Дәріс 4 Кибернетикалық жүйелер ұғымы. Аж динамикалық сипаттау. Ақпараттық жүйелерді каноникалық түрде көрсету



бет1/3
Дата14.03.2022
өлшемі41.41 Kb.
#456240
  1   2   3
ДӘРІС 4


ДӘРІС 4
Кибернетикалық жүйелер ұғымы. АЖ динамикалық сипаттау. Ақпараттық жүйелерді каноникалық түрде көрсету.


Дәрістің мақсаты: Кибернетикалық жүйелер ұғымына танысу.


Түйінді сөздер: жүйелік ыңғай термині. Жүйенің сызықты – иерархиялы құрылымы.


Дәрістің жоспары:жүйелік ыңғай термині ,жүйелік ыңғай жөніндегі Дж. ван Гигтің пікірі, жүйелік талдау, жүйелік жобалау сатысы
.
Жалпы, жүйелік ыңғай термині жүйелердің жалпы теориясындағы элементтерді іс жүзіндегі жағдайларда пайдаланған еңбектерде алғаш рет қолданыла бастады. Бұл термин арқылы объектіні барлық жан–жақты қырларынан, кешенді түрде зерттеу қажеттілігі туындап, одан объект туралы толық, дұрыстау мағлұмат алу және жаңа қасиеттерді табу мүмкіндігі жүзеге асырылды.
Жүйелік ыңғай объектінің құрылымын, қызмет жасау барысын анықтаудағы мақсаттарды зерттеуге мүмкіндік беретіндіктен, ол басқару мәселелерінде жиі қолданылып жүр. Мысалы, экономикадағы басқару функцияларын ұйымдастырып, жүзеге асыруда ақпарат жүйесі арқылы жүргізілетін жүйелік ыңғайдың тиімді екендігін теориялық зерттеулердегі талдаулардан көруге болады. Жүйелік ыңғай– жүйені бүтіндей, ал оның элементтерін бөлек ішкі жүйелер ретінде қарастыратын зерттеу принципі бола отырып, құрылымдарды тұрғызу талаптарына сәйкес келетіндіктен, басқарудағы ақпарат жүйесін, ақпаратты өңдеу жүйесін және экономикалық–математикалық әдістер мен үлгілерді тұрғызып, ендіруде де тиімді.
Дж. ван Гигтің пікірінше, жүйелік ыңғай келесі жағдайларда негізделетін оңтайлы құрылым әдістемесіне саналады, яғни:

  • қойылған мәселе қарастырылатын жүйені қамтитын және онымен бүтіндей бірлік құрайтын үлкен жүйелермен байланыс арқылы анықталады;

  • жүйелердің мақсаттары бөлек немесе дара түрде қарастырылмай, онымен бүтіндей бірлік құрайтын үлкен жүйелермен байланыс арқылы белгілі болады;

  • бұрыннан бар жобаларды оңтайлы жобадан жүйенің ауытқу дәрежесі шамасымен бағалауға болады;

  • оңтайлы жоба жоспарлауға, бағалауға және жүйенің бүтіндей жаңа, әрі оң бағытқа қарай дамуына негізделіп қабылданған шешімдеріне негізделеді;

  • жүйелік ыңғай индукция, синтез секілді талқылау әдістеріне негізделеді.

Жүйенің даму аралығы зерттеу, талдау, жобалау мен пайдалануға беру және сүйемелдеу сатыларын қамтиды. Бұл сатылар мақсаттық өнімдерді тұрғызумен аяқталады. Яғни, жүйелік зерттеу сатысында жүйенің жүзеге асырылу мүмкіндіктері туралы қорытынды қалыптасады. Қазіргі уақытта жүйелік зерттеудің жалпы түрде қабылданған әдістерінің жіктегіштері жоқ. Көптеген жағдайда ұқсас әдістер әр түрлі жүйелік бағыттарда дамып, әр алуан атаулармен аталады. Олардың кейбір түрлерін байланыс салаларында осы уақыттарға дейін қолданбай жүргенмен, болашақта байланыс жабдықтары мен жүйені басқару және жобалау есептерін үлгілеуде қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет