеді.
Достарыңызбен бөлісу: |