Дәріс №1 Тақырыбы



бет6/8
Дата10.05.2023
өлшемі35.97 Kb.
#473469
1   2   3   4   5   6   7   8
№2 Дәріс ЛЗӘ

Идеографиялық әдіс (гр. іdios-ерекше, grapho-жазамын) синхронияда бір тілдің қасиеттерін зерттеуге арналған.
Номографиялық әдіс(гр. nomos-заң, grapho-жазамын) әлем тілдеріндегі жалпылықты, универсалияларды зерттеуге арналған әдіс, яғни бұл әдіс бір тіл шекарасынан шығып бірнеше тілдерді зерттейді.
Лингвистикалық зерттеулердің нәтижелері тілдің немесе тілдердің синхрониялық қалпын сипаттауға мәжбүр етіп, бұл зерттеулердің барлығын жаңа сала – дескриптивті лингвистика деп атауға негіз болды.
Синхрониядағы идиографиялық әдістер
Бұл әдістер тіл жүйесі ішінде берілген сөйлемдердегі парадигматикалық және синтагматикалық қатынастарды зерттеу үшін қолданылады. Сөйлемдер жазбаша немесе ауызша тілдерден алынады, соңғы жағдайда информанттарды пайдалануға болады.
Тікелей құрастырушылар бойынша талдау
Бұл әдістің мақсатысөйлемді екі бөлікке бөліп, суреттеу әдісі арқылы зерттеу. Аталмыш әдіс бойынша сөйлем екіге бөлінеді, кейде тіпті бөлінбейтін соңғы құрастырушыға дейін бөледі. Бұл бөлуді дихотомиялық бөлу (гр.dicha-екі бөлікке + tome-бөлу) деп атайды.
Негізгі ұғымдар:
Конструкция –тіл сызықтығында орналасқан кез-келген бірліктер тобы. Ол сөйлем, сөз тіркесі, композита (күрделі сөз) немесе туынды сөз (кітап/кітап-ша) болуы мүмкін.
Тікелей құрастырушы(ағылш. immediate constituents)конституэнттер ретінде конструкцияға кіретін элементтер.
Соңғы құрастырушылар – (ағылш. ultimate constituents) – тікелей құрастырушылардың (фонема, морфема) әрі қарай бөлінбейтін бірліктері.
Аллофон –фонема нұсқасы, альтернат. Фонеманың нақты манифестациясының бір түрі.
Алломорф – морфеманың нақты манифестациясының бір түрі, нұсқасы, альтернаты (орыс. друг-, друз-, друж-.).
Дистрибутивті әдіс
Лингвистика әдіснамасында дистрибутивтік әдіс маңызды орындардың бірін алады. Бұл әдіс бойынша мағынаның парадигматикалық және синтагматикалық қатынастарын есепке ала отырып, басты назар семантикаға аударылады.
Дистрибутивті әдіс (ағылш. distribution-бөлу, распределение) сөйлем ішіндегі сөздер мен сөз тіркестерінің аймағын жасанды түрде өзгерте отырып олардың семантикалық байланысын анықтау. Ол үшін төмендегі міндеттердішешу қажет:
1) Кез-келген конструкция ішіндегі лексика-грамматикалық байланыстарды зерттеу;
2) Жеке сөздер мен сөздер кластарының мағынасының құрамын айналасындағы сөздер негізінде анықтау;
3) Сөздер мен сөз кластары ерекшеліктерінің сандық мөлшерін анықтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет