Кәсіпорынның көлік қызметінің функциялары:
- көлік қызметінде қолданылатын нормативтерді өңдеу;
- жүк ағымдары мен жүк айналымын есептеу негізінде барлық көлік түрлеріне деген қажеттіліктерді жоспарлау;
- көлік құралдарының тиеу – түсіру жұмыстарын жоспарлау;
- қосалқы бөлшектерге деген қажеттіліктерді жоспарлау және оларды алу;
- кәсіпорынның барлық көлік түрлерімен қамтамасыз етілуін жедел жоспарлау;
- өндірістік процестерді көлік құралдарымен қамтамасыз ету;
- көлік құралдарын байқауды және жөндеуді ұйымдастыру;
- қозғалыс қауіпсіздігін ұйымдастыру;
- көлік құралдарына қызмет көрсетуді ұйымдастыру ( жанар май құю, жуу және т.б.);
- жаңа көлік құралдарын алуды, оларды мемлекеттік органдарда тіркеуді, жүк және адам тасымалдау үшін лицензия алуды, көлік құралдарын әстен шығаруды ұйымдастыру.
Көлік құралдарына деген қажеттілікті тиімді жоспарлау үшін кәсіпорынның жүк айналымы және жүк ағымдары анықталады.
Жүк айналымы – бұл кәсіпорында белгілі бір уақыт аралығында тасымалданатын барлық жүктердің сомасы ( немесе кәсіпорынның барлық жүк
ағымдарының сомасы ).
Жүк ағымы - белгілі бір уақыт аралығында цехтар мен қоймалар арасында белгілі бір бағытта орын ауыстыратын жүктер саны (т, дана, кг ).
Жүк ағымдары мыналардың негізінде есептеледі:
- тасымалданатын жүктердің түрі;
- жөнелту және жеткізу пункттері;
- пункттер арасындағы қашықтық;
- тасымалданатын жүктердің көлемі;
- тасымалдау жиілігі мен жүйелілігі.
Мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарындағы мұнай, мұнай өнімдері мен газ тасымалы көбінесе бүкіл өндірістік процестің тиімділігін анықтайды. Сондықтан кәсіпорын ұжымының маңызды міндеті вагондардың тұрып қалуын қысқарту есебінен көлік жұмысын жақсарту, тиеу – түсіру жұмыстарын механизациялау деңгейін арттыру, көліктің технологиялық процесін негізгі өндірістік цехтар жұмысымен үйлестіру болып табылады.
Көлік шаруашылығы мұнай мен газ тасымалымен қатар жабдықтарды, материалдарды, отын мен басқа да жүктерді жеткізумен айналысады. Көлік, сондай – ақ, кәсіпорын жұмысшыларын тасу үшін қолданылады.
Көлік шаруашылығын ұйымдастыру тиімділігі көбінесе көлік құралдарын дұрыс пайдалануға тәуелді болады.
Көлік жұмысын зерттеу нақты және жоспарлы жүк айналымын талдаудан, көлік құралдарының техникалық жағдайын және оларды пайдалануды талдаудан, пайдалану мен жөндеуді ұйымдастырудан және басқа да факторлардан тұрады. Мысалы, автомобиль көлігі үшін автомобильдердің техникалық дайындығын, жылдамдығы мен жүк көтергіштігін және т.б. сипаттайтын көрсеткіштерді анықтайды.
Көлік жұмысын жақсартудың негізгі бағыттарына мыналар жатады: жоспарлау деңгейін арттыру және көлік құралдарын жақсы пайдалану есебінен тасымалдарды рационализациялау (орталықтандырылған тасымалдар, жүріс уақытын арттыру және т.б.), тиеу – түсіру жұмыстары мен құю операцияларын кешенді механизациялау және автоматтандыру, жолдар құрылысын салу және қуаттылығы жеткілікті жөндеу базаларын құру.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер:
1. Фатхутдинов Р.А. организация производства: Учебник. – М.: ИНФРА-М, 2010
2. Волков В.В. Организация производства на предприятии. М.: - ИНФРА – М., 2010
3. Агарков Н.П. Теория организаций. Организация производства на предприятии. Москва 2010
4. Болотин А.С. Организация строительного производсва. Москва 2009
5. Раздорожный А.А. Организация производства и управление предприятием. Москва. ИД «Экзамен» 2009
6. Шепеленко Г.И. Экономика, организация, планирование производства на предприятии. Москва. ИД «Ростов-на-Дону» 2010
7. Герике Р. Контроллинг на предприятии. Берлин: АБУ-консальт ГмбХ, 2008
8. Синица Л.М. «Организация производства». Минск: УП «ИВЦ Минфина», 2008
9. Экономика и организация производства. Задачи и упраждения. Под редакцией профессора И.А. Дубровина. Москва: «КолосС», 2007
10. Маркина Т.В., Макаров В.М., Козловский. Производственный и операционный менеджмент. Санкт-Питербург, спец. литература, 2007
Қосымша әдебиеттер
11. Управление развитием организации. Модульная программа для менеджеров. – М.: Инфра – М., 2007
12. Зайцев Н.Л. Экономика промышленного предприятия. Практикум: Учебное пособие. – М.: ИНФРА – М., 2008
13. Савицкая Г.В. Экономика предприятия. – М.: ИНФРА – М., 2008
14. Жидлева В.В., Коптейн Ю.Н. Экономика предприятия: Учебное пособие. – М.: ИНФРА – М., 2008
15. Экономика предприятия в схемах. Составитель Д.И. Платонов. – М.: Приор. 2008
16. Экономика предприятия / Под ред. В.Я. Хрипача. – Мн.: Экономпресс, 2007.
Достарыңызбен бөлісу: |