Жүк айналымы деп белгілі бір уақыт аралығындағы белгілі бір бөлімше шеңберінде тасымалданатын жүктің жалпы санын атайды.
Жүк ағыны дегеніміз - белгілі бір уақыт аралығындағы тиеу-түсіру пунктерінің арасындағы бір бағыттағы тасымалданатын жүк саны. Жүк ағындарының жиынтығы кәсіпорынның жүк айналымын құрайды. Жүк ағынының кестесін тиімді құру деңгейі көлік қызметтерінің үнемділігіне ықпал етеді. Жүк ағынының кестесін құруда негізінен жүкті тасымалдаудыц ең қысқа жолдары, қарама-қарсы тасымалды болдырмау, көлік құралдарыныц бос жүрмеуін болдырмау шаралары қарастырылады. Ірі кәсіпорындарда жүк ағынының кестелері әкономико-математикалық әдіс бойынша және компьютерлік технология көмегімен атқарылады. Жүк ағыны әр уақытта әртүрлі болуы мүмкін. Осыған орай тәуліктік жүк ағынының максималды мөлшері былай анықталады. Әрбір цех пен қойманың жүк ағыны мәліметтері бойынша кәсіпорынның жалпы жүк айналымының шахматты кестесі жасалады, осының негізінде цехтардың, қоймалардың және жалпы кәсіпорынның жүк ағындарының кестесі жасалады. Шахматты кестеде тігінен жүкті тиеуші - цехтар мен қоймалар, ал көлденеңнен жүкті қабылдаушы - цехтар мен қоймалар көрсетіледі.
Жүк айналымы мен жүк ағындары негізінде көлік құралдарына деген қажеттілік және тиеу-түсіру жұмыстарының көлемі есептеледі. Цехаралық тасымалдар маятниктік және сақиналық жүйе бойынша ұйымдастырылады. Маятниктік жүйе 2 тұрақты пункт арасындағы жүк тасымалы үшін қолданылады. Сақиналық жүйе бойынша тасымалдауда жүкті бір пункттен келесі бір пунктке кезекпен тасып, ең соңында бастапқы пунктке қайта оралу негізінде бірнеше пункт арасында тасымал жүргізіледі.
Көлік құралдарының қозғалыс маршруттары құралдар уақыт бойынша да, жүк көтергіштігі бойынша да неғүрлым толық қолданылуы қамтамасыз ететіндегідей деңгейде ұйымдастырылуы қажет. Көлік шаруашылығын жетілдірудің басты бағыттары болып барлық тиеу-түсіру, тасымалдау жүмыстарын автоматтандыру, механикаландыру негізінде қол еңбегін мейлінше азайту, жүктердің жеткізілу пунктерін автоматты түрде белгілеу жүйелерін қолдану, өнеркәсіптік манипуляторларды қолдану, теледидар арқылы басқарылатын көлік құралдарын қолдану болып табылады. Сыртқы және цехаралық көлік жұмысын кәсіпорынның көлік бөлімі басқарады. Бөлім көліктің барлық түрлері бойынша тиеу-түсіру, тасу жұмыстарын жоспарлайды, кәсіпорынға әкелетін жүктердің тасылуын қамтамасыз етеді, цехаралық тасымалды және дайын өнімнің кәсіпорыннан сыртқа әкетілуін ұйымдастырады. Цехішілік көлік әдетте цехтің жоспарлы-диспетчерлік бюросының қарауында болады.
Көлік қызметін техника-экономикалық жоспарлау бес жылдық жоспар құрудан және тоқсаңдарға бөлінген жылдық жоспар жасаудан тұрады. Жоспарды құру барысында жүк айналымы мен жүк ағындары есептеледі, тиеу- тасу жұмыстарының көлемі, көлік құралдарына, материалдарға, жұмыс күшіне, еңбекақы қорына және тағы басқаға қажеттілік есептелінеді. Осының негізінде көлік және тасымал жұмыстарының өзіндік құнын калькуляциялау және шығындар кестесі жасалынады.
Кәсіпорынның көлік шаруашылығын ұйымдастыру деңгейі мынадай жалпылама керсеткіштермен сипатталады: көлік шаруашылығы жұмысшыларының жалпы өндірістік және қосалқы жұмысшылар санындағы орташа үлес салмағы, көлік құралдарының кәсіпорынның жалпы құралдары құнындағы орташа үлес салмағы, көлік құралдарының жүк көтергіштік уақыты және тағы басқа көрсеткіштер.
Көлік шаруашылығының міндеттері – барлық жүктердің өндірістік процеске сәйкес үздіксіз тасымалдануын жүзеге асыру, көлік құралдарын жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау, тасымалдау және тиеу – түсіру жұмыстарының шығындарын төмендету.
Мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарындағы көлік шаруашылығы жүктердің өндіріс сферасынан тұтыну сферасына қозғалысын ( магистральды
транспорт) жүзеге асырады немесе жүктердің кәсіпорын ішіндегі тасымалын (цех аралық транспорт, кеніш ішіндегі транспорт және т.б.) қамтамасыз етеді. Мұнайдың, мұнай өнімдері мен газдың сыртқы тасымалы әртүрлі құралдармен
орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |