Кейс-стади» (ағыл. Case-study ‒ «уақиға, жағдаят» және «зерттеу») ұғымы «нақтылы жағдаятты талдау әдісі» деп атауға болады. Ол оқыту кезінде де, нақтылы практикалық істерді талдауда да, зерттеу ісін жүргізуде де қолданылады. Кейс – әдісі білім алушылардың оқуға қызығушылқтарын арттырады және тұлғаның келешек маман ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Бұл әдіс оқушы тарапынан нақтылы мәселені шешуге қажетті шығармашылық қабілетін дамытуды қажет етеді және оның ой-өрісінің бейнелі көрінісі болып табады. Оқытушы да сол әдіске байланысты өзінің өмірдегі жағдаяттарды талдау мен бағалауға байланысты қабілетін де көрсетеді және жетілдіреді. Яғни екі тараптан да ойлау мен шығармашылық қабілеттері еркін ашылады.
Мультимедияның әдістемелік күші оқушыны бейнекөріністермен тез қызықтырып, көңіл күйіне көмек береді. Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдап көрсетуге болады. Бұл мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі.
Жаңа ақпараттық құралдарды түзету сабағында қолданғанда күтілетін нәтижелер:
- даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларға көмектеседі;
- оқушыларың сабаққа деген қызығушылығын арттырады;
- сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санынарттырады;
- оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді;
- оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады.
Портфолио – бұл оқытудың белгіленген кезеңінде тұрақты, жинақталынған оқушының басты жұмыстары және жеке бас жетістіктерінің бағалары. Портфолио бағалау үдерісіне ғана емес, сондай-ақ, өзін-өзі бағалауға, жеке тұлғаға бағытталған бағаға, шынайы бағалауға жуықталған. Дәстүрлі бағалау әдістерінен портфолионың айырмашылығы бұл оқушының өзіндік жұмыс режиміндегі әрекеттерінің үдерісі мен нәтижелері туралы негізделген ақпаратпен мұғалімді қамтамасыз етуі, оның өз әрекетінің нәтижелері туралы өзіндік бағалық пайымдарын іске асырудың шығармашылық мүмкіндіктері мен дағдыларын жетілдіру. Портфолионың ең басты артықшылығы оның оқыту сапасын әр түрлі позициялар бойынша жан-жақты және сан қырлы сипаттайтындығында: оқушының ойлау әрекетін, оның салааралық дағдыларын, мәселені анықтай алуын, ерекше міндеттерді шеше білуін, оқу пәндерін білуі және дағдыларды меңгеруін, нәтижеге қол жеткізуге деген табандылығын және т.б. бағалау. Оқыту портфолиясының педагогикалық идеясы бағалау формасы ретінде келесі жағдайларды қарастырады: - екпінді оқушының білмейтіні мен істей алмайтынынан, бұл тақырып, бөлім, пән бойынша оның білетіні мен істей алатынына ауыстыруды; - сандық және сапалық бағалардың интеграциясын; - сыртқы бағалауға қатысты өзін-өзі бағалаудың басымдылығын. Инклюзивті сыныпта портфолио оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін жете толықтыратын бақылау мен бағалаудың маңызды құралы болып табылады. Мұғалім әзірлейтін портфолио процессуалды, яғни оқу әрекетінің белгілі бір мерзімін қамтуы және визуалды (оқушының әрекет өнімдерінің материалдарын мұғалім папкаға, қағазға арналған қорапқа және т.с.с. салады) болуы тиіс. 41 Портфолиоға оқушының оқу әрекетіндегі қиындықтары мен оны түзету процесін көрсететін ғана емес, сонымен қоса баланың мықты жақтарын айқындайтын материалдар да салыну керек. Жалпы алғанда, мұғалім портфолиосы псифизикалық дамуында ерекшеліктері бар оқушының белгілі бір оқыту мерзімі барысында жеке жетістіктерін тіркеу, жинақтау және бағалау әдісі ретінде қарастырылады. Порфолио әзірлеу мұғалімге: - баланың жеке мүмкіндіктерін ашуға; - белгілі бір уақыт кезеңінде оқушының оқу жетістіктері динамикасын қадағалауға; - жеке оқу жоспарының бала мүмкіндіктеріне сәйкестігі мен нәтижелігін анықтау, соған сай түзетулер енгізуге; - оқушы тұлғасының қалыптасуы мен әлеуметтенуінің дамуын қадағалауға; - бала, ата-ана, мұғалім арасындағы кері байланысты жүзеге асыруға көмектеседі. Инклюзивті сыныпта оқушы өз бетімен жасайтындай портфолио енгізген жөн. Бұл мұғалімге бірқатар түзету міндеттерін шешуге мүмкіндік береді. Осылайша портфолио бойынша жұмыс әрбір баланың жеке мүмкіндіктерін барынша ашуға көмектеседі. Оқушы портфолиосының мақсаты келесіде: - оқушыда оқуға деген жауапкершілікті және дербестікті қалыптастыру; - өзінің оқуы мен әрекетінің нәтижелеріне сапалы баға бере алуын дамыту; - өзіндік қызығушылықтары, бейімдері, қажеттіліктерін талдау және оларды өз мүмкіндіктерімен сәйкестендіре алуын дамыту. Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балада өзінің дене жағдайын, зерде мүмкіндіктерін адекватты бағалау қабілетінің нашарлығын, қалыптылармен салыстырғанда біршама жоғары немесе төмен өзін-өзі бағалауын ескерсек, бұл фактор тұлғаның жағымды қасиеттерін дамытуға көмектеседі; - танымдық қызығушылықтар мен өздігінен біліп тануға дайындығын қалыптастыру; - портфолионың материалдарын өздігінен іріктеу табыс жағдайын туындатып, өзін-өзі бағалауды және өз мүмкіндіктеріне сенімділікті арттыруға әкеледі. Оқушылардың портфолиосын іріктеуді бастауыш сыныптарда бастауға және бұл жұмысқа сыныптың барлық оқушыларын тартуға болады. Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар немесе қалыпты дамыған баланың портфолиосы бойынша жұмыс ата-аналар тарапынан белсенді көмекті талап етеді. Мұғалім ата-анаға оның пайдалылығын көрсетуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |