Дәріс №13 Балалар мен жастардың ынтасын дамытудағы тәрбие жұмыстары Мақсаты


Мектептің тәрбие жүйесінде балалардың қоғамдық құрылымы



бет3/4
Дата20.05.2022
өлшемі23.83 Kb.
#458460
1   2   3   4
Д ріс №13 Балалар мен жастарды ынтасын дамытуда ы т рбие ж мыст

3. Мектептің тәрбие жүйесінде балалардың қоғамдық құрылымы. Мектептің тәрбие жүйесінде балалардың қоғамдық құрылымы:
- оқушылардың өздерін-өздері басқаруларының әрқилы формалары, органдары (жоғары сынып оқушыларының кеңестері, мектеп комитеті, думалар және т.б.);
- мектеп (оқушылар) ұйымдары;
- қосымша білім беру жүйесінде жұмыс істейтін балалардың қоғамдық бірлестіктері, ұйымдары;
- ұжымдық шығармашылық істері, ойындар, спорттық, туристік-өлкетанушылық жарыстарды дайындау және өткізу бойынша кеңестер, штабтар сияқты уақытша балалар бірлестіктері;
- балалардың өз бетінше жұмыс істейтін бағдарлы бірлестіктері (нақты сала бойынша білімді кеңейту, тереңдету) арқылы көрініс береді. Осындай балалар бірлестіктерінің әрқайсысының мектептің тәрбие жүйесіне ықпал ету ерекшеліктері мен тәсілдері бар. Мектептің тәрбие жүйесінде оқушылар ұйымдарының алатын орны ерекше. Олар мемлекет анықтаған мектептің негізгі міндеттерін шешетін педагогикалық ұжымның одақтастары, оқушының құқығын қорғаушылар, педагогтармен бірге өткізілетін мектептік олимпиадалардың, конкурстардың, байқаулардың, шығармашылық көрмелердің, пәндік апталықтардың белсенділері. Олардың іс-әрекеттерінің негізгі объектілері - мектеп, оқушы, «мұғалім - оқушы», оқу іс-әрекеті. Оқушы іс-әрекеттерінің мектептегі рөлі мен орны, оның оқушылар, педагогтар, ата-аналар алдындағы беделі – мектептегі тәрбие жүйесі нәтижесінің көрсеткіші. Мектеп пен балалар қоғамдық құрылымының өзара әрекеттестігінің негізгі мағынасы – мақсаты мен нәтижесі бала. Ұжымдық шығармашылық (И.Т.Иванов) істің мәні – әрбір және барлық балаларды әржақты дамыту және қалыптастыру, әлеуметтік өмірге олардың белсенді және мейірімділікпен қызмет етуі.
ҰШІ мына кезеңдері:
1. Ұжымның алдан-ала істелетін жұмыстары әңгімеден басталады. Онда шешуге тиісті мәселелер ұсынылады, талқыланады, қай жерде қанша уақыт істейді т.б.
2. ҰШІ жоспарлау жалпы жиналыстарда талқыланады. Әрбір ұжым мүшесі өз пікірін айтып, жоспарда көрсетілген мәселелерге байланысты сұрақтар қойып, ұсыныстарын кіргізеді.
3. ҰШІ анықтау және дәлелдеу. Жасалған іс жобасын талқылайды, жұмысты бастауға кіріседі.
4. ҰШІ өткізу. Дайындық қорытындысын шығару.
5. ҰШІ аяқтау.Қорытындысын шығару. Не жақсы болды? Себебі не? Келешекте нені ұсынамыз?
6. Ұжымдық іске қорытынды жасалғаннан кейін арнайы жиында айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру, келешекте іс-әрекеттердің мақсатын, мазмұнын және бағыттарын белгілеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет