2.1 Бұлшық еттердің қызметтері
| |
Қорғаныштық
|
Ішкі мүшелерді сырқы ортадан қорғау
|
Қимыл
|
Барлық бұлшық еттердің жиырылу мен босаңсу іс-әрекеттттері
|
Энергиялық
|
Бұлшық ет белок қоры. Ағзада екінші денгейлі қоректену жолы
|
Тыныс алуға қатысу
|
Диаффрагма, төменгі қабырға бұлшық еттері қызметтері
| - Бас, мойын бұлшық еттер
- Тұлға (кеуде) бұлшық еттер
- Аяқ бұлшық еттер
- Қол бұлшық еттер
Бас, мойын бұлшықеттері
Бастың бұлшықеттері шайнау және ымдау деп 2-ге бөлінеді.
Шайнау бұлшықеттері төменгі жақ сүйегіне бекінеді. Бұлшықеттері жиырылғанда төменгі жақ қозғалысқа келіп тамақты шайнауға қатысады.
Ымдау бұлшықеттерінің бір шеті сүйектерге, екінші шеті терінің астыңғы жағына бекінеді.
Тұлғаның бұлшықеттері – орналасқан орнына қарай: арқаның, көкіректің және құрсақтың бұлшықеттері деп бөлінеді.
Үлкен кеуде бұлшық еті
Қабырға аралық бұлшық еттері
Құрсақ бұлшық еттері
Трапеция тәрізді бұлшық ет
Арқаның жалпақ бұлшық еті
Арқа бұлшықеттері:
1) трапеция пішінді бұлшықеттер – жалпақ, пішіні үшбұрышты, арқаның жоғарғы бөлігі мен мойынның артқы жағына орналасады. Бұғана мен жауырынға бекінеді.
2) ромбы (жалпақ тәрізді бұлшықеттердің бір ұшы жауырынның шетіне, екінші ұшы арқа омыртқаларының өсіндісіне бекінеді. Жауырынның омыртқаға қарай жақындауына әсер етеді.
Көкіректің бұлшықеттері:
1) көкіректің үлкен бұлшықеттері – пішіні желпуіш тәрізді, кеуде қуысының алдыңғы жағын жауып жатады.
2) сыртқы қабырғааралық бұлшықеттер – қабырғалардың аралығында орналасқан. Жиырылғанда қабырғалар көтеріліп, кеуде қуысын кеңейтеді (көлемін үлкейтеді) де тыныс алуға қатысады.
3) ішкіқабырға аралық бұлшықеттер – сыртқы қабырға аралық бұлшықеттердің астында орналасқан. Бұл еттерде кеуде қуысының көлемінің кішіреюіне әсер етеді.
4) көкет (диафрагма) адам денесінің кеуде және құрсақ қуысының арасын бөліп тұратын күмбез тәрізді бұлшықет. Күмбез тәрізді дөңес жағы кеуде (көкірек) қуысына қарай бағытталған. Көкетте өңеш, қолқа қантамыры төменгі қуысты вена қантамыры өтетін тесіктері болады.
Достарыңызбен бөлісу: |