Дәріс 2 Жүйелер теориясының терминологиясы. Ақпараттану жүйелерінің түсінігі



бет5/6
Дата06.02.2023
өлшемі72.65 Kb.
#469201
1   2   3   4   5   6
Основы 2 лекция

Ақпараттық жүйе мысалдары. Авиабилеттерді сату ақпараттық жүйесі, қойма шаруашылығының ақпараттық жүйесі, технологиялық процестерді автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйелер және т.с.с.
Кез келген жүйе негізінде процесс жатыр. Ақпараттық жүйе негізінде – ақпаратты өндіру процесі жатыр. Бұл мағынада ақпараттық жүйені басқару жүйесі ретінде қарастыра аламыз, мұнда бұл процесс басқару объектісі болып табылады. Басқарудың кез келген жүйесіндегідей ақпараттық жүйені басқару органдары бар.
2-кесте.
Ақпараттық жүйе басқару объектісі ретінде

Басқару объектісі

Басқарудың жедел деңгейі

Басқарудың тактілік деңгейі

Басқарудың стратегиялық
деңгейі

Мекеменің ақпараттық жүйесі

Ақпараттық жүйе персоналы, бөлімшелер мен функционалды қызметтер менеджерлері

Директорлардың корпоративті мүшелері мен ақпараттық жүйенің бас менеджерлері

Қолданылатын ақпараттық технологиялар

Персонал, ақпараттық жүйелер

Ақпараттық жүйенің бас менеджерлері

Қазіргі уақытта ақпараттық жүйе компьютерлік техника көмегімен өндірілген жүйе ретінде пікірлер туындады. Бірақ олай емес. Ақпараттық технологиялар сияқты, ақпаратты жүйелер техникалық құралдарды қолданумен және де оны қолданбай-ақ жұмыс істеуі мүмкін.


Жүйелік анализ
Гэйн-Сарсон әдістемесі бойынша жүйелік анализ келесі сатыларды біріктіреді:

  1. бар жүйенің логикалық моделі.

  2. жаңа жүйенің логикалық моделі.

  3. деректерді модельдеу.

  4. деректердің физикалық базасын жобалау.

  5. жаңа жүйенің физикалық моделі.

Логикалық модельді құрумен құрылымдық жүйелік анализ айналысады.
Прототип әдісі
Прототип – бұл алдағы құрылатын жүйенің жұмыс істейтін моделі.
Бірнеше прототип құруға болады, оның әрбіреуі алдағы құрылатын жүйені толықтай көрсетеді және соңғы прототип программаның бірінші версиясы болып кетеді.
Тапсырушы мәселесін анықтау
Логикалық модель құру – бұл тек қана тапсырушының (клиенттің) мәселесін анықтауда аралық қадам және мақсаты.
Басқарудың жоғарғы деңгейі – мәселенің туындауын болдырмау, оларды алдын ала болжау және жағдайды сәйкесінше өзгерту.
Тапсырушының мәселесін анықтап алғаннан кейін, оның мақсатын, жаға жүеден нені қажет ететінін анықтау қажет. Ақпараттық жүйені құру бойынша барлық қызметтің соңғы нәтижесі анықталады. Мақсат мүмкіндігінше өлшенетін болуы керек, өйткені соңыра жоспардың орындалу деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Демек, мақсат анық, ашық, өлшенетін, нақты болуы керек.
Мақсат анықталғаннан кейін бағалау критерийін анықтау қажет. Бағалау критерийі мәселені шешудің альтернативті нұсқаларын салыстыру, мақсатқа жету үшін қажет. Критерийлер көмегімен мақсатқа жету деңгейін өлшеуге болады.
Есеп нақты анықталғаннан кейін оны шешуге кірісуге болады. Шешу процесінде есептің кейбір жерлері нақтыланып, өзгеруі мүмкін. Бұған дайын болу қажет. Өзгертілетін шарттар тез анықталса, соншалықты оларды ескеру бізге оңай және арзан болады. Ең алдымен есептің бір бөлігін ғана есептеуіміз мүмкін, өйткені жалпы есеп өте қиын. Мәселені бірнеше қарапайым бөліктерге бөлу – бұл мәселені шешудің әмбебап әдісі. Соңғы жағдайда шешім бірнеше сатыларда жүруі мүмкін, сонымен қатар олардың параллель орындалуы да мүмкін.
Сонымен, келесі логикалық тізбекті аламыз:

Жобалау




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет