Тойлыбаев Н.С. Дәріс №9
3
2-сурет
. Жаңа ДҚ құру терезесі
.
Терезеде қажетті бума таңдалып, файл атауы
енгізілген соң және файл
типі көрсетілген соң
Құру (Создать) батырмасы басылу керек. Экранда ДҚ
терезесі көрінеді (3-сурет).
3-сурет
. БҚ терезесі.
Access программасының
7 объектісі бар:
кесте, сұраныс, форма, есеп,
макрос, модуль және беттер.
Кесте – жазбалар мен өрістерден тұратын ДҚ-ның негізгі объектісі,
Кестелерде берілгендер сақталады.
Сұраныс – берілгендерді бір немесе бірнеше кестелерден
қолданушының анықтаған шарты бойынша іріктеп алуға арналған құрал.
Сұраныстар көмегімен
берілгендерді зерттейді, іріктейді, таңдайды,
өзгертеді, біріктіреді, яғни өңдейді.
Қалып (форма) – кестелер мен сұраныстардағы берілгендерді ыңғайлы
түрде экранда бейнелейтін және оларды басқаратын құрал.
Есеп (отчет) – кестелер мен сұраныстардағы
берілгендерді ыңғайлы
және көрнекі түрде экран бетіне басып шығару құралы. Есеп парақтары
түзілгеннен кейін ондағы мәліметтерді редакциялауға болмайды.
Макрос – макрокомандалар жиынтығы. Егер ДҚ-да қандай да бір
операциялар
жиі орындалатын болса, онда олардың командаларын бір
макроста жинап, оған пернелер комбинациясын сәйкестендіруге болады.
MS Access-тің
объектілері.
MS Access-тің командалық
батырмалары.