дәріс. Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы – академ сағ


-дәріс. Азаматтық-саяси қайшылықтар – 2 академ.сағ



бет9/9
Дата01.10.2023
өлшемі218.95 Kb.
#479356
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Дәрістер жинағы

9-дәріс. Азаматтық-саяси қайшылықтар – 2 академ.сағ.
Жоспары:

  1. Ресейдегі Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.

  2. Алаш үкіметінің іс-қимылдары және амнистия

  3. Қазақ өлкесіндегі «ақтар» мен «қызылдардың» қарсыластығы.

  4. «Соғыс коммунизмі» және Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат.

  5. Қазақ жерлерінің Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының құрамына қосылуы.

1.1917 ж. Қазан төңкерісі Ресей астанасы-Петроградта мемлекеттік билікке большевиктер партиясының келуімен басталып, жаңа мазмұн мен тұрпаттағы әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани қатынастарды орнықтырудың алғашқы қадамына айналды. Орталықта және жер-жерлерде билік жұмысшы, солдат, шаруа өкілдері басқарған Кеңестерге өткендіктен ел де, өкімет те кеңестік деген атауға ие болды. Бұл билікті жүзеге асырған Ресей социал-демократтар партиясының солшыл тобы-большевиктер еді. Халықтың әлеуметтік тұрғыда қорғалмаған әлсіз топтары большевиктердің төңірегіне топтаса бастады. Бүкіл елде экономикалық дағдарыс басталды. Еңбекшілердің жағдайы нашарлап, Жетісу мен Сырдария облыстарының аудандарын аштық жайлады. 1917 ж. қыркүйек-қазан айларында Петропавл, Орал, Орынбор-Ташкент теміржолының бірқатар бекеттерінің жүмысшылары ереуілге шықты. Верный мен Әулиеата қалаларында жұмысшылардың жаппай бас көтерулері болды. Наразылықтар халықтық сипат ала бастады. Уақытша үкімет халықтың жағдайын қанағаттандыратын ешқандай шара қолданбады. Оның жергілікті билік органдары саяси ықпалынан айырыла бастады. Уақытша үкімет еңбекшілердің ереуілдерін күшпен басу жолына түсті.


1917 ж. 24 қазанда Петроградта В.И. Ленин бастаған большевиктер қарулы көтеріліс ұйымдастырып, Уақытша үкіметті құлатты. Ресейдегі мемлекеттік билік Кеңес өкіметінің қолына көшті. Социалистік идеяның қазақ даласында тарауы мен пәрменді күшке айналуының себебі: большевиктер косемі Ленин халыктың санасы мен жүрегін мазалап жүрген көкейкесті мәселелерді шеше алды. 26 қазанда Кеңес үкіметінің алғашқы декреттері - «Бітім туралы декрет» және «Жер туралы декрет» қабылданды. «Бітім туралы декретте» Кеңес үкіметі соғысып жатқан барлық мемлекеттер мен халықтарды тез арада демократиялық әділ бітім жасау туралы келіссөзді бастауға шақырды. Ал «Жер туралы декрет» бойынша жерге жекеменшік қүқығы жойылып, жердің бәрі мемлекет меншігі болып жарияланды. 1917 ж. 3 қарашада «Ресей халықтары құқықтарының Декларациясы» жарияланды. Онда Ресей халықтарының теңдігі, еркіндігі, өзін-өзі басқару құқықтары, тіпті жеке бөліну және дербес мемлекет қуру құқығы, сондай-ақ ұлттық және діни шектеулерді жою, саны аз халықтар мен этникалық топтардың еркін дамуын қамтамасыз ету туралы уәде берілді.1917 ж. 20 қарашада Кеңес үкіметінің «Ресей және Шығыстың мұсылман еңбекшілеріне!» атты үндеуінде мұсылман халықтардың ұлттық және мәдени мекемелеріне, салт-дәстүрлеріне, діни сенімдеріне қол сұғылмайтыны және еркін дамитыны атап көрсетілді.
Петроградта Кеңес үкіметінің орнағаны туралы хабар Қазақ өлкесіне де жетіп, мұндағы большевиктік ұйымдар билікті өз қолдарына ала бастады. Осылайша Қазақ өлкесінде Кеңес үкіметін орнату жұмысы басталды. 30 қазанда Перовскіде жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңесі билікті өз
қолдарына алғандықтары туралы хабарлады. 1 қарашада қарулы көтеріліс
нәтижесінде Ташкентте Кеңестер билігі орнады. 6 қарашада Әулиеатада, қараша айының басында Черняевте, желтоқсан айында Бөкей Ордасында, Петропавлда, Көкшетауда, Атбасарда, Қостанайда билік Кеңестерге көшті.
1918 ж. 18 қаңтарда Орынборда Кеңестер билігі атаман Дутовтың қарулы қарсылығын басу жолымен орнады. 17 ақпанда Семейде, Өскеменде, Қарқаралыда, Зайсанда, 3 наурызда Верный мен бүкіл Жетісу облысында кеңестік билік орын тепті. Ал Оралда кеңестік билікті орнату күрделі жағдайда өтті. Мұнда Кеңес үкіметі 1918 жылдың 15 қаңтарында орнап, 29 наурызда Кеңес билігіне қарсы күштер құлатып тастаған болатын. Ол тек азамат соғысы жылдарында ғана қайта орнатылды. Қазақ өлкесінде Кеңес үкіметін орнату
әр-түрлі жағдайда жүргізілді. өлкенің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен
саяси күштердің ара салмағына байланысты оның бірқатар ерекшеліктері
болды. өлкенің кейбір аудандарында Кеңес үкіметін орнату ұзаққа созылып
әрі қан төгіспен өтсе, ал кейбір аудандарда бейбіт жолмен орнады. Торғай,
Орал, Жетісу облыстарының көптеген аудандарында Кеңес үкіметі қарулы
көтерілістің нәтижесінде орнады. Ал Шымкент, Әулиеата, Қазалы, Кекшетау,
Ақмола қалалары мен Бөкей Ордасында билік кеңестерге бейбіт жолмен
көшті. 1917 жылдың қазаны мен 1918 жылдың наурыз айының аралығында
Кеңес үкіметі Қазақ өлкесінің барлық аумағында орнатылды. Кеңестерге қарсы күштердің ошақтары Орынбор, Орал және Жетісу аудандары болды.
2. Алаш партиясының көсемдері Петроградта төңкерісін ести салысымен Қазақстанда билік Кеңестердің қолына өтіп кетпeyi үшін нақты қадамдар жасай бастады. «Қазақ» газеті арқылы былай деп үндеу тастады: «Ресей күйзелісті бастан кешіріп отыр, бip аяғы жерде болса, екінші аяғы-көрде. Ертең не боларын ешкім де білмейді. Біреулер тipi қалу үшін жанталасса, басқалары бұл бүліктен қалай шығамыз деп бас қатырады. Біз, қазақтар, оған карап тыныш отыра алмаймыз. Мұндай қарбалас кезеңде заң жүрмейді, біздi ешкім де қорғамайды. Сол себепті біз, біріншіден, өлмей тipi қалу үшін, екіншіден, байлықтарымызды талан-таражға түсірмеу үшін, үшіншіден, бұл бүліншіліктен ipгеміздi аулақ салу үшін өз күшімізге ғана сүйенуге тиіспіз. Ол үшін ешкім де өз білімi мен күшін аяп қалмауға тиіс».
Бұл қиын жағдайдан шығу жолын iздестipy үшін Алаш партиясының басшылығы Орынборда 1917 ж. 5-13 желтоқсанда 2- Бүкілқазақ съезін шақырды. Съезд Қазақ (Алаш) автономиясын құру туралы шешім қабылдап, оның құрамына Бөкей Ордасы, Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыс- тары, сондай-ақ Каспий облысындағы, Алтай губерниясындағы қазақтар мекендеген аудандар енгізілді. Съезд «халықты аман сақтап қалу мақсатында» Уақытша халық кенесінің тиянақты билігін құруға қаулы қабылдап, оны «Алашорда» (Алаш автономиясының үкіметі) деп атады да, Алашордаға «қазақтар тұратын жерлердегі барлық билікті өз қолына алуын тапсырды».
Уақытша халықтық кеңес-Алаш автономиясының үкіметі 25 адамнан болып, съезде үкіметтің 15 мүшeci сайланды, ал 10 орын Қазақстанда тұратын орыс және басқа ұлттардың өкілдеріне қалдырылды. Баламалық негізде көп дауыс алған Ә. Бөкейханов Қазақ (Алаш) автономиясы үкіметінің төрағасы болып сайланды.
Алашорда жетекшілері бірінші кезекте Қазан төңкерісінде жеңіске жет-
кен большевиктердің билігі - Кеңес үкіметімен байланыс орнатуға тырысты.
Алашорда үкіметінің арнайы тапсырмасы бойынша Халел және Жаһанша
Досмұхамедовтар Мәскеуде Кеңес үкіметінің басшылары В.И. Ленин және
И.В. Сталинмен келіссөздер жүргізді. Ал Алашорда үкіметі төрағасының
орынбасары Халел Ғаббасов Кеңес үкіметінің ұлт мәселесі жөніндегі халық
комиссары И.В. Сталинмен Семейден телеграф арқылы келіссөздер жүргізді.
Алашорда жетекшілері «Ресей халықтары қуқықтарының Декларациясын»
негізге ала отырып, Алаш автономиясы мен Кеңес үкіметінің бірін-бірі өзара
тануы жөнінде талап қойды. Алайда бұл талап орындалмады. Кеңес үкіметі Алаш автономиясын мойындамады. Олар Ресей халықтарына кеңестік үлгідегі автономия берілетінін мәлімдеді. Енді Алашорда жетекшілері Кеңес үкіметімен байланыс орнату және олармен ымыраға келу саясатынан бас тартып, оларға қарсы саяси күштермен одақтасу тактикасына көшті. Міне, осыдан бастап, Орынборда Кеңес үкіметін құлатқан атаман А. Дутовпен, Самарадағы Құрылтай жиналысы мүшелерінің комитетімен, Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен байланыс орнатады. Алашорда үкіметінің 1918 жылғы шілдедегі қаулысына сәйкес «Алаш автономиясы аумағында Кеңес үкіметінің барлық декреттері заңсыз» деп танылды. Ал сол жылы тамыз айында Семейде тұңғыш Алаш атты полкі құрылды. Бұл II Жалпықазақ съезінде қабылданған Алаш әскерін жасақтау туралы қаулысын жүзеге асырудың бастамасы болатын-ды.
Алашорда үкіметінің кейінгі тағдыры бүкіл Ресей аумағын қамтыған Азамат соғысының күрделі оқиғаларымен тығыз байланыста өрбіді. 1919 ж. олар Колчак үкіметінің (Бүкілресейлік Уақытша үкімет) ықпалында болды. Бірақ Колчак үкіметі де Алашорда жетекшілерінің автономия құру женіндегі үмітін ақтамады. Керісінше, адмирал Колчак монархиялық билік орнату идеясын көтерді. Осылайша қазақ зиялылары өте күрделі жағдайда қалды. Азамат соғысында қазақ халқын өз жағына тарту үшін Кеңес үкіметі Алашорда жетекшілерімен қарым-қатынас орнату керек екенін түсінді. Сөйтіп, Кеңес үкіметі 1919 ж. 4 қарашада Алашорда құрамында болған азаматтарға кешірім жасау жөнінде қаулы шығарды. Сол жылдың 21 желтоқсанында Алашорда жетекшілері Кеңестер жағына ету туралы шешім қабылдайды. Ал 1920 ж. 9 наурызда Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметін тарату жөнінде Кеңес үкіметінің қаулысы қабылданды. Осылайша Алаш жетекшілерінің қазақ халқының улттық мемлекеттілігін қайта қалпына келтіру жолындағы қажырлы күресі қазақ қоғамының саяси-интеллектуалдық әлеуетінің жоғары екенін керсетті. Алаш автономиясының тарихы қысқа болса да, бұл тәжірибе кеңестік автономияны қалыптастыру ісінде шешуші рөл атқарған болатын. 1917 ж. 26 қарашада Қоқанда Түркістан мұсылмандарының өлкелік IV Төтенше съезі өтті. Съезге қазақ халқының өкілдері ретінде Ә. Бөкейханов, М. Тынышпаев, М. Шоқай т.б. көрнекті қоғам қайраткерлері қатысты. 27 қарашада съезд Түркістан автономиясын құру туралы қаулы жариялады. Түркістан автономиясы Уақытша үкіметінің қүрамы 12 адамнан - 8 жергілікті халық өкілінен, 4 басқа ұлт өкілінен жасақталды. Түркістан автономиясының
Премьер-министрі және Ішкі істер министрі болып М. Тынышпаев, Сыртқы
істер министрі болып М. Шоқай сайланды. Кейін М. Шоқай Премьер-министр
болды. 1917 ж. 1 желтоқсанда Түркістан автономиялық үкіметі өлке халқына Үндеу жариялады. Үндеуде Түркістан Ресей Федеративтік Демократиялық Республикасының автономиялық бөлігі болатынын мәлімдеді. Автономияның әкімшілік орталығы Қоқан қаласында орналасқандықтан, оны Қоқан автономиясы деп те атады. 1918 ж. қаңтарда Қоқан автономиясы большевиктердің тарапынан қарулы қысымға ұшырады. Олар Премьер-министр М. Шоқайға Кеңес үкіметін мойындау, қаруларын тапсыру және милиция органдарын тарату туралы ультиматум қойды. Бірақ олардың бұл талаптарын орындаудан Түркістан үкіметі бас тартты. Қоқан автономиясын жою үшін бұл аймаққа 1918 ж. ақпан айының 5-нен 6-на қараған түні 11 эшелон кавалерия, артиллерия және жаяу әскер бөлімдері келіп, 6 -7 ақпанда Қоқан автономиясын большевиктер әскери күшпен талқандады. Автономия жетекшілері бассауғалауға мәжбүр болды, «Шуро-и-Ислам» ұйымы ыдырап кетті. Сөйтіп, Түркістан автономиясы жойылды.
3. Кеңес үкіметінің орнауы биліктен құлатылған саяси күштердің қарулы
қарсылығын туғызып, ол елдегі азамат соғысына әкеліп соқты. 1917 ж. қараша айында Орынбор казактарының атаманы А. Дутов Кеңес үкіметіне қарсы қарулы бүлік жасады. Қарсылықтың негізгі орталықтарының бірі Жетісуда билікті 1917 ж. қараша айының басында казак әскери кеңесі өз қолына алды. 1918 ж. наурызда Гурьевті генерал В. Толстов басып алып, өзін Орал казактарының атаманымын деп жариялады. Кеңес үкіметіне негізгі соққы 1918 ж. мамыр айында чехословак корпусының әскери тутқындарының бүлігі кезінде жасалды. Бүлікшілер Сібір аймағындағы, Орал, Новосибирск, Челябинск, Томск, Омбыны басып алды. 31 мамырда олар Петропавлды, маусымда Ақмола, Атбасар, Қостанай, Павлодар, Семейді алды. Торғай облысының көп белігі ақ гвардияшылардың қолына көшті. Сөйтіп, Сібірде адмирал А. Колчак бастаған Бүкілресейлік Уақытша Сібір үкіметі орнады. 1919 ж. көктемде оның армиясында 130 мың солдат пен офицер болды. Осындай жағдайда Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің 1918 ж. 29 мамырдағы Декреті бойынша Қызыл Армияны еріктілерден жасақтау тәртібін жалпыға бірдей әскери міндетпен ауыстырды. 1918 ж. жазда ұлттық әскер құрылымдары жасақтала бастады. Қазақ, мұсылман, дүнген, ұйғыр әскери бөлімдері құрылды. Азамат соғысына Қазақстан еңбекшілерімен бірге венгрлер, чехтар, немістер, поляктар және басқа халықтардың өкілдері де қатысты. Кейбір деректерге қарағанда 1918 ж. қаңтарынан бастап 1919 ж. желтоқсанына дейін Орта Азия мен Қазақ өлкесінде 20 ұлттық әскери бөлім жасақталған. Азамат соғысы барысында елде «ақтар» мен «қызылдар» тарапынан бейбіт халыққа жасалған террор көбейді. Азамат соғысы барысында Қазақ өлкесі жалпыресейлік соғыс майдандарының әскери қимылдарының сахнасына айналды. Қазақжерінде Шығыс, Түркістан, Орал майдандары және жергілікті жерлердегі Ақтөбе мен Жетісу майдандары ашылды. 1919 ж. жазда адмирал А.В. Колчактың Шығыс майданындағы негізгі күштері жеңілді. Бұл жағдай Батыс, Солтүстік, Шығыс Қазақстан және
Жетісуда қызылдардың үстемдігін орнатуға жағдай жасады. Жыл соңына
қарай өлкенің негізгі аудандары Қызыл Армияның бақылауына алынды.
1920 жылы наурызда Қазақ жеріндегі соңғы Солтүстік Жетісу майданы жой-
ылды. Билікке таластан туған Азамат соғысының нәтижесінде, тарихи де-
ректерге қарағанда, 8 млн. адам құрбан болды.
Екі оттың (Кеңестер мен ақтар) ортасында қалған Қазақстан мен Татарстан және Башкұртстан ұлттык-демократиялық қозғалысының көсемдері 1919 ж. басынан бастап Кеңес өкіметі жағына амалсыз өту туралы шешімге келді. Ол туралы башкұрт ұлттық-демократиялық қозғалысының басшысы, кейін көрнекті шығыстанушы-ғалым атанған Зәки Валиди Тоған былай дейді: «...1919 ж. акпанның басында, бізгe Қазақстаннан екі өкіл келіп, Ахмет Байтурсыновтан хат алып келді және Кеңестер жағына өтумен байланысты ic қалай болып жатқаны жайында келіссөз жүргізді. Мен А.Байтурсынов пен Ә.Бөкейхановқа хат жаздым: «Жақын күндер1 кеңестер жағына өтпекпіз. Сіздер олардың жағына өту амалсыз шара екенін білуге тиіссіздер. Оған бізді Колчакка деген шексіз өшпенділік итермелеп отыр. Біз өзіміздің ұлттық принциптерімізге, Алашорда үкіметімен келісімдерімізге адал күйімізде қаламыз. Өздеріңіз білісіздер, Кеңестермен бейбіт келісімге қол жеткізуге сенім жоқ, олардың айтқан сөзіне сенуге болмайды»,-дейді.
Алашорда көсемдерінің амалсыз Кеңес өкіметі жағына шығу қажеттігі жөнінде Зәки Валидимен ниеттес болғаны айқын байқалады. Ұлттық қозғалыс көсемдері трагедиясының мәні, басқа түскен қос ауыртпалықтың қайсысының қacipeтi аздау көрінгенін амалсыз таңдауында жатыр.
4. Қазан төңкерісінен кейін Қазақ өлкесінде Кеңес үкіметінің декреттері жедел қарқынмен жүзеге асырылып, 300-ден астам ірі өнеркәсіп орындары, банктер, көлік жүйелері мемлекет меншігіне алынды. Азамат соғысының барысында Кеңес үкіметі барлық материалдық ресурстарды жұмылдыру мен оларды үнемдеу үшін төтенше шаралар енгізіп, ол «әскери коммунизм» саясаты деп аталды. Ең алдымен, бұл азық-түлік мәселесіне қатысты қолданылды. Мұнда азық-түліктің «артығын» алу, өлшемді, орталықтанған жүйе арқылы нанмен қамтамасыз ету көзделді. Халық Комиссарлар Кеңесі 1919 ж. 11 қаңтарда азық-түлік салғырты туралы декретті қабылдады. Еңбек ету міндеткерлігі де енгізілді. «Әскери коммунизм» саясаты бойынша нарықтық, тауар-ақша қатынасын жойып, материалдық ынтаны экономикадан тыс, директивалық әдістермен ауыстыру, барлық экономика саласына қатаң мемлекеттік бақылау, теңдік идеясын іске асыру үшін теңгермешілік орнату көзделді. Азамат соғысының алдында Кеңес үкіметінің алғашқы күндерінен бастап, бұрынғы басқару органдары жойылып, жаңа билік жүйесі құрыла бастады. Кеңес Үкіметінің жағдайында 1918 ж. 11 мамырда РКФСР-дың Ұлт мәселесі жөніндегі халық комиссариаты жанынан Қазақ бөлімі құрылды.
Ал, 1919 ж. 10 шілдеде «Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық
комитет туралы уақытша ереже» қабылданды. Оның құрамына С. Пестков-
ский (төраға), А. Байтурсынов, Б. Қаратаев, Ә. Жангелдин сынды белгілі
қайраткерлер енгізілді. Декрет бойынша, Қазревком өлкені басқаруда
«жоғары әскери азаматтық» орган болды. Оған Орал, Торғай, Ақмола, Се-
мей облыстары және Астрахан губерниясындағы қазақ жерлері қарады.
Бірақ Ақмола мен Семей облыстары іс жүзінде 1921 жылдың бірінші жарты-
сына дейін Сібір ревкомының қол астында болды. Қазревкомның негізгі міндеті өлкеде кеңестік автономия қуру мәселесі еді. 1920 жылы 26 тамызда РКФСР Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің төрағасы М.И. Калинин мен Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В.И. Ленин қол қойған РКФСР құрамындағы «Қазақ Кеңестік Автономиялық Социалистік Республикасын құру туралы» декрет қабылдады. Астанасы Орынбор қаласы болып белгіленді. 1920 ж. 4-12 қазанда Орынбор қаласында өткен Қазақ өлкесіндегі Кеңестердің Құрылтай съезі Қазақ КАСР-сы еңбекшілері құқықтарының Декларациясын қабылдады. Онда Қазақ АКСР-ның құрылуы бекітілді. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы болып Сейітқали Меңдешов, Халық Комиссарлар Кеңесінің терағасы болып В. Радус-Зенкович сайланды.
I-дүниежүзілік соғыс, 1916 ж. көтеріліс, 1917 ж. төңкерістер, Азамат соғысы елді біржола күйзелтіп, дағдарысқа әкеліп тіреді. Қазақ өлкесіндегі мемлекет меншігіне алынған 307 кәсіпорынның 250-і қиратылды немесе жұмыс істемей тұрды. Ауыл шаруашылығы да қатты күйзеліске ұшырады. Егістік көлемі 2 млн. десятинаға, астықтың көлемі үш есеге қысқарып, мал басы 10,8 млн.-ға азайды. Осындай жағдайға қарамастан елде азық-түлік салғырты жүргізіле берді. Партия және Кеңес органдары күштеу әдістерін қолдану арқылы нан, ет, ауыл шаруашылық шикізатын жинауды тоқтатпады. Мұның бәрі халықтың ашу-ызасын туғызды. 1920-1921 ж.ж. Кеңес үкіметінің саясатына наразылық білдіру ашық бас көтеруге ұласты. Халық наразылықтары Семей облысын, Қостанай, Ақмола, Петропавл, Көкшетау уездерін қамтыды. 1921 ж. 8-16 наурызда РКП(б) X съезі өтіп, онда жаңа экономикалық саясатқа (ЖЭС) көшу туралы шешім қабылданды. ЖЭС-тің мәні: азық-түлік салғырты азық-түлік салығымен ауыстырылып, еңбек міндеткерлігі жойылды; сауда жасауға, жерді жалға алу, жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат етілді; кооперация мен шаруашылық есепке еркіндік берілді. Алайда 1921 ж. жазында Қазақ өлкесінің солтүстік батыс аудандарында құрғақшылық басталды. Сол себепті Орынбор, Орал, Ақтөбе, Қостанай облыстарындағы егістік қурап кетті. Республика бойынша 2,3 млн. адам аштыққа ұшырады. 1922 ж. Қазақстан халқының саны 1914 ж.
салыстырғанда 1 млн. адамға кеміді. Жаңа экономикалық саясат өз нәтижесін тек 20 ж.ж. ортасына қарай ғана бере бастады. 1925 ж. халық шаруашылығы негізінен қалпына келтірілді. Өнеркәсіп өнімін өндіру өсті, өнеркәсіптердің 60%-ы іске қосылып, көлік қатынасы қалпына келтіріле бастады. Eric көлемі 3 млн. гектарға жетіп, астық өнімін жинау соғысқа дейінгі деңгейдегі қалпына келді. 1921-1922 ж.ж. Қазақ өлкесінде жер-су реформасы жүргізілді. Бұл
реформаның мақсаты - Орал, Сібір казак әскерлеріне патша үкіметі тартып
әперген Ертіс бойы, Орал өзенінің сол жағалауы, сондай-ақ Жетісу мен Қазақ
өлкесінің оңтүстігінде тартып алынған қазақ жерлерін шаруаларға қайтару
еді. Жер-су реформасының нәтижесінде барлығы 1 млн. 385 мың десятина
жер қазақ шаруаларына қайтарылды.
5.Патша үкіметінің өлкеде жүргізген отарлау саясатының салдарынан
Қазақ жері әртүрлі әкімшілік аумақтарға бөлініп, тұтастығынан айырылған
еді. Қазақ АКСР-ның құрылуы қазақ жерлерін қайта біріктіруді қажет етті.
1921 ж. Батыс Сібірде, Қазақ өлкесінің солтүстігі мен батыс бөлігіндегі
жерлерді межелеу саясаты жүргізіле бастады. 1924 ж. 27 қазанда КСРО-ның OAK сессиясында өзбек ССР-ін (құрамына Тәжік АКСР-і енді); Түрікмен АКСР-ін, РКСФР кұрамындағы Қара қырғыз автономиялық облысын, Қазақ
АКСР -ін (құрамына Қарақалпақ автономиялық облысы енді) құру туралы
шешім қабылданды. Ұлттық-территориялық межелеу саясатының нәтижесінде Қазақ АКСР-ның қурамына Қазалы, Ақмешіт, Түркістан, Шымкент уездері және Әулиеата уезінің көп бөлігі, Сырдария облысының Ташкент және Мырзашөл уездерінің бөліктері, Самарқан облысының Жизақ уезіндегі алты көшпелі болыс қосылды. Жетісу облысына Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал уездері, Пішпек уезіне Қарақоныс, Шу, Георгиевка болыстары енді. Қорыта келгенде, Қаз АКСР-нің территориясы 700 мың шаршы км-ге артып, жалпы 2,7 млн. шаршы км-і құрады. Халқының саны 1468 мың адамға өсіп, жалпы 5230 мың адамға жетті. 1926 ж. халық санағы бойынша, қазақтар Қазақ АКСР халқының 61,3%-ын құрады. 1925 ж. республиканың астанасы Орынбордан Ақмешітке көшіріліп, оған Кеңес үкіметінің идеологиялық талаптарына сәйкес келетін Қызылорда деген атау берілді. Сол жылы Қазақ АКСР-і Кеңестері V съезінің усынуы бойынша КСРО-ның БОАК-і республиканың дұрыс атын қалпына келтіру, яғни «Қазақ» деп атау туралы шешім қабылдады. 1928 жылы Қазақстанда губернияларға, уездерге, болыстарға бөлу жүйесі жойылып, жаңа әкімшілік бірлік - округтар мен аудандарға бөлу жүйесі енгізілді. Кеңестік Қазақстанда мемлекеттік идеология мен мәдениет құры- лысына үлкен мән берілді. Сауатсыздықты жою, мектептер мен арнайы орта оқу орындарын ашу, газет-журнал шығару, кітап басуды ұйымдастыру халықтың санасына маркстік-лениндік идеологияны сіңірумен ұштастырыла қолға алынып, мәдениетке таптық, партиялық көзқарас ұлықталды. Социалистік құрылыстың идеясы мен практикасын қабылдамайтындарды қуғындау мемлекеттік саясаттың мәнді белгісіне айналды. 1925 ж. Қазақстан партия ұйымы басшылығына Ф.И. Голощекиннің келуімен Кеңестер Одағы бойынша Сталиннің шектеусіз жеке билігін орнату үдерісін тереңдеткен қадам жасалды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет