Дәріс №17 Тақырыбы: Еңбекті техникалық мөлшерлеу әдістері. Техникалық нормалау. Жоспар



бет2/3
Дата08.01.2024
өлшемі27.15 Kb.
#488672
1   2   3
ДӘРІС 17

Еңбек нормаларының түрлері
Жұмысшылардың еңбегін нормалау кезінде еңбек нормаларының мынадай түрлері қолданылады: уақыт, өндіру, сан, қызмет көрсету нормалары, сондай-ақ нормаланған тапсырмалар.
Уақыт нормасы – бұл тиісті біліктілігі бар бір қызметкердің немесе қызметкерлер тобының белгілі бір ұйымдық-техникалық жағдайларда жұмыс бірлігін орындау үшін белгіленген жұмыс уақыты шығындарының көлемі.
Өндіру нормасы – бұл тиісті біліктілігі бар бір қызметкердің немесе қызметкерлер тобының белгілі бір ұйымдық-техникалық жағдайларда жұмыс уақыты бірлігінде орындауға (жасауға, тасымалдауға және т.б.) міндетті белгіленген жұмыс көлемі (өнім бірлігінің саны).
Қызметкерлер санының нормасы – белгілі бір кәсіптік-біліктілік құрам қызметкерлерінің белгілі бір ұйымдық-техникалық жағдайларда нақты өндіріс қызметін немесе жұмыс көлемін орындауы үшін қажетті қызметкерлердің белгіленген саны.
Қызмет көрсету нормасы – бұл тиісті біліктілігі бар бір қызметкердің немесе қызметкерлер тобының белгілі бір ұйымдық-техникалық жағдайларда жұмыс уақыты бірлігінің ішінде қызмет көрсетуге міндетті өндірістік объектілер (жабдықтардың, жұмыс орындарының және т.б. бірліктері) саны.
Нормаланған тапсырма – бір қызметкер немесе қызметкерлер тобы жұмыс ауысымында немесе жұмыс уақытының өзге бірлігінде орындайтын жұмыстың белгіленген көлемі.
Басқарушылық нормасы – бұл белгілі бір ұйымдастырушылық-техникалық жағдайда бір қызметкер басқаруға тиіс қызметкерлердің регламенттелген саны (бөлімшелер саны).
Еңбек нормалары жеке операцияға (операциялық нормаға) немесе операциялар тобына, жұмыстардың аяқталған кешеніне (ірілендірілген, кешенді норма) белгіленеді. Нормалардың дифференциация дәрежесі өндіріс типімен, өндірілетін бөлшектер (бұйымдар) партиясының көлемімен шығарылатын өнімнің ерекшеліктерімен, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру формаларымен айқындалады.
Ірілендірілген және кешенді нормалар өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) жоспарлы-есептік (есептік) бірлігіне, дайын бұйымға, буынға, бригадалық жиынтыққа, технологиялық оқшауланған операцияға, құрылыс кезеңі немесе объектісіне қарай белгіленеді.
Жұмыстарға белгіленген, ұйымдық-техникалық жағдайлары жағынан тұрақты еңбек нормаларымен қатар, уақытша және біржолғы нормалар қолданылады.
Еңбектің уақытша нормалары жаңа өнімді, техниканы, технологияны игеру, нормалар мен нормативтік материалдар болмаған кезде өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру кезеңіне еңбекті нормалау үшін белгіленеді.
Еңбектің біржолғы нормалары біржолғы сипаттағы (жоспардан тыс, авариялық) жекелеген жұмыстарға белгіленеді.
Еңбек нормаларының қандай да бір түрін қолдану өндіріс жағдайына, еңбек сипатына және басқа да факторларға байланысты. Еңбек нормаларының негізгі ең көп қолданылатын түрі уақыт нормасы болып табылады, себебі жұмсалатын еңбек мөлшерін жалпыға ортақ өлшеуіші болып табылады. Жұмыс уақытының шығыны өндіру, қызмет көрсету және қызметкерлер саны нормаларының негізіне салынған.
Еңбекті нормалауға арналған нормативтік материалдар
Еңбекті нормалауға арналған нормативтік материалдар (бұдан әрі – нормативтік материалдар) – жұмыстардың элементтерін немесе кешенін орындауға, жабдықтың, жұмыс орнының, бригаданың, құрылымдық бөлімшенің және т.б. бірлігіне қызмет көрсетуге, сондай-ақ өндірістің нақты ұйымдық-техникалық жағдайы мен факторына байланысты өлшем бірлігі ретінде қабылданған өндірістік функцияларды немесе жұмыс көлемін орындау үшін қажетті қызметкерлердің санына жұмсалған еңбектің (уақыттың) регламенттелген мәні.
Нормативтік материалдарға мыналар кіреді:
жабдық жұмысы режимінің нормативтері;
уақыт нормативтері;
регламенттелген үзілістердің нормативтері;
қызметкерлердің саны нормативтері;
қызмет көрсету уақытының нормативтері;
еңбек процессінің элементтері бойынша сараланған және ірілену дәрежесі белгіленетін еңбек нормаларынан төмен уақыт, өндіру және қызмет көрсету нормалары.
Жабдық жұмысы режимінің нормативтері – жабдықтың жұмыс параметрлерін едәуір оңтайлы пайдалануды қамтамасыз ететін регламенттелген өлшемдері. Олар зертханаларда да, сол сияқты өндірістік жағдайларда да әзірленеді, әзірлеу барысында жабдықтың кинематикалық және динамикалық мүмкіндігі ескеріледі.
Нормативтер өндіріс типін, жабдықтың, өңделетін материалдардың түрін, өңдеу, қолданылатын құралдардың сипаты мен жасалатын өнімнің ерекшеліктерін ескере отырып әзірленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет