Дәріс 19. Саяси билік: мәні мен жүзеге асыру механизмдері Дәріс жоспары


Бесінші деп сайлаушылар билігін айтады. Мұнда сайлаушылардың еркі, талап-тілектерімен қатар кейбір елдерде сайлаушылар соты да бар. Алтыншыға



бет24/25
Дата02.01.2022
өлшемі56.28 Kb.
#452922
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Саяси билік мәні мен жүзеге асыру механизмдері

Бесінші деп сайлаушылар билігін айтады. Мұнда сайлаушылардың еркі, талап-тілектерімен қатар кейбір елдерде сайлаушылар соты да бар.

Алтыншыға бақылау билігін жатқызады.
Қайсыбір елдерде қарамағында аппараты бар Бас бақылаушы да болады. Мұнда билікті жүргізіп отырған басқарушы партия туралы сөз болып отыр. Кейбіреулер биліктің ерекше түрі деп әскери билікті атап жүр.

Сонымен қатар мемлекеттік билік санын қысқартқысы келетіндер де бар. Мысалы, француздың белгілі саясаткерлері Р. Арон, Ж. Бюрдо және тағы басқалар мемлекетте екі-ақ билік, атап айтқанда, заң шығарушы және оған бағынышты әкімшілік билік болады дейді. Сот билігін жоққа шығармайды, бірақ оны әкімшілік билікке қосады. Дегенмен, дүние жүзінің алдыңғы қатарлы елдерінде үш тармақты билік қалыптасқан. Мемлекетті баскару ыңғайлы болу үшін ол биліктер орталық (жоғары) және жергілікті билік болып бөлінеді.

Саясат саясаттануда негізгі әрі күрделі мәселелердің бірі – саяси билікті жүргізу түрі мәселесі.

ҚР-да билікті жүргізу жолдары. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда Қазақстан Республикасының Конститутциясы қабылданды, онда Қазақстандағы мемлекеттік билік біртұтас және ол Заң шығарушы, Атқарушы және Сот билігі тармағына бөлу принципіне сәйкес жүзеге асырылады, тежеу мен тепе-теңдік жүйесін пайдалана отырып бір-бірімен өзара іс-қимыл жасайды делінген тәртіп бекітілді. Жаңа Конститутцияда Қазақстан Республикасы саяси билігінің үш тармағының атаулары бекітілді: Заң шығарушы биліктің аталуын Парламент деп қалдыру ұйғарылды, оның жоғарғы палатасы Сенат, төменгі палатасы Мәжіліс деген атаулармен аталатын болды. Президент, Премьер-министр, Үкімет-Атқарушы биліктің құрамын құрды. Саяси биліктің үш тармағының бірі – Сот билігі –Конституциялық Кеңес деп аталатын болды. Парламенттің осы Заңы бойынша жергілікті өкілді билік жүйесі Мәслихат, ал атқарушы билік Әкімшілік (акимат) деп аталатын болды. Саяси ғылымдар тұжырымдары бойынша, республикада парламенттік басқару формасы демократия дамуындағы жоғары көрсеткіш деңгейі болып саналады. 1995 жылы Президенттік басқару формасы жарияланған Қазақстан Республикасы бүгін Президенттік-парламенттік республикаға айнала бастады. Бұл жас, тәуелсіз мемлекет үшін өте зор саяси жетістік болып саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет