Дәріс 19. Саяси билік: мәні мен жүзеге асыру механизмдері Дәріс жоспары



бет10/25
Дата02.01.2022
өлшемі56.28 Kb.
#452922
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25
Саяси билік мәні мен жүзеге асыру механизмдері

3. Күш жұмсау құралдары. Олар мемлекетті қорғайды, ішкі тәртіпті сақтайды, саяси билікті құлатуға әрекет жасаушыларға мүмкіндік бермейді. Оған жататындар: әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура және т.б. Тарихи тәжірибеге сүйенсек, саяси билік оларды өз мақсаттарына әсіресе экономикалық және саяси дағдарыстар кезінде жиі пайдаланады. Оның арнайы дайындалған адамдары болады.

4. Ақпарат құралдары. Қоғамдык пікір тудырып, саяси өмірге ықпал ету жағынан оны төртінші билік деп те атайды. Кейбір саяси қайраткерлер кім теледидарды бақыласа, сол бүкіл елді бақылай алады деп санайды. Шыныңда да, олардың мүмкіншіліктері мол. Әсіресе, әрбір үйде радио, теледидар бар кезде адамдар өз елдеріндегі жағдайды ғана емес, дүние жүзінде не болып, не қойып жатқанын көріп-біліп отырады. Ақпарат құралдарының маңызы шын мәнінде сөз, баспасөз бостандығы берілген, оппозициялык партиялар бар елдерде арта түседі.

Ақпарат құралдарымен қатар билікті жүргізуде информациялық қордың да маңызы зор. Білім мен ғылыми мағлұматты алу, оларды тарату бүгінгі танда алдыңғы қатарлы орындарға шығуда. Кейбір ғалымдардың (жапондықтардың) айтуынша, информация кімнің қолында болса, XXI ғасырда билік соның қолында болады дейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет