Дәріс 19. Саяси билік: мәні мен жүзеге асыру механизмдері Дәріс жоспары


Легитимді биліктің болуының шарттары бар. Олар



бет22/25
Дата02.01.2022
өлшемі56.28 Kb.
#452922
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Саяси билік мәні мен жүзеге асыру механизмдері

Легитимді биліктің болуының шарттары бар. Олар:

билікке сайлау арқылы келу;

– қоғамда тұрақтылықтын болуы;

– бекітілген биліктің әлемдік қауымдастықпен мойындалуы.


Қазіргі дамыған елдерде демократиялық биліктің жүзеге асу басты принциптерінің бірі – ол билік бөлу принципі.

Билік бөлу идеясы ең алғашқы рет жаңа дәуірдің кезеңінде ең әйгілі ойшылдар ұсынылған. Бұл идеяны қалыптастырушы ағылшын ойшылы Джон Локк және әрі қарай толық дамытқан 18ғ. Француз ойшылы Шарль Луи Монтескье болып табылады. Ол саяси биліктің бөлінуін мемлекеттегі биліктің бір қолда болмауымен және оның үш тармағына бөлінуімен түсіндірген: Заң, Атқарушы, Сот билігі.

Себебі билік бір ғана қолда болса, шектелмесе, өзі заң шығарса, жүзеге асырса және оның жүзеге асуын қадағаласа, онда ондай билік тиранияға айналады, ауысады. Сондықтан қоғамдағы билік жүргізу жағдайында билік тек қана бір органның қолында болуы мүмкін емес және де халық билікті өзі жүргізе алмайды. Билік жүргізу белгілі топқа, ұжымға, органға беріледі. Жан-Жак Руссо: ол халық суверинитеті идеясын көтеріп, биліктің түрлерін ажыратқан, ал үш билік сол бір тұтас халық билігінің көрінісін табу деп тұжырымдады. Заң шығарушы, атқарушы, сот жүйесіне бөліну қазіргі уақытта демократияның дамуы болып табылады. Үш үкіметтің біреуінің басым болып кетпеуіне кепілдік бере алады. Биліктің бөлуін бір-біріне мүлдені тәуелсіз автоном органдардың қолына бөлініп беріледі деп түсінбеу қажет.

Демократиялык саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқаруы үшін, әдетте, мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі етіп үш тармаққа бөледі. Оның негізін салушы ағылшын ойшылы Джон Локк (1632-1704) пен француз ғалымы Шарль Луи Монтескье (1689-1753) болды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет