Дәріс 19. Саяси билік: мәні мен жүзеге асыру механизмдері Дәріс жоспары


Қоғамдық қатынаста биліктің пайда болуы мен жүзеге асырылуының шарттары



бет4/25
Дата02.01.2022
өлшемі56.28 Kb.
#452922
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Саяси билік мәні мен жүзеге асыру механизмдері

Қоғамдық қатынаста биліктің пайда болуы мен жүзеге асырылуының шарттары:

  1. Кем дегенде билік қатынасының жеке адамдан немесе топтан тұратын екі өкілі болуы керек.

  2. Билікті жүзеге асыру үшін бағынбаған жағдайда жазалау шараларын қолданатындығы жөніндегі бұйрығы болуы тиіс.

  3. Билікті жүзеге асырушыға билігі жүретін адамдардың бағынуы керек.

  4. Бұйрықты берушінің оған құқы бар екендігін айқындайтын қоғамдық ережелердің болуы тиіс. Ол бұл бұйрықтың кімге қатынасты болса, биліктің жүргізушіге бағынуға міндеттілігін айқындауға тиіс.

Биліктің мәні оның көріністері арқылы белгіленеді. Оларға келесі көріністер жатады:басшылық, үстемдік, бағындыру, бақылау, ұйымдастыру, қадағалау. Осы тұрғыдан алғанда саяси билік – қоғамдық өмірді іске асыру құралы болып табылады деп есептеуге болады.

Саяси билік саяси институттар арқылы жұмыс істейді. Ол ұйымдар, мекемелер, техникалық, информациялык, адамдык. жайттар, қоғамдық қатынастарды ұйымдастыру мен реттеуді камтамасыз ететін ережелер арқылы іске асады. Биліктің қайнар көзі, бастауына бедел, күш, байлық, қан, адамның қоғамдағы алатын орны, ұйым, мүдде, білім және хабарлама акпараттар жатады. Билікті жүзеге асырғанда құқық, бедел, сендіру, әдет-ғұрып, дәстүр, амал-айла, қулық, күштеу, зорлау, еріксіз көндіру сияқты әдіс-амалдар пайдаланылады. Оны жүзеге асырудың түрлеріне үстемдік жүргізу, басшылық ету, үйлестіру, ұйымдастыру, бақылау жатады.

Сонымен, саяси билік деп адамдардың не сол адамдардан құрылатын басқа да әлеуметтік және институционалдық субъектілердің іс-әрекетінің бағытына, сипатына және мінез-құлқына экономикалық, идеологиялық т.б. әр түрлі механизмдер арқылы ықпал ету, қабілет пен мұмкінділік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет