Дәріс №7 Тақырыбы: Омыртқалы жануарларды аулаудың негізгі тәсілдері Лекцияның оқыту нәтижелері


Омыртқалы жануарлар зоологиясының далалық зерттеулерінің əдістері



бет2/3
Дата18.12.2023
өлшемі20.03 Kb.
#486866
түріЛекция
1   2   3
лек 7

Омыртқалы жануарлар зоологиясының далалық зерттеулерінің əдістері.
Біріншіден, нақты зерттелетін ауданның жануарлар əлемін қарастырғанда берілген территорияны мекендейтін жануарлардың түрлік құрамы анықталады. Жануарлар түрінің тізімі, олардың келу мəліметтері, биотоптық орналасуы, шамалық сандық көрсеткіші бұл зоогеография, экология, табиғатты қорғау, өлкетану жұмыстарының негізі болады. Қазіргі уақытта біздің еліміздің көптеген жерлерінде омыртқалы жануарларға мұндай инвентаризациялық жұмыстар жүргізілген. Онда жалпы аумақтық фаунистикалық жануарлардың таралуы, биотоптық жəне маусымдық орналасуы, сандық көрсеткіштері жəне жеке кейбір түрлердің биологиясы бар мағлұматтар жиынтығы бар. Дегенмен жануарлар құрамы тұрақты болмайды, кейбір түрлердің кең таралып, кейбір түрлердің сандарының қысқаруына, жеке түрлердің таралуына байланысты ареалдары өзгереді. Ол əсіресе жануарлардың тіршілік ортасына жəне өздеріне антропогендік əсерлердің күшеюіне қарай бұл процестер қарқынды жүруде. Жануарлар түрлік құрамындағы өзгерістерді анықтау үшін сандық көрсеткіштері мен орналасуын периодты популяциясын өз уақытында анықтау үшін орны ерекше. Сонымен қатар кейбір аудандардың фаунасы жеткіліксіз зерттелген, ол құстар мен сүтқоректілерге де қатысты. Сондықтан фаунистикалық жұмыстардың ғылыми, практикалық маңызы зор. Зерттеудің негізгі əдістемесі құрлық омыртқалы жануарларының түрлік құрамын тура бақылау, экскурсия уақытында əр түрлі мекен ету орталарында кейбір түрлердің топталған жерлерінде, мысалы, орман шетінде, бұталар арасында, ашық ландшафтарда, су қоймаларының жағалауында, азықтары көп жерлерде (қоқыстар, сүзбе алқабы, астық сақтайтын орындар, балық өсіретін тоғандар) торуылдап тұру.
Түнгі немесе жасырын тіршілік ететін жануарларды арнайы аулау əдістері
Акустикалық қоздырушылар дыбыстық белгілерін магнитофонға жазылып алынған жануарлардың дауысын шығару, түнде көретін құралдар арқылы анықтайды. Омыртқалы жануарлардың құрамы мен таралуын зерттеу мақсатындағы экскурсия олардың маусымдық немесе тəуліктік белсенді кезінде жүргізілуі тиіс, мысалы, қосмекенділер үшін таңертеңгілік уақыт тиімді, бауырмен жорғалаушылар үшін кешкі немесе түнгі уақыт қолайлы, күндіз құстар жəне ірі сүтқоректілер үшін жақсы. Ал маусымдар ішінде фаунистикалық бақылаулар үшін өте қолайлысы — көктем жəне жаздың бірінші аптасы, себебі құстардың көктемгі миграциясы жəне көптеген омыртқалы жануарлардың көбею кезі. Бұл уақытта жануарлар оңай байқалады, олар қозғалғыштығымен, дауыстарының белсенділігімен, жұп құруымен, ұя салуымен, ұрпақтарын қоректендірумен көзге түседі. Бұл кезең əсіресе құстар фаунасын зерттеу үшін өте қолайлы. Жаздың екінші жартысында сайрағыш құстар сайрауын тоқтатады. Көптеген құстардың жас қауырсындары бір-біріне өте ұқсас, олардың шақыру дыбыстық белгілері де ұқсас болғандықтан, түрлерді анықтауда қиындық тудырады. Ал жұп құрғаннан соң, ересек құстар түлеп жасырын тіршілікке көшеді. Жаз уақыты қосмекенділер мен бауырмен жорғалаушылар фаунасын зерттеу үшін қолайлы, олар бұл кезде өте белсенді болады. Экскурсия маршрутын жоспарлағанда мекен ету ортасының ерекшелігін ескеру керек, тəжірибесіз бастаушылар үшін маршрут ұзақтығы 4–5 шақырым, ал тəжірибелі бақылаушы үшін 6–8 ш м болады. Фаунистикалық экскурсияның басты міндеті бақылаған жануардың түрін дұрыс анықтау болып табылады. Қажетті далалық белгілерге сол арқылы жануардың түрін анықтайтын жалпы түрі, пішіні, өлшемі, құрылысының ерекшеліктері, мысалы, аяқтарының ұзындығы, құйрығының қысқа болуы, тұмсығының ерекшеленуі, құлағының қалқан болуы, түсі, дауысы, мінез-құлқы жатады. Жануарларды табиғи ортада анықтау — ол күрделі міндет, ол үшін жергілікті фаунаны жақсы білу керек. Анықтауда далалық анықтауыштар үлкен көмек көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет