Дәріс №17 Тақырыбы: Еңбекті техникалық мөлшерлеу әдістері. Техникалық нормалау. Жоспар



бет3/3
Дата08.01.2024
өлшемі27.15 Kb.
#488672
1   2   3
ДӘРІС 17

Уақыт нормативтері – еңбек процессінің жекелеген элементтеріне жұмсалатын регламенттелген уақыт көлемі, олар нақты еңбек нормаларын, нормаланған тапсырмаларды есептеуге, ірілену дәрежесі едәуір жоғары уақыт нормативтерін әзірлеуге арналған.
Уақыт нормативтері еңбек процессінің мынадай элементтеріне әзірленеді: еңбек қимылы, еңбек әрекеті, еңбек тәсілі, тәсілдер кешені, еңбек операциясы, сондай-ақ еңбек уақытын жұмсау түрлері: негізгі, қосымша жедел уақыт, жұмыс орнына қызмет көрсету уақыты, дайындау-қорытынды уақыты, толық емес жеке уақыт.
Қызмет көрсету уақытының нормативтері жабдық бірлігіне, жұмыс орнына және басқа да өндірістік бірліктерге қызмет көрсетуге жұмсалатын уақыттың регламенттелген көлемі.
Қызметкерлердің саны нормативтері – жұмыс көлемі бірлігін немесе оның жекелеген функцияларын орындау үшін қажетті жұмысшылардың регламенттелген саны.
Еңбек процессін оның құрамдас бөліктеріне және жұмыс уақытын жұмсау түрлеріне бөлуге сәйкес уақыт нормативтері сараланған және ірілендірілген деп бөлінеді.
Сараланған уақыт нормативтеріне жекелеген еңбек тәсілдерін, әрекеттерді және қимылдарды орындау нормативтері жатады. Еңбек қимылдары мен әрекеттерін орындау үшін әзірленген сараланған уақыт нормативтері микроэлементті нормативтер деп аталады.
Ірілендірілген нормативтер уақыт нормаларының бірнеше құрамдас бөлігі бойынша жекелеген тәсілдерге немесе еңбек процессінің едәуір ірі элементтері – тәсілдер кешені, операцияға белгіленеді.
Қолданылу саласы бойынша еңбек жөніндегі нормативтік материалдар салааралық, салалық және жергілікті болып бөлінеді.
Салааралық нормативтік материалдар еңбек жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіп бойынша әзірленеді және экономиканың әр түрлі салаларындағы ұйымдарда бірдей технология бойынша ұқсас өндірістік жағдайда жұмыстарды орындаумен айналысатын қызметкерлердің еңбегін нормалау үшін пайдаланылады.
Салалық нормативтік материалдар мемлекеттік басқарудың салалық органдарының шешімі бойынша әзірленеді және осы саласына тән жұмыстарды орындаумен айналысатын қызметкерлердің еңбегін нормалау үшін немесе жұмыстардың қандай да бір түрлеріне салааралық нормативтік материалдар болмаған кезде пайдаланылады.
Жергілікті нормативтік материалдар жұмыстардың жекелеген түрлеріне ұйымда тиісті салааралық немесе салалық нормативтік материалдар болмаған жағдайда, сондай-ақ ұйымда еңбекті нормалауға арналған қолданыстағы салааралық және салалық нормативтік материалдарды әзірлеген кезде ескерілгенмен салыстырғанда едәуір прогрессивті ұйымдық-техникалық жағдай жасаған кезде әзірленеді.
Уақыттың жұмсалу ұзақтығына әсер ететін факторлар
Нормативтерді әзірлеу сапасы сипаттамасының бірі еңбек құралының, жабдықтардың, технологиялық процесстің, өндірісті және басқаруды ұйымдастыру, еңбекті ұйымдастыру, санитарлық-гигиеналық және жалпы эстетикалық жағдайлар, қызметкерлердің кәсіби деңгейі мен олардың психофизиологиялық сипаттамасы ретінде қолданылатын уақыттың жұмсалуына әсерін тигізетін факторларды есептеу толықтығы болып табылады.
Жалпы жағдайларда факторлар қалыптасатын алдын-ала еңбек процесі мен нормативтерді әзірлеушілер тәжірибесінің мазмұнына негізделіп таңдалады, ал сонан соң алынған кемімелі (формулалардың) теңдеулерінің негізділігін сипаттайтын статистикалық өлшемдерінің негізінде нақтыланады.
Жұмыс түрлері бойынша алдын-ала топтастырылған нормативтер әзірленетін әртүрлі операциялардың орындалу ұзақтығына әсер ететін факторлар еңбек шығынының көлеміне операциялардың: техникалық, ұйымдастыру, психофизиологиялық, экономикалық, әлеуметтік және т.б. түрлері бойынша орындау кезінде әсерін тигізетін, өзгермейтін және ауыспалы факторлар келтірілуге тиіс кестелер түрінде ұсынған ыңғайлы.
Одан әрі зерттеу кезінде жұмыстың орындалу ұзақтығына әрбір (тәуелсіз ауыспалы) фактордың әсер ету дәрежесі анықталады және нормативтерді есептеу үшін қолданылатын эмпирикалық формула түрінде тәуелділік белгіленеді.
Эмпирикалық формула түрінде көрсетілген жалпылама деректер негізінде тәуелділікті айқындау нормативтерге таңдап алынған шеңберде жан-жақтылықты қосады, бұл оның сипаттайтын параметрлері қандай құрамда болуына қарамастан өнімнің кез келген бірлігін даярлауға арналған нормаларды есептеу үшін қолдануға мүмкіндік береді.
Бастапқы деректерді математикалық әдістермен өңдеу
Бастапқы деректерді талдау және өңдеу зерттелетін факторлардың әсер ету дәрежесін айқындау мен нормативтік формулаға енгізілетін негізгілерін таңдау, сондай-ақ:
— негізгі (кемімелі теңдеуі) факторлардан уақыт тәуелділігін таңдау;
— кемімелі (формуласы) теңдеуінің параметрлерін айқындау;
— алынатын нәтижелердің дұрыстығын тексеру;
— нормативтік кестелерді әзірлеуді қамтиды.
Жұмысшылардың еңбек шығынын нормалауға арналған нормативтік материалдарды әзірлеу мына:
— орташа көлемді есептеу;
— кемімелі теңдеуін дәлелдеудің графикалық талдау тәсілі;
— ең кіші квадрат әдісі;
— өзара байланысты — кемімелі математикалық-статистикалық әдістеріне негізделеді. Тәуелділік түрін таңдау біркелкі шкалалармен координаттар жүйесінде графикаға арналған бастапқы деректердің орналасудан кейін жүзеге асырылады. Егер нүктелердің орналасуы фактор мәнінің өсуімен уақыттың жұмсалуының біркелкі көбеюін (азаюын) көрсетсе, онда тәуелділік сызықтық болады. Егер графикадағы нүктелердің орналасуы турасызықты көрсетпесе, онда дәрежелік тәуелсіздік орын алады.
Бастапқы деректерді математикалық өңдеу және кемімелі теңдеуінің қорытындысы процесінде нормативтердің қажетті дәлдігі қамтамасыз етілуге тиіс. бұл үшін шығарылған қорытындылар ен қабылданған факторлар көлемінің негізінде факторлардың көлеміне сәйкес уақыт жұмсалуының нормативтік шамасын есептеу қажет.
Уақыттың жұмсалуы туралы бастапқы деректерге сәйкес алынған нормативтік көлемін салыстырғанда +/-15% аспауға тиіс нормативтіктен әрбір мәні бойынша жеке бастапқы уақыт шығыны ауытқуларының пайызы белгіленеді.
Асыру факторларды таңдау немесе тәуелділік және оған байланысты теңдеу сипатын анықтау кезіндегі кемшіліктер, сондай-ақ кейбір бастапқы деректердің ықтимал дәлелсіздігі туралы дәлелдейтін болады. Осы үшін бар кемшіліктерді анықтау және кемімелі теңдеуді қайта шығару қажет болады.
Нормативтерді орташа шамаларды есептеу әдісімен әзірлеу
Орташа шаманы белгілеу әдісін жұмысты орындау қиындығы мен оған әсер ететін факторлардың арасындағы, сондай-ақ жұмысшылардың жұмыс уақытының жұмсалуын бақылау нәтижелері бойынша алынған бастапқы материалдарды өңдеу кезінде нормативтерді әзірлеудің бірінші қадамында басқа, барынша прогрессивті әдіспен тәуелділігін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда нормативтердің барлық түрлерін есептеу үшін қолдануға болады.
Орташа шаманы есептеу әдісін нормативтерді әзірлеу процесінде қолданғанда мынадай жұмыстарды орындау көзделеді:
— қиындығы сол бір факторға байланысты жұмыстың белгілі бір түрлері бойынша уақыттың жұмсалуын өлшеу нәтижелерін топтастыру;
— төзімділіктің нақты коэффициенттері бойынша (бақылау нәтижелері) нақты хронологиялық қатарды бағалау. Егер төзімділіктің нақты коэффициенті нормативтіктен кем немесе тең болса, хронологиялық қатар төзімді болып есептеледі, ал егер төзімділіктің нақты коэффициенті нормативтіктен асып кетсе, хронологиялық қатар төзімсіз болып саналады, және оны жақсарту қажет, яғни төзімді қалыпқа келтіру керек;
жақсартылған хронологиялық қатардың орташа арифметикалық мәні ретінде нормативтік уақытты (еңбектің жұмсалуы нормасы) айқындау.


Бақылау сұрақтары:
1.Еңбекті нормалау
2. Еңбек нормаларының түрлері
3. Нормативтерді орташа шамаларды есептеу әдісімен әзірлеу
4. Бастапқы деректерді математикалық әдістермен өңдеу
Негізгі әдебиеттер:

  1. Б.Т Тұрысбеков, Е.Е Белгібеков, – «Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу» Алматы 2013, 360 б

  2. В.Г Карагодин Н.Н Митрохин Ремонт автомобилей и двигателей Москва 2014, 496 с




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет