Тезис - Тезис – бұл дәлелдейтін немесе жоққа шығаратын тұжырымдама-пайымдаулар.
- Тезистің басты ерекшелігі ұсынылатын дәйектерге дәлелдер келтірілуі тиіс.
- Негізгі тезистер - дерек көзінің мазмұнын жалпылайтын басты тұжырымдамалар.
- Мұндай тезистерден кейбір жағдайда материалдардың мазмұнын тұтастай айқындайтын жеке жазбалар жасалады.
Тезис - Қарапайым тезистер – бұл басты ой-пайымдаулар, кейде конспектінің, рефераттың құрамдас бөлігі ретінде енгізіледі.
- Кез келген еңбекте, оның әрбір бөлімдерінде қарапайым тезистер көбірек кездеседі.
- Күрделі тезистер - негізгі және қарапайым тезистер қатар қолданылатын, ойды бекітудің пайдалы және жетілген түрі.
- Дәйексөз тезистері - тезистердің бір бөлігі дәйексөз ретінде келтірілуі мүмкін.
- Мұндай әдісті әртүрлі көзқарастарды салыстыру үшін пікір, аннотация жазғанда қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |