Дәріс №1 Тақырыбы



бет7/8
Дата10.05.2023
өлшемі35.97 Kb.
#473469
1   2   3   4   5   6   7   8
№2 Дәріс ЛЗӘ

Негізгі ұғымдар
Дистрибуция– берілген сөздер класындағы барлық элемент қоршауының жиынтығы немесе аталмыш элементтің сөйлем ішінде кездесетін барлық лексика-грамматикалық қоршаудағы жиынтығы.
Қоршау Мыс. Бала су ішіп жатыр. Бұл сөйлемде «бала» және «су» сөздері, «ішу» етістігінің қоршауын құрайды.
Сөздің лексикалық класы конституент (гипоним) ретінде нақты бір сөздің жалпы ұғымын беретін сөздердің жиынтығы. Мысалы, қайың = ағаш; ұл бала = адам; су = сұйық зат;.
Сөздердің семантикалық маркері (фр. marquer-белгілеу, белгі жасау) сөздердің семантикалық немесе грамматикалық класын білдіретін шартты белгілер.
Семантикалық өріс – мағына ортақтығының негізінде біріккен және білдіріп отырған құбылыстарының ұғымдық, заттық немесе қызметтерінің ұқсастығын бейнелейтін тілдік бірліктердің жиынтығы.
Тіркесім (сочетаемость)  сөздің грамматикалық ерекшеліктерді ескермей белгілі бір семантикалық класс сөздерінің айналысында болу қабілеті. Бұл сөздердің конструкция ішіндегі сапалы түрде шектелуі.
Валенттілік – сөздің басқа сөз тұлғаларымен байланыса алу әлеуеті, басқаша айтқанда оның грамматикалық және лексикалық семантикасын ашатын, нақтылайтын басқа бірнеше сөз тұлғаларын иемдене алу қабілеті.
Актант етістік қоршауындағы семантикалық элементтер. Олар етістікпен берілген әрекетте міндетті түрде қатысады. Актанттар саны валенттілікті анықтайды. Мысалы, ішу етістігі. Бала су ішіп жатыр. Бұл етістік екі валентті.
Валенттілік түрлері. Етістіктің актанттармен байланысу қабілетінің күшіне қарай валенттіліктің үш түрін айыруға болады:
1) Міндетті валенттілік. Бірде бір актант түсірілмейтін жағдай. Мысалы: Студент сабаққа қатысады
2) Факультативті валенттілік. Бір актант түсіріліп айтылуы мүмкін. Мысалы, Бала (нан) жеп отыр.
3) Еркін валенттілік. Актанттар етістікпен байланысты болмаған жағдайда және олар сөйлемнен оңай алынып тасталынады немесе оңай қосылады. Мысалы, Арман түскі асты (асханада) сағат үште (досымен) ішті.
Субститутция – семантикалық класты анықтау мақсатында актанттардың орнын ауыстыру. Мысалы, Бала кітап оқып отыр. Сол жақтағы актант: бала, қыз, студент, жұмысшы = адам. Оң жақтағы актант: оқу, ашу, алу = қимыл. Бала кітап оқып отыр деген сөйлемнің орнына Студент кітапты алып жатыр деп ауыстыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет