Дәріс. Биогеоценология. Ұғымдары


Демэкология - қайсы бір түрлердің жеке топтарының құрылымын және қозғалыстарын зерттейді. Көбею (популяция)



бет4/5
Дата21.09.2022
өлшемі23.52 Kb.
#461061
1   2   3   4   5
3лекцЭиУР2022каз

Демэкология - қайсы бір түрлердің жеке топтарының құрылымын және қозғалыстарын зерттейді. Көбею (популяция) дегеніміз - бір аймақта тұратын, өз арасында арекеттесетін (еркін будандасатын) түрдің жеке өкілдерінің жиынтығы.
Көбеюлердің сипаттары . Көбеюлердің демографиялық көрсеткіштері
Көбеюлердің негізгі сипаттары (демографиялық көрсеткіштері):
1) төлдеу; 2) өлім-жітім; 3) мақлұқаттардың молшылығы (біркелкі көбеюге жататын мақлұқаттардың саны); 4) тығыздық - белгілі аудандағы мақлұқаттардың саны немесе жалпы салмағы (г/м2); 5) биотикалық потенциал - жеке мақлұқаттардың шамасы; 6) таралып қоныстану жылдамдығы және т.б..
Төлдеу - уақыттың белгілі бірлігі бойынша көбейген жаңа өкілдердің саны. Көбеюдің тіршілігі жайлы жағдайда өткенде төлдеуі өседі, ең жоғарғы мәніне (максимумға шейін) жетеді. Ең жоғарғы төлдеудің мөлшері тек көбеюдегі ұрғашылардың санымен және олардың кемшіліксіз жағдайдағы жуашықтарды (хайуанаттардың балаларын) белгілі санымен туу қабілетімен анықталады. Негізі төлдеу нақты экологиялық жағдайларға сай болады және ең жоғарғыдан төмен, нақты (фактическая) немесе экологиялық төлдеу деп аталады.
Экологиялық төлдеу - өмір сүру қалыптасқан жағдайында көбеюдің жалпы шамасын байқатады. Мысалы, жетілген ұрғашы треска-балық миллиондаған уылдырықтар шашады, бірақ кемеліне орташа шамамен тек екеуі ғана жетеді. Көбеюдін азаю жылдамдығын өлім-жітім саны көрсетеді. Өлім-жітім дегеніміз белгілі уақытта өлген мақлұқаттардың саны. Кемшіліксіз жағдайда тек жасына келген мақлұқаттар өлсе, осындай шартағы өлім-жітімді ең төменгі өлім-жітім дейді.
Көбеюлердің қозғалысы (динамика популяций) дегеніміз - белгілі уақыт бойынша олардың негізігі биологиялық сипаттамаларының өзгеру үрдістері: саны, биологиялық көлемі және көбею құрылымдары.
Өкілдердің барынша үлкен санға жетуіне мүмкіндік бермейтін физикалық және биологиялық шарттардың қосындысы – ортаның қарсылығы (сопротивление среды) деп аталады.
Жер бетінде кең таралған, әртүрлі ауа райы жағдайында өмір сүретін көбеюлері бар түрлер аймақ сипатын көрсететін шарттарға ең қолайлы түрде бейімделген болады. Бұл құбылысты көндіктіру (акклиматизация) деп атайды.
Биосфераның кең аймақтарда физикалық, химиялық және биологиялық құбылыстардың орташа мәнін қамтамасыз етуге ұмтылу заңын Чижевскийдың үлес орнын толтыру (квантитативной компенсации) заңы деп айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет