Дәріс №1 Тақырыбы: Өткір және созылмалы бронхит. Бронх демікпесі. Бронхит Бронхит



бет2/6
Дата17.04.2024
өлшемі468.58 Kb.
#499060
1   2   3   4   5   6
Дәріс № 1 Бронхиттер. Бронх демікпесі

Созылмалы бронхит

Белгілері: Сілекейлі жөтел болады, ол айларға немесе жылдарға созылады. Кейде жөтел күшейіп, ыстық көтеріледі. Осындай жөтелге шалдыққан адам, егер онда туберкулез немесе демікпе сияқты созылмалы аурулар болмаса, созылмалы бронхитпен ауыратын болуы кереқ


  • Бұл ауру көбіне темекіні көп шегетін қарт адамдарға тән.

Созылмалы бронхит эмфиземаға соқтыруы мүмкін, ол өте ауыр, жазылмайтын дерт, мұнда өкпенің ұсақ ауа қалташалары істен шығады. Эмфиземамен ауыратын адамдардың дем алысы ауырлайды, әсіресе жұмыс істеп, қимылдағанда қиналады, оның кеудесі үлкен қапшыққа ұқсап қалады. бөшке кеуде
Эмфиема созылмалы демікпеден, созылмалы бронхиттен немесе темекі шегуден болуы мүмкін.

Емдеу жолдары:


  • Темекі шегуді тоқтатыңыз.

  • Құрамында эфедрин немесе теофиллин бар демікпеге қарсы қолданылатын дәрілер қабылдаңыз.

  • Созылмалы бронхитпен ауыратын адамдар әр салқын тиіп немесе тымау болып темпе-ратура көтерілген сайын ампициллин немесе тетрациклин ішуге тиіс

  • Егер науқас адамға қақырығын түсіру қиынға соқса, ол су буымен дем алуы керек және сонан соң оған айтылған әдістер бойынша қақырықты түсіруге көмектесіңіз.

Егер сізде созылмалы жөтел болса (немесе оның алдын алғыңыз келсе) — ТЕМЕКІ ШЕКПЕҢІЗ!

Бронх демікпесі
Соңғы жылдары бронх демікпесімен ауыру өте жиілеп кетті. Мұны негізгі 3 факторлармен байланыстыруға болады. Біріншіден, аллергиялық реактивтіліктің жоғарылауы. Екіншіден, химиялық өнеркәсіптердің дамуымен, қоршаған ортаның ластануымен және тағы басқа жағдайлармен қатынастың жоғарылауынан аллергендермен байланыс артты. Үшіншіден, бронх демікпесінің дамуына ықпал етуші тыныс алу жолдарының созылмалы аурулардың жиілеуі. Сонымен бірге аурудың жастық құрылымы да өзгереді. Қазіргі таңда бронх демікпесімен ауыратын барлық науқастардың 44% -ын қарт және егде жастағы адамдар құрайды. Қарт және егде жаста аурудың инфекциялық аллергиялық түрі кездеседі. Ол көбіне тыныс алу мүшелерінің қабыну ауруларының (созылмалы пневмония, созылмалы бронхит және т.б.) нәтижесінде туындайды. Осы инфекциялық ошақтан ағза өз тіндерінің ыдырау өнімдерімен, бактериялармен және токсиндермен сенсибилизацияланады. Бронх демікпесі өкпедегі қабыну үдерістерімен, жиі бронхит, бронхиолит, пневмониямен бірге басталуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет