Дәріс 19. Саяси билік: мәні мен жүзеге асыру механизмдері Дәріс жоспары


Шарль Луи Монтескье билік туралы қағидасы



бет12/25
Дата02.01.2022
өлшемі56.28 Kb.
#452922
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25
Саяси билік мәні мен жүзеге асыру механизмдері

Шарль Луи Монтескье билік туралы қағидасы. Оның билік проблемасына байланысты жазылған шығармалары: «Заңдардың рухы», «Парсылық хаттар», «Римдіктердің ұлылығы мен құлауы туралы ойлар». Шарль Луи Монтескье «Заңдардың рухы» еңбегінде зерттеудің өзегі етіп демократияны ұсынып демократиялық әділеттік арқылы мемлекеттік билік қалыптастырудың жолын көрсетті. Ол өмір сүрген кезеңде дүние жүзінде мемлекет басқарудың бір ғана түрі – монархия болды. Бұндай саяси режимде халық өкілдерінің билікке келуі, әрине, мүмкін болған жоқ. Сол себептен ғалым биліктің бұл түрін болашақсыз деп тұжырымдайды. Француз ғалымы билікке бақылау қажет, бірақ ол міндеттен халықты босату керек деген шешімге тоқтайды. «Бұдан мемлекеттік билікке қалайша бақылау орнатуға болады?» – деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа Шарль Луи Монтескьенің берген жауабы – саяси билікті үш тармаққа бөлу принципі мен биліктің үш тармағының бір-біріне тежемелік, тепе-теңдік жүйені пайдалану арқылы бақылау жасауы болды. Ұлы ғалымның билікті бөлу теориясы бойынша алдымен билікке халықтың қатысуы және көпшіліктің қолдауымен Конституцияның қабылдануы керек. Конституцияда биліктің тармақтарының ара қатынасы бекітіледі. Мемлекет билігі – заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарына бөлініп, олардың бір-біріне тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау ұстанымына сәйкес жүзеге асырылады. Монтескьенің бұл қағидасы бойынша, егер биліктің үш тармағының бірі үстемдік жасап, заңсыздық жолға түсіп бара жатса, биліктің басқа бір тармағы оған тойтарыс беру мүмкіншілігі бар (Конституция бойынша дауысқа салу арқылы). Шарль Луи Монтескье билікті бөлу теориясын аяқтап болғаннан кейін саяхатқа шығып Еуропа елдерін аралайды. Мақсаты: өз ілімін басқа да мемлекеттерге ұсыну болатын. Бірақ ешбір жерде оны ешкім дұрыс түсінбеді. Нәтижесінде өз ілімін «іске аспайтын теория болды» деген өкінішті оймен ғалым дүние салады. Бірақ бір топ ғалымдар сол уақыттың өзінде ғалымның осы теориясымен танысып жатыпты. Шарль Луи Монтескье қайтыс болғаннан кейін 32 жыл өткесін, яғни 1787 жылы Америка Құрама Штаттары өзінің Конституциясын қабылдады. кейін саяси биліктің осы жүйесі басқа елдерге де кеңінен тарай бастады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет