Дәріс. Биогеоценология. Ұғымдары


Барлық биотикалық байланыстарды алты топқа бөлуге болады: 1) Бірде бір көбею басқа көбеюге әсер етпейді [00] – бейтараптылық (нейтрализм)



бет5/5
Дата21.09.2022
өлшемі23.52 Kb.
#461061
1   2   3   4   5
3лекцЭиУР2022каз

3.6 Барлық биотикалық байланыстарды алты топқа бөлуге болады:
1) Бірде бір көбею басқа көбеюге әсер етпейді [00] – бейтараптылық (нейтрализм).
2) Бір түрі басылыңқы, басқа түрі пайда таппайды [-0] – аменсализм (қысылып құтаю). Мысалы, жарықты жақсы көретін шөптер шыршаның көлеңкесінде қалғандықтан қатты қиналады.
3) Бір түр пайда көреді, басқасы ештеңе сезбейді – комменсализм (арамтіршілік).Мысалы, ірі сүтқоректілер (ит, бұғы) тікенектер араласқан тұқымды зиян да, пайда да көрмей тасып жүреді.
а) «Жатып ішерлік» («нахлебничество») [-0] – иесінен кейін қалған қоректі пайдалану. Мысалы, арыстан түгесе жеп тауса алмаған қалдықтармен тамақтанатын қорқау қасқырдың арақатынастары.
б) «Дастарқандастық» («сотрапезничество») [-0] – бір тамақтың әртүрлі бөліктерін немесе заттарын пайдалану. Мысалы, шіріп кеткен өсімдіктер қалдықтардындағы ағзалық заттарын өндейтін топырақтық сапрофит-бактериялармен бірге пайда болған минералдық тұздармен қоректенетін жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің арақатынасын айтамыз.
в) «Ортақ мекеншілдік» («квартирантство») [-0] – Осы түрдегі арақатынас өсімдіктерде жиі кездеседі – мысал ретінде ағаштардың дініне және бұтақтарына жармасып шығатын шырмауықты еске алсақ болады.
4) Өзара тиімді пайдалы қатынастар [++] – селбестік (симбиоз) – екі түрге де тиімді, ағзаларға пайда түсіретін арақатынастар.
а) «Протокооперация» («алғашқы бірлік») [++], басқаша айтқанда, алдын ала ынтымақтасу. Осы түрде бір қатар тұрғаннан екі жаққа да пайда түседі, бірақ міндет ретінде керек емес, олсыз да өмір сүре алады. Алғашқы бірігудің мысалдары – ара жайлымдың өсімдіктерді тозаңдандырғаны, құмырсқа ормандың кейбір өсімдіктердің тұқымың таратқаны.
б) «Мутализм» («қосқұтаю») [++] – алғашқыдан да тығыз пайдалы арақатынасу. Мұндай жағдайда әр түрдін болуы міндетті түрде қажет.
5) Ара қатынастары екі жаққа да зиян [--] «бәсеке» («конкуренция»).
Түрінің ішкі бәсеке (внутривидовая конкуренция) [--] дегені – бір түрдің өкілдерінің арасында бір қор үшін болған күресті айтады.
6) Бір түрі пайда табады, басқа түрі басылыңқы – арамтамақтық, жыртқыштық (паразитизм, хишничество) [+-].
А) Жыртқыштық [+-] – ағзалардың арақатынастарының жиі кездесетін түрі. Бір түрінің өкілдері басқа түрінің өкілдерін өлтіріп жейді.
Б) Арамтамақтық [+-] дегені – бір түрінің өкілдері (арамқорек-паразит) басқа түрінің өкілдерінің қоректеу заттектерді немесе олардың тінді (ұлпаны) пайдалану арқылы өмір сүрудегі биотикалық қатынастарды айтады. Арамқоректі оның тіршілігін қамтамасыз ететін иесін жүдетеді, әлсіретеді, баяу құртады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет