Дәріс Бизнес түсінігі және мәні


Дәріс 10. Кәсіпкерлік мүмкіндіктерді бағалау



бет14/22
Дата03.02.2024
өлшемі160.97 Kb.
#490723
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22
Лекция ЭжБ толық

Дәріс 10. Кәсіпкерлік мүмкіндіктерді бағалау
Кәсіпкерлік дегеніміз – жеке және заңды тұлғалардың, тұтынушылардың қажеттілігін қаражаттандыру және пайда табу мақсатында атқаратын қызметін айтамыз.
Меншікке экономикалық және заңдық категория ретінде ғылыми тұрғыдан талдау жасау кәсіпкерлікті рыноктық шаруашылықтың ажырамас элементі екендігін дәлелдеп отыр. Жалпы кәсіпкерліктің тарихы талай ғасырларды қамтиды, дегенмен қазіргі түсініктің орын алуы капитализмнің қалыптасу және даму кезеңіне сай келеді.
Буржуазиялық саяси экономияда “кәсіпкерлік” түсінігі XVIII ғасырда пайда болды да, “меншік иесі” деген түсінікпен қатар орын алады. Мысалы, А. Смит кәсіпкерді өзінің коммерциялық идеясын өткізіп, пайда табу мақсатымен экономикалық тәуекелге бас ұрған меншік иесі деп сипаттады. Ол өндірісті өзі ұйымдастырады, оның нәтижесіне иелік етеді. Алайда, меншік иесі мен кәсіпкердің бірігуі несиенің пайда болуымен өзгереді. Кез келген коммерциялық банк айналысқа жіберген бүкіл капиталға иелік ете алмайды. Меншік иесінің үлесі тек құрылу қорына (уставной фонд) ғана таралады, ал оның көлемі салыстырмалы алғанда шағын, әрі шектеулі.
Несиенің дамуы мен байланысты капитал иесінің қызмет етуші капиталдан бөлінуі орын алды, ол кезегінде кәсіпкерлікке ірі қозғалыс берді. Сондықтан XVIII ғасырдың аяғы XIX ғасырдың басында өмір сүрген әйгілі француз экономисі Ж.Б.Сэй кәсіпкерлікті А.Смитпен салыстырғанда кеңінен сипаттады. Кәсіпкерлікке шаруашылық тиімділігін қамтамасыз ету мақсатымен өндіріс факторларын байланыстырушы экономикалық агент ретінде анықтама берді. К.Маркс те меншік иесі мен кәсіпкерлік арасында тікелей ұқсастық айтқан жоқ, алайда соңғысын меншік иесінің қызметі ретінде қарастырды.
Әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде кәсіпкерлік күптеген қоғамдық қатынастарды қамтиды. Мұның айталық, заң-құқықтық, психологиялық, тарихи жақтары бар. Бірақ кәсіпкерліктің тамыры адам қызметінің экономикалық жағдайларында жатыр.
2.1. Мемлекетсіздендіру жүйесі және жекешелендіру бағыттары.
Кәсіпкерлік дамуының дәрежесі жетілген немесе жетілдірілмеген болуы мүмкін. Кәсіпкерлік қызмет нарықтан шығады, ол нарық қатынастарының сипаты мен көлеміне байланысты. Кәсіпкерлікті өркендетудің жағдайларын жасауда бәсекенің орны ерекше. Кәсіпкер үшін шаруашылықты жүргізу-бәсекеге түсу, өндірісті ұйымдастыра отырып ол бәсекелік күреске әзір болуы, нарықтың қоғамдық қажеттілікке сай келмейтінінің “артығын” қиып түсетініне әзір болуы керек. Кез келген меншік түрі (соның, ішінде мемлекеттік те) прогресс жолына шыға алады. Сонымен қатар кез келген меншік түрі (соның ішінде жеке меншік те) прогрестің күшті стимулы болады, егер ол жасампаз бәсекеге жол ашса.
Күшті нарыктық экономикасы бар елдер тәжірибесі көрсеткеніндей, еркін бәсеке жүйесін реттелетін экономика деуге болады. Ол мемлекетсіз жұмыс істей алмайды, өйткені мемлекет ақша ұсынысын ұйымдастырады, ұжымдық кажеттіліктің бөлігі ретінде өтемдер береді, нарықтық мінездердің тиімсіз жақтарын тежеп, жібермейді.
Нарықтык экономика үш түрлі күрделі “ауруға”- бірден қарсы тұра алмайды-монополизмге, инфляцияға және іскерлік белсенділіктің төмендеуіне. өзінің ішкі резервтері арқылы оларға қарсы тұруы қиын. Егер мемлекет бұған араласпаса, аурулар асқынып, біраз экономикалық және әлеуметтік зиян келтіреді. Кейнсшіл теоретиктер өздерінің саяси ұсыныстарында инфляцияиың зардаптарына тиісінше көңіл бөлмегенінен 70-ші жылдардағы инфляцияны күшейтті, ал нарықтық жүйенің бұған күш-қуаттары жетпеді. Ол үшін мемлекеттік реттеуді реформалау, 80-жылдардағы консерваторлардың күшті “дәрілері” қажет болды.
Қазіргі нарықтық шаруашылық монополияға, инфляцияға қарсы реттеу шараларынсыз, өндірістің ұзақ құлдырауын тоқтататын кысқа мерзімді саясатынсыз мүмкін емес. Мемлекеттің нарықтық экономикаға араласуының басты белгілері осындай. Бұл шеңбер рыноктық механизм мен мемлекеттік реттеудің қисынды симбиозына, қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуіне жеткілікті.
Егер мемлекет ақшаны нарықтық экономика жібергенінен артық шығарса, онда ол қандайда ізгілікті мұраттарды басшылыққа алса да, рыноктік процестердің бұзылуына, өндірістің тиімділігінің төмендеуіне әкеледі.
Ерте ме, кеш пе экономиканың мемлекетсізденуі, оның мемлекеттік белсенді араласуынан шығуын қажет етеді. Мемлекетсіздендіру жүйесі кемінде төрт компоненттен тұрады:
— шаруашылықты басқаруды бюрократтандырудан құтқару, мемлекеттік кәсіпкерлік қызметті шектеу, жеке капиталды ынталандыру, экономиканы реттеуді тарылту (мемлекеттік). Мұндай жүйенің қажеттілігін есепке алу мынадай қорытындыға әкеледі: жекешелендіруді, мемлекетсіздендіруді жай бір ісі деп қарап, оны шаралардың барлық жүйесінен бөлек жүргізу (кешіктіріп ия ерте) шаруашылық құрылымды түбірлі өзгертудің тиімді құралы бола алмайды.
Бұл жағдайда жекешелендірудің теориялық анықтамасын берудің маңызы зор. Жекешелендіру—объектілерді, белгілі қызмет түрлерін мемлекет қолынан алып жеке меншікке беру. Кең мағынада бұл түсінікке кейбір артықшылықтарды немесе монополды құқықты, нарықтың белгілі сигментін “жаулап” алу, немесе жаңа, мемлекеттіктен басқа қызметпен тауарларды ұсыну түрлетін жекелендіру кіреді.
70-80 жылдарда жекешелендіру бүкіл әлемдік құбылысқа айналды. 80-жылдың аяғында дүние жүзінің 80 елі -Латын және Солтүстік Америка мемлекеттерінен Оңтүстік Корея, Филиппин, Малайзияға дейін мемлекеттік секторды қысқарту бағдарламасын қабылдады. Мұнда ¦лыбритания елінің мысалы айтарлықтай. 1979 жылы М. Тэтчер үкіметі жекешелендіруді экономикалық саясаттың басты мәселесі деп есептеді. Нәтижесінде өткен онжылдықта жеке капиталға экономиканың мемлекеттік секторынан 29 ірі кәсіпорыны берілді, ол шаруашылық жұмысының көрсеткіштеріне игі әсер етті. Мысалы, “Бритиш стил” мемлекеттік бола отырып жылына 1 млн. стерлинг шығынға ұшырады, ал денационализациаланғаннан кейін, яғни мемлекет иелігінен шыққаннан соң тұрақты пайда келтіреді. Бірақ Англия жекешелендіруде біраз жетістіктерге жеткенмен, ол техникалық және экономикалық қиындықтарға кездесті.
Біздің жағдайымызда жетекшелендірудің ерекшелігі меншіктің мемлекет қолында жоғары шоғырландырумен, кәсіпкерлік дәстүрмен сипатталады. Мұндай ерекшеліктер жекешелендіруді жүргізудің қосымша шаралармен де байланысты (субординацияны сақтау және т. б.).
Национализациялануға қарағанда жекешелендіру процесі бір сатылы акты емес, яғни оны тез жүргізуге болмайды. Кәсіпорынды сату-меншік иесін ауыстырудың құқықтық жақтарын анықтайтын бірінші саты. Ол тағыда кемінде екі сатыдан тұруы керек: меншік иесінің кұқығын нақты жүзеге асырудың шын жағдайларын жасау (саяси, экономикалық, әлеуметтік, праволық нормаларын) және ең соңында, меншік иелерімен басқарушылар арасында коммерциялық жұмыстардан басқа меншік иелеріне беру жөнінде еңбек бөлінісінің болуы. Әрине бұл ұзақ сипаттағы процесс. Мұны мемлекетте жүргізуі мүмкін, бірақ одан кейінгі қарқыны әртүрлі — орындаушылар мен әрекет етушілерге байланысты және олардан басқа объективтік факторлерге де қатысты болады.
Жекешелендірудің түрі көп, әрбір ел өзінің қайталанбас жекешелендіру жолын қалыптастырады. Алайда ерекшеліктерінің көптігіне қарамастан, жекешелендіру концепциясының әзірлігінде төмендегідей талаптарды ескерген жөн. Ең басты — меншіктің, құқықтың және оған нақты билік жүргізудің кұқықтығын ретке келтіру керек. Одан басқалары — өтпелі кезеңді нарықтық шаруашылық өлшемдері бойынша жұмыс істеуге ынталандыруды пайдалану, жекелендіру кезінде көзбояушылыққа жол бермеу; ішкі нарықтың капитал сіңімділігінің проблемасын дұрыс шешу; халықты жекешелендіруге қызықтыру жағдайларын жасау, оны үнемі сақтау; халықты әлеуметтік жағынан қорғау, әсіресе аз табыс алатындарды; жекешелендіруден түскен түсімдерді әлсіз кәсіпорындарға бермеу керек. Жекешелендірудің кестесі мынадай.
Ешбір елде жекешелендірудің ойдағыдай керемет тәсілі жоқ. Әрбір елдің тәжірибесі оның оңды және теріс жақтарын көрсетеді. Көптеген жағдайларда бұл процесс сол елдегі қалыптасқан нақты тарихи және әлеуметтік мәдени ортамен анықталады; қоғамдағы тұрақтылықтың, дәрежесімен, праволық реттеу жүйесі және оның тиімдігінен, экономикалық дамудың жағдайымен, дамыған қаржы мен банк жүйесінің болуымен, әлеуметтік құрылымдағы орта топтың үлесімен, халықтың психологиясына байланысты.
Алайда алғашқы жақсылық қадамдарға қарамастан жекешелендіру шеңбері шектелген. Мемлекеттік мүліктің үлкен бөлігін қысқа мерзімде қиналыссыз сатып жібереміз деп ойлау қате. Мұндағы ең басты кедергі қажетті капиталдың аздығы және жұмыссыздықтың жоғары дәрежесінен туындайтын теріс әлеуметтік зардаптар. Бір сападан екені сапаға ауысу — теріс зардаптарсыз және әдеттен тыс шараларсыз мүмкін емес.
Жекешелендіруді кең шеңберде тиімді және кезеңдермен өткізу үшін жоғарыдағы аталған шарттарды орындау, әсіресе көптеген инвесторларды тауып, саяси және әлеуметтік келісім және мемлекет тарапынан тұрақты, ауқымды бақылау арқылы жүргізуге болады (пара берумен, коррупция, мафиямен күрес).
Әр түрлі елдердің тәжірибесі көрсеткеніндсй, жоғарыда аталған шарттардың тек біреуін ғана елемеу, жекешелендіруді нәтижесін және қарқының төмендетеді. Бұл процесті асығып және қалай болса солай жүргізу, жергілікті жерде ескі экономикалық жүйені жаңасын жасамай қирату-әлеуметтік қауіпке әкеледі. Сондықтан қиратудың алдында үш түрлі кәсіпорындарды анықтау керек. Біріншілері — сатуға ұлықсат етілгенін, сатуға болатынын, екіншісі — жалпы ұлттық проблемаларды шешу үшін экономикалық қажетті кәсіпорындарды мемлекет қолында қалдыру, үшіншісі—жабылауға жататын кәсіпорындар. Рентабельді емес кәсіпорындарды жою, әрине ондағы істейтіндерге айтарлықтай қиындықтар келтіреді. Реформаны жүзеге асыру барысында жұмыссыз қалғандар оған қарсы болатыны түсінікті.
Республикада мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің II кезеңінде осы және тағы басқа кемшіліктер қайталанбас үшін біраз өзгерістер енгізілді. Ең бастысы бұған бүкіл халықты кеңінен қатыстыру, жариялылықты күшейту, үкімет пен мемлекет тарапынан бақылау жүргізіледі. Жекешелендіруге тұрғын-үй купондарын барынша қатыстырып, инвестициялық қорлар құрып, жекешелендіруден түскен қаржының 10—15 процентін халықтың материалдық жағдайы нашар топтарына бағыттау көзделген.
Жекелендірудің 2000- 2002 жылдарға арналған 2 кезеңінің ұлттық бағдарламасында мұны үш бағытта жүргізу белгіленген:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет