Компьютерлік және компьютерлік емес модельдер.
Әр түрлі модельдерді тарату үшін әр түрлі аспатар қолданылады. Модельдерді сипаттау үшін көптеген форалды тілдер бар.
Материалдық модель құру үшін суретші қылқаламы,фотоаппарат, ара, балға, сызғыш, т.б. құралдар жеткілікті.
Егер модель абстракты түрде бейнеленсе, оларды сипаттауға мүмкіндік беретін арнайы тіл, сызба, график, алгоритм,математикалық формулалар т.б. таңбалық жүйелер қолданылады. Ал оларды тарату екі түрлі құрал арқылы іске асырылады. Бірі- кәдімгі аспаптар, ал екіншісі-кәдімгі компьютер болып табылады.
Тарату тәсіліне қарай модельдер компьютерлік және компьютерлік емес модельдер болып бөлінеді.
Компьютерлік модельдер деп программалық орта көмегімен іске асатын модельдерді айтамыз. Компьютердің ақпаратпен жұмыс істейтіні белгілі. Қазіргі кезде компьютерлер дыбыстық, бейне, анимация, мәтін, схема, кесте т.б. ақпаратпен жұмыс істей алады. Осы ақпараттарды өңдеу, тарату, қабылдау үшін компьютердің техникалық және программалық жасауы болуы тиіс. Техникалық және программалық жасауы компьютерлік модельдеудің құралдары болып табылады.
Мысалы, дыбыстық ақпараттармен жұмыс істеу үшін міндетті түрде дыбыстық карта және арнайы программалық жасауы болуы қажет. Композитор арнайы музыкалық редактормен жұмыс істей отырып, ноталық мәтінді теріп, оны басуға шығарып, өңдеу жасай алады т.б. Сондай-ақ сазгер әр түрлі аспапқа арнап жазған нотаның дыбыстық моделін жекелей немесе ансамбльде тыңдай алады. Компьютерлік модеьдің цифрлық дыбысы шын мәніндегі аспаптардың тембрінен еш айырмашылғы жоқ деуге болады. Компьютер әншінің дауысын әуенін дыбыстық моделімен сәйкестендіре алады, сондай-ақ әр түрлі биіктік пен тембрдегі (тенор,бас т.б.) дауыстарды модельдеу мүмкіндігі бар. Берілген ырғақ,екпінге, музыкалық стильге т.б. сәйкес композиция құруға мүмкіндік беретін арнайы программалар бар.
Геометриялық фигураларды графикалық редакторлардың көмегімен модельдеу мүмкіндігі бар. Графикалық редактордың көмегімен жазықты, көлемді, фигураларды модельдеуге болады.
Қазіргі кезде әр түрлі компьютерлік таңбалық модельдерді құруға мүмкіндік беретін мәтіндік редактор, формула редакторы, электондық кесте, дерек базасын басқару жүйелері, программалау орталары т.б. бар.
Достарыңызбен бөлісу: |